Бүгінгі білім беру ісін оқушы сұранысына сай тың идеяларға негіздеудің қажеттілігі

40
 Тақырып Бүгінгі білім беру ісін оқушы сұранысына сай тың идеяларға негіздеудің қажеттілігі
Сілтеме  Ғылыми-әдістемелік басылымдар, интернет материалдары
Жалпы мақсаты             Мұғалімдерді жас ұрпақтың болашағына үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырып, оларды мақсат қою туралы тың идеялармен қаруландыру. Озық технологияны  озат тәжірибесіне айналдырып, білім мазмұнын байытуға үлес қосатын әріптестеріміздің қатарын көбейту.

 

Күтілетін нәтиже Жеке тұлғаға жаңаша көзқараспен қарап, білімді өмірге икемдеп беру мақсаты күшейеді.  Заманауи технологияларды оқу үрдісінде тиімді пайдаланады.
Түйінді идея Тұлғаның пайдасына бағытталған нәтижелі білім беру.
Ресурстар: Маркер, түрлі-түсті стикерлер,  суреттер, бояу құралдары, ватман,интербелсенді тақта.

 

Коучинг сессияның өту барысы
Коучинг сессияның өтілу кезеңдері Уақыты Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру 2 мин   Қатысушылар ортаға шеңбер жасап тұрады да, мен ойша ұсынған мақтаны, ыстық бауырсақты және ауыр тасты рөлге еніп, түсіріп алмай кезекпен кезек бір-біріне жеткізеді. Түйінді ойы: Ақ үлпек мақта – бала, ыстық бауырсақ – жаңа технология, ауыр тас – жүгі ауыр мұғалімдік мамандық.
Ой шақыру 5 мин «Менің моделім». Өз мамандықтарының иесі ретінде өзіндік бағалау.
Топқа бөлу 2 мин Өзіндік бағалауда өз модельдерінің ұқсастығына қарай 2 топқа бөлу
Топтық жұмыс 10 мин Мектеп – жақсы жер, бірақ мен оған жоламаймын…

І топ – ақтау

ІІ топ – даттау

Рефлексия 3 мин 45 минут – менің айнам

 

Ақпараттық материал 5 мин  СМАРТ, Блум таксономиясы
Топтық жұмыс   5 мин Берілген сұрақтарды Блум таксономиясына салу. Флипчарт қорғау.

1. Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайда бар? (түсіну)

2. Алмамен тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы? Сіздің сөздеріңізді айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз.(жинақтау)

3. Алма мен апельсиннің адам денсаулығына қайсысы пайдалырақ? (талдау)

4. Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзіңіздің қалауыңызша басқа заттарды қосып, бір «пайдалы» рецепт жасаңыз. Өзіңіз таңдап алған рецептіні қай мезгілде пайдаланасыз?(қолдану)

5.Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп санайсыз ба? Неге – ия немесе неге – жоқ? (бағалау)

6. Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды? (білу)

 

Рефлексия 2 мин Сұрақтарды Блум таксономиясына бөлген кезде қандай қиындықтар туындады?

Бұл сұрақтарды пайдалану арқылы оқушылардың қандай білік-дағдыларын қалыптастыруға болады?

Бекіту 5-7 мин «Футбол» ойыны (лақтырылған допты қағып алып, мұғалімдер берілген тақырып бойынша жетістіктерін айтады)
Ой қорыту 2 мин Мұғалімдердің оқытудағы жаңа технологияларды қолдануы  туралы оқушылардың пікірі мен көзқарасы (бейнежазбадан үзінді).
Кері байланыс 1 мин Кейс-стади

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайда бар?

 

  1. Алмамен тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы? Сіздің сөздеріңізді айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз.

 

  1. Алма мен апельсиннің адам денсаулығына қайсысы пайдалырақ?

 

  1. Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзіңіздің қалауыңызша басқа заттарды қосып, бір «пайдалы» рецепт жасаңыз. Өзіңіз таңдап алған рецептіні қай мезгілде пайдаланасыз?

 

5.Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп санайсыз ба? Неге – ия немесе неге – жоқ?

 

 

  1. Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды?

 

 

 

 

1 – түсіну, 2-жинақтау, 3-талдау, 4- қолдану, 5- бағалау, 6-білу.