«Оқытудың сапасын арттыруда оқушылардың мотивациясын тудыру» коуч сессия

«Оқытудың сапасын арттыруда оқушылардың мотивациясын тудыру» коуч  сессия

ЖОСПАРЫ

Сабақтың тізбегі«Оқытудың сапасын арттыруда оқушылардың мотивациясын тудыру»
1Жалпы мақсатыОқудағы кедергілерді жеңу жолдарын тәжірибеде қарастыру.
Сілтеме:Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.  wiki беттерінен жүктелген дереккөздер    Әдістемелік нұсқау
2Күтілетін нәтижеЖылы атмосфера орнауы. Мұғалімдер мұғалімнің өзгеруінің қажеттілігі жайлы ойланады. Оқытудың сапасын арттыруда кедергілерді жеңу жолдары  туралы ойланады

Мұғалімдердің көңіл- күйі көтеріледі, ой бөліседі .

3Материалдар және ресурстарКомпьютер, проектор,  , түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар,  видеоролик, А4 и А3 форматтағы флипчарттар,, стикерлер,  алты қалпақ
4Оқыту әдістеріСұрақ-жауап, түсіндіру әдісі  АКТ СТО.   Эдвард  Боно,«Ақылдың алты қалпағы» тәсілі,
5Тапсырмалар:Топтық  талдау, рөлдік ойын, салыстыру, , зерттеу
5Түйінді идеяларМотивация А.Маслоудың мотивация теориясы.  Эдвард де Боно

 

Коуч сессияны өткізу этаптарыУақыт шеңбері

 

Коучтың іс-әрекетіМұғалімдердің  іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал туғызу  (2 мин)

 

3мин

 

Көтеріңкі көңіл орнату үшін «комплимент» тренингін ұйымдастырамын.Ақ қағазға жылы лебіздерін жазады да, бір-біріне лақтырады.
Шағын топқа бөлу3 мин

 

 

Коуч қатысушыларды  2  шағын топқа бөледі. Қатысушыларды  2  шағын топқа бөлінеді .2 қатысушы кезекпен шарды лақтырғанда қағып алған қатысушы сол адамның тобына қосылады..
Миға шабуыл5 минБастауыш сынып баласы мектепке барғысы келмейді? Сіздің әрекетініз?

Қыс мезгілі, қар өте көп жауды. Мектеп алаңыңда

қандай жоба жасар едің?

Мұғалім сабақты жақсы түсіндірді. Оқушылар тек қана тыңдады және көшірді. Сенің пікірің? Білім әрбір 4 жылда   ескіріп отырады…

Сұрақтарды талқылайды және қорғайды

Топтық бірігіп жұмыс жасайды

Бейнеролик көрсету2 мин

 

«Мультик  про мотивацию» бейнежазбасын көрсету .Бейнематериалды талдайды. Коучингке қатысушылар бірлесіп жұмыстың тиімділігін түсінеді. Оқушылар арасындағы кедергі жасайтындар мен жұмыс жүргізідің тәсілдерін түсінеді.
Презентация

Дереккөздер

А.Маслоудың мотивация теориясы.

3 минМотивация туралы түсінік береді.Мотивация түрлерін ажырата алады, салыстырады, балаларға үнемі көрсетіп айтып отыруды ұғынады.
   Сергіту сәті5 минҚатысушыларға әр түрлі фигураларды таңдатып , түстер бойынша қайта топқа бөлу. Таңдаған фигуралар бойынша  мінез-құлқын зерттеу.

Сол фигуралардан не құрастыруға болады?деген тапсырма беріледі.

Өздеріне ұнаған әр түрлі фигураларды таңдатып , түстер бойынша қайта 6 топқа бөлінеді. Таңдаған фигуралары бойынша  мінез-құлқын біледі..және сол бойынша  құрастырады
Презентация

«Ақылдың алты қалпағы» әдісі

 

3минЭдвард де Боно әзірлеген,» Ақылдың алты қалпағы» әдісі ол әртүрлі шешімдердің ішінен шоғырландырылған ойды жеделдететін қосарлас ойлау үдерісін көрсетіп түсіндіредіҚатысушыларға  әдістің өз тәжірибесіне қалай қолданатыны туралы нақты бағыттар алуына мүмкіндік береді.
Жаттығулар:

Топпен жұмыс

5 мин

 

Берілген мәтін мазмұнының түсіну дәрежесін анықтау мақсатында  6 топқа «Мотивация»  тақырыбы беріліп, әр қалпақ  түстері бойынша тапсырмалар

Ақ қалпақ белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.

Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақпен сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз жәнеөз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.

Қара қалпақ бұл – «әзәзілдің қорғаушысы»немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейді.

Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.

Жасыл қалпақ креативтілікке,мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.

Көк қалпақ ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді.

Коуч қатысушылары алдымен берілген тапсырмалар бойынша  жұпта, топта серіктестік орта құра отырып  сыни тұрғыдан ойлай келе талқылап, зерттеушілікпен айналысу барысында, дайындаған шағын жоба жұмыстарын А3 парағына түсіріп, тақтаның алдына шығып қорғайды.

 

 

Бағалау

 

 

2 мин

 

 Әріптестерімнің білім деңгейін бағалау үшін  коуч барысында беріліп отырған жетондарды санаймынҚатысушылар өздерінің жинаған жетондарын санайды.
Рефлекция5 мин

 

«Оқу пирамидасы» салынған сызба арқылы «Мотивация жиынтығын» қолдана аласыз ба?» «Мен бүгінгі сабақ жайлы не білемін?» :«Алған білімдеріңді қай жерде қалай қолдана аламын »« Оқушылардың мотивациясын тудыру тәсілдері» сұрақтарына жауап алады..Оқу пирамидасы» салынған сызбаға, сұрақтарға стикерлерге жауап жазып,  кері байланыс жасайды.

 

Қорытындылау2 минҚұрметті әріптестер , міне бүгін коучинг сәтті өтті.Ол сіздердің белсенділіктеріңіздің арқасында.Коучинг басталмас бұрын біз коучингтің сәтті өтетініне сенімді болдық.Себебі біз сіздерге сенім арттық. Адамға сенім артқан жөн. Сенім арту арқылы біз басқаларға жауапкершілік жүктейміз, оларды шабыттандырып,оларға қанат бітіреміз.Әр оқушыға сенім артып тұрсақолардың білімге деген ынтасы артып, тау қопаратындығы сөзсіз.Енді барлығымыз орнымыздан тұрып ,бір-бірімізге қолдау көрсетіп қояйықӨз пікірлерін ұсынады