Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар

Тақырыбы: Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Халықтың денсаулығы дегеніміз – қоғамның әрбір мүшесінің қауіпсіз өмір сүруі мен оның қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Қоғамдық адамгершілік дегеніміз – қоғамдық адамдардың өмір сүруіне қажетті рухани және адамгершілік қасиеттерінің жиынтығы және мінез-құлық ережелерінің орындалуы.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жүйкеге әсер ететін есірткі заттарды заңсыз тасымалдағаны немесе сақтағаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Дәрігерлік мақсаттарға пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылы 9 наурызындағы № 186 қаулысында «бақылауға алынатын есірткі заттар, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлар» туралы көрсетілген. Ол 72 аталымды біріктіреді. Мысалы, аллипродин, гашиш, анаша, героин, кокаин, пепан т.б.

Қайтыс болғандардың мәйіттердің қорлау, жою, оларды бүлдіру, олар жерленген жерлерді қорлау аталған қылмыстың объективтік жағын құрайды.

  • Қорлау – қайтыс болғандардың мәйітіне немесе уақытша жерленбеген адам тәніне қатысты кез келген заңсыз әрекетті білдіреді: зираттан қазып алу, олардың киімдерің шешу, органдары мен тіндерін алу, бөлшектеу, өлген адамдардың заттарын алу
  • Жою – жерлеу орындарын, моладағы құрылысты және бейіттерді оларды алғашқы қалпына келтіруге жатпайтындай етіп толықтай жарамсыз ету
  • Бұзу – қалпына келтіруге келетін ішінара бүлдіруді білдереді
  • Қор қылу – бұл ар-намысқа тиетін жазулар жазу, бояу жағу, көпшілік алдында арсыз әрекеттер жасау

Садизм – бұл қатігездікке патологиялық ұмтылу, бөтеннің азаптауынан рақат алу. Садистік әдістер жануарды ерекше азаптап, ұзақ ауыртуды көздейді. Бұл тірі жануардың терісін сыпыру, оны тірідей өртеу, қол-аяғын немесе денесінің басқа бөліктерін кесу болуы мүмкін

Сабақты қорытындылау: Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңы халықтың денсаулығы мен адамгершілікке қарсы бірқатар кешенді нормаларды біріктіреді.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §20, 110- 117 бб. Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.