Коучинг сабағының тақырыбы: Оқыту және оқу үшін бағалау

62

Тәлімгерлер апталығында Ұ.Санатбаеваның өткізген коучинг сабағы

Коучинг сабағының тақырыбы: Оқыту және оқу үшін бағалау
Оқытудың мақсаты: Бағдарламаның жалпы мақсаты туралы түсінік аясын кеңіте отырып,  оқыту үшін бағалау мен оқу үшін бағалауды түсіндіру , аталған модуль арқылы мұғалімнің кәсіби білімін арттыру, сол арқылы оқушының сабаққа құлшынысын ояту ,ұжым ішіндегі ынтымақтастықты арттыру
Оқытудың нәтижесі: Бағалаудың түрлерімен танысады,сабақтарында пайдалануға  үйренеді
Уақыты Тренердің іс-әрекеті: Мұғалімнің іс-әрекеті: Қажетті ресурстар
10.20-10.30 1.Ұйымдастыру бөлімі.    

а) топқа бөліну.Барлық мұғалімдер ортаға шығады,бір-бірінің қолынан ұстайды,бір-біріне күліп тұрып жақсы тілектер айтады,содан соң бойларының ұзындығы бойынша,туған күндерінің датасы бойынша, шаштарының ұзындығы бойынша,енді үнсіз ғана аттарының бас әріптері бойынша алфавиттік реттік бойынша бір қатарға тұрады.Сосын 1 ден 12- ге дейін саналамыз,тақ сандар бір топқа ,жұп сандар бір топқа отырамыз.

 

 

 

Топқа бөлінуге арналған ойынға қызығушылықпен қатысады

 

10.30-10.40

 

2.Коучинг тақырыбы «Оқыту мен оқуды бағалау» қысқаша түсінік беру

 

 

 

Мұқият тыңдайды,сұрақтар қояды

 

 

Үлестірмелі материалдар

10.40-11.00

 

 

 

 

 

11.00-11.05

Постер қорғау.Тақырыбы:

1.Мінсіз 45 минут

2.Жүйесіз 45 минут

 

Бағалау.»Екі жұлдыз ,бір тілек»

3.Сергіту сәті

Гиппопатам

 

45 минуттың мінсіз және жүйесіз бейнесін флипчартқа түсіреді.Оны жүйелі түрде қорғап шығады.Қарсы топтың сұрақтарына жауап береді.

 

Екі жұлдыз ,бір тілекпен бағалайды

Мұғалімдер экраннан  көргендерін қайталап билейді

Флипчарт ,маркер

 

 

 

 

 

АКТ

11.05-11.15 10 қабатты үйдің макетін жасап,критериалды бағалау

 

10 қабатты мектептің макетін газеттен жасайды, суреттейді,сапасына,дизайнына ,эстетикалық талғамға сай етіп жасайды. 2 топ бір-бірін кесте бойынша критериалды бағалайды Газет,маркер, қайшы,клей
11.15-11.20 Видеоролик «Тәлімгер және тәлім алушы»

 

Видеороликті қарайды,не түсінгендерін айтып, талқыға салады Бейнежазба
11.20-11.25 Қорытындылау.

Кері байланыс «Бағдаршам»

 

 

 

Бағдаршамның түстері арқылы бүгінгі коучингті бағалайды

 

 

Бағдаршам