Коучинг тақырыбы: Диалогтік оқытудың тиімді әдістері

249

 

Апта Күні
Коучинг тақырыбы: Диалогтік оқытудың тиімді әдістері
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық (98-бет)

үлестірме материалдар.

Мақсаты: Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызды рөл атқаратынын меңгерту,тәжірибеге енгізуге ықпалдасу.
Оқыту нәтижесі: Диалогтік оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгереді  және оларды оқу үрдісінде пайдаланудың тиімділігін ұғынады,сабақтарында қолдануға бейімделеді.
Негізгі идеялар: Диалогтік оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгереді.Шеберліктеріне қарай өз іс-тәжірибелеріне енгізеді.
Топқа бөлу Сурет қиындыларын құрастыру арқылы  3 топқа бөлінеді. 5 минут
Тренинг-сергіту «Сұрақтар сыр шертеді» тренингі арқылы диалог құрып,сұрақтардың түрлерін ажыратады. 10 минут
Презентация арқылы таныстырылым Сыныпта сұрақ қою үлгілері бойынша мағлұмат(БЖӘ;Төмен дәрежелі,жоғары дәрежелі сұрақтар) алады. 5 минут
Ойқозғау «ББҮ»стратегиясы бойынша диалог туралы не білетінін «білемін»бөліміне толтырады. 5 минут
№1тапсырма Мерсер зерттеген әңгіменің үш түрі:әңгіме-дебат,кумулятивті,зерттеушілік әңгіме бойынша нұсқаулықтан алынған мәтінді оқып,топта талқылап,постер жасап қорғау.  15 минут

 

 

 

№2 тапсырма «ББҮ»стратегиясының  «үйрендім»бөлімін толтырады. 5 минут
№3 тапсырма

 

 Топқа бөліну сәтінде құрастырылған үш әңгімені рөлдік ойын арқылы көрсету

тапсырылады.

1-топ «Көшпенді халық баспанасы киіз үйдің пайдалы және зиянды жақтары»(әңгіме-дебат);

2-топ  «Ғасырлар қазынасы-ауыз әдебиеті»

(зерттеушілік әңгіме);

3-топ  «Мектеп-кеме,білім-теңіз»(кумулятивтік әңгіме ).

15 минут
Сергіту сәті «Қара жорға» биі. 5 минут
№4 тапсырма «ББҮ»стратегиясының  «білгім келеді»бөлімін толтырады. 5 минут
Сауалнама 1.Сізге өткізілген коучинг ұнады ма?

2.Сізге осы коучингтің пайдалы тұсы болды ма?

3.Коучингтің маңыздылығы қандай болды?

4.Осы модульді өз іс-тәжірибеңізге енгізесіз бе?

10 минут
Рефлексия «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы кері байланыс жасау. 5 минут
Қатысушыларға сәттілік Коуч қатысушылардың болашақта атқаратын жаңашыл бағыттағы жұмыстарына сәттілік тілеп,жақсы тілектер айтады.  5 минут