Оқытудағы кедергілер және одан шығу жолдары

260

Коучинг сабақтың тақырыбы Оқытудағы кедергілер және одан шығу жолдары
1 Жалпы  мақсаты Оқытудағы бөгет болатын факторларды айқындау, теріс әсер ететін факторларды қарастыру,оларды жою жолдарын анықтау
2. Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері §  Мұғалімдер оқуда болатын кедергілерді анықтайды кедергіні жою жолдарын таба алады оны тәжірибелерінде қолданады.

§  Білім берудің қажетті ауқымын стандартты жетілдірумен  шектемей, одан әрі кеңейтеді

§  Оқушыларды оқу үрдісіне тартып, бағыттап бағдар бере алады

 

 

3 Негізгі идеялар §  «Оқытудағы кедергілер» деген  түсінікті біліп, сол кедергілерді  жою  қадамдарын  жасай алады.

§  Кәсіби білім біліктіліктері өседі, шыңдалады

§  Оқыту мен оқу туралы жаңа идеялар тауып

жұмыстанады

4.  Тапсырмалар 1. 1.»Табыс қоржыны» жатығуы (5 мин)

4. Миға шабул   5 мин

5. Топтық  жұмыс №1.(10 мин)

А) Постермен жұмыс

Б) Топтар жұмыстарын ауыстырып оны толықтырады.

В) Жазған жұмыстарын қорғау 5  минуттан

Г) Қосымша мәліметтер

Рефлексия және кері байланыс

Жаттығу «Кездескенше»

5. Дерек көздер Интернет . сайттар, МАН.

 

 

Өту барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Кіріспе сөз.

Қайырлы күн! Мен бүгін сіздерді  «Білім сапасын арттырудағы кедергілер мен одан шығу жолдары »   тақырыбындағы   семинарда көріп отырғаныма қуаныштымын.

Оқытудағы бөгет болатын факторларды айқындап, оларды жою жолдары туралы ой бөлісетін боламыз.

1.»Табыс қоржыны» жатығуы (5 мин)

Мақсаты: табысқа қол жеткізу уәждемесін қалыптастыру.

Жаттығу барысы. Жүргізушінің сөзі: Әр мақсатқа жету қажет, бірақ жетер жол әрқашан оңай болмайды. Егер сіз мына сиқырлы  қоржынға жетсеңіз -тілегіңіз орындалады.

Топ бір-біріне қарама -қарсы екі қатарға тұрады. Қырындағы көршілерімен иықтаса, қарсысындағылармен-15 см арақашықтықта тұрады.

Топтың мақсаты:

-қол, дене арқылы кедергі тудыру;

-Бірақ осы адамның шамасына қарай, адам қалайда өте алатындай болу керек.

«-Жоқ! Жоқ!» деп хормен айтады.

Қатысушының міндеті:

-қатардағылардың арасымен өтіп кету;

келе жатып: «Иә! Иә»» деп жүреді және өз мақсатын салтанатпен алады.

Қуаныштан секіруі мүмкін.

Топ арасымен барлығы өтуі тиіс.

Жаттығуды талдау мына сұрақтар бойынша жүреді:

-Жүру қиынға соқты ма?

-Не көмектесті, не кедергі жасады?

-Мақсатқа бару жолында әрқашан кедергі бола ма? Әдетте олармен не істейсіз?

-Не істеген жөн?

-Мақсатқа  жету үшін кедергілерді жеңуге даярсыз ба?

-Өз мақсатына жету үшін баса -көктеген дұрыс па?

Қане мақсатқа қойылатын талаптарды бірге тұжырымдалық.

Мақсат ауқымды болуы тиіс. Мақсатқа қол жеткізілетін мөлшерлі мерзім көрсетіледі. Мақсатқа қол жеткізудің критерийлері тұжырымдалған болуы тиіс. Мақсатқа қол жеткізу адамның өзіне байланысты-мақсатты баяндауда өзге адамдар көрініс бермеуі тиіс, өйткені олардың өз мақсаты мен тілегі бар және олар  басқа адамның тілегін орындауға міндетті емес.

Мақсатқа қол жеткізу ешкімге зиянын тигізбеуі керек.

Егер өз өміріңізде мақсатты бүгін үйренгендей қойсаңыз, табысқа жетесіз деп ойлаймын.

Миға шабул     5 мин

«кедергі» деген сөзді естігенде сіздердің ойларыңызға бірден не келеді?(ассоциация)

Бүгін біз не жайлы айтамыз деп ойлайсыздар?

5. Топтық  жұмыс №1. 10 мин

А) Постермен жұмыс

1 топ. Білім сапасын арттыруда оқушылар тарапынан кездесетін кедергілер мен олардан шығу жолдарын постерге жазу.Әр кедергіге екі шығу жолын жазу керек.

2 топ. Ата-аналар тарапынан қандай кедергілер бар оларды қалай жоюға болады? Постерге жазу

3 топ. Мұғалім тарапынан кездесетін кедергілермен олардан шығу жолдарын постерге жазып көрсету.

Б) Топтар жұмыстарын ауыстырып оны толықтырады.

В) Жазған жұмыстарын қорғау 5  минуттан

Г) Қосымша мәліметтер

Сапаға жету жолдары

Біліктілік:

1. Білімнің негізінде қалыптасатын үлкен еңбек, яғни

-жауапкершілікті сезіну;

-белгілі бір мәселені шешуге қатысу;

-білім беру технологияларын түсіну, меңгеру, қолдануда қабілеттілік таныту;

-еңбекке дұрыс қарым-қатынас;

-кәсібіне үнемі ізденіс таныту.

2. Ақпараттық қажеттілікті сезіну.

3. Көздеген мақсатқа жетуде әдіс-тәсілдердің бір-бірімен сай келуі.

Біліктілік негізі:

1. Оқып үйрену

-белгілі бір тәжірибені пайдалана білу;

-өз білімін өзара байланыстыра ұйымдастыру;

-өзінің жеке оқыту бағдарламаларын құра білу;

-өзін дамытумен дербес айналысу.

2. Іздеу

-ір түрлі барлық мәліметтерді іздестіру;

-ақпараттармен жұмыс;

-құжаттармен жұмыс жасай білу және оларды топтай білу.

3. Бейімделу

-технологиялар мен ақпараттарды қолдана білуге бейімделу;

-өзгеріске икемділік таныту;

-қиындыққа төзу және жеңе білу;

-жаңа шешімдер таба білу.

4. Ынтымақтастықта болу

-еңбекте ынтымақтастықта болу;

-келіспеушілік пен түрлі көзқарастылыққа көрегенділік таныту;

-келісе білу;

-шарт жасай білу және оны орындау;

-тілектестік және ынтымақтастық таныту.

5. Жұмысқа ниеттілік

-жобаға кірісу;

-жауапкершілікті сезіну;

-өз жұмысын ұйымдастыра білу;

-өткенді жаңамен байланыстыруды ұйымдастыру;

-қоғам дамуына сын көзбен қарай білу;

-қиындыққа және сенімсіздікке қарсы тұру;

-өзінің жеке көзқарасын білдіре білу.

Білім сапасын арттырудағы тұлғалар қызметі:

1. Ұйымдастырушылық қызмет

-педагогикалық қызметті ұйымдастыру;

-мұғалім оқушы қызметін ұйымдастыру;

-оқушы қызметіне жағдайдың жасалуы;

-мұғалім мен оқушының өзара байланыс қызметі;

-оқушының өз қызметін ұйымдастыру.

2. Жобалық қызмет

-педагогикалық үрдіске қатысушылардың мүмкін болатын нәтижелерін жобалай білу;

-педагогикалық өзара әрекетті үлгілеу;

-педагогикалық технологияны жүзеге асыру үрдісінде мұғалім мен оқушының даму деңгейін болжау.

3. Коммуникативтік қызмет

-педагогикалық үрдіске қатысушылардың (мұғалім, оқушы, ата-ана) арасындағы коммуникативтік қызмет;

-мұғалім мен оқушылар арасындағы ақпараттық алмасу;

-педагог пен тәрбиеленушілер арасындағы өзара түсіністік жағдайының жасалуы.

Рефлекция

Жаттығу «Кездескенше» (Барлық қатысушылар шеңбер жасап түргеп тұрады)

-Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлады.Оны сіздер бір-біріңізге бере отырып, семинар туралы өз әсерлеріңізді, қалай болғаны жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар

Семинар аяқталды. Бәріңізге көп-көп рахмет айтамыз. Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу үлкен ғанибет. Біз бүгінгі жұмысымызда алға қойған міндеттерімізді орындадық деп ойлаймын. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізге табыс тілеймін кездескенше.