Ата заң

Бекітемін:                                                                   Күні:  

Пәні: Әдебиеттік оқу.                                              

Сабақтың тақырыбы: Ата заң.

Сабақтың мақсаты: а\ Ата заңымыз туралы түсінік бере отырып,оны  құрметтей білуге үйрету.

 ә\ Өз құқықтарын толық меңгеруге,оны аяқ асты  етпеуге,ата заңымызды қорғауға ,орындауға тәрбиелеу.

б\Балалардың ойын,зейінін,сөздік қорын дамыту. Есту зейінін, дауыс ырғағын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту

Пән аралық байланыс: дүниетану,қазақ тілі.

Әдісі:түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап.

Түрі:дәстүрлі.

Көрнекілігі:Ата заң жазылған кітап,баптар тармағы,сөздіктер.

Күтілетін нәтиже:Ата заңды  толық білуі;

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сабаққа оқушылардың назарын аудару.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

1.Өлеңді жатқа айту.

2.Сурет бойынша әңгімелеу.

3.Мектеп ережелерін еске түсіру.

4.Мектепті неге анаға теңеп тұр?

Қолдың буынына массаж (қарындашты қолданып)

— Қолымызға қарындашты алып, алақанның арасына қарындашты салып жүгіртеміз, «қарындаш  алдыға  жүгірді, қарындаш артқа  жүгірді».

Өзі бетіндік жұмыс.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Кіріспе әңгіме.

-30-тамыз қандай күн?

-Ата заңымызды кімдер бекітіп,шығарады?

-Заң қандай құжат?Ол кімге арналған?

2.Оқулықпен жұмыс.

а\Мәтінді Өлеңді оқып беру,түсіндіру.

ә\Оқушыларға тізбектей оқыту.

б\Түсініксіз сөздермен жұмыс.

-«Құқығымды қорғаған »деген жолдың мағанасын түсіндір.-Заңгер деген кім?

Сергіту  сәттері .«Есте сақтауын  дамыту»

Орнымыздан  тұрайық

Алақанды  согайық

Бір отырып, бір  тұрып

Біз  тыныгып  алайық

Дауыс күшін дамытуға арналған «Мен сияқты айт» жаттығуы

— Сендер менімен сөзді қайталап, оларды мен айтқан сияқты айтуларың керек.

 

IV.Сабақты бекіту.

1.Заңның ережеден айырмашылығы неде,ұқсастығы ше?.

2.Білім алуға байланысты елімізде қандай заң бар?

 

  1. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп ,түсініп оқы.

 

  1. Бағалау.