Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін қалыптастыру жолдары

10/10/2014

 

Ата – аналарға арналған коучинг-сессия
Тақырыбы:Ата-аналардың  бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін  қалыптастыру жолдары
Жалпы мақсат:Ата-аналар арасында бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру;

Ата-аналардың міндеттерін ұстануды қалыптастыру.

Сілтеме:Мұғалімдерге арналған нұсқаулық , үлестірме материалдар (Екінші  апта).
 Күтілетін нәтижелер:·        Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктерін  жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал етеді;

·        Ата-аналардың балаларымен  әңгімелесу арқылы баланы ашуға деген көзқарасы өзгереді;

·        Ата-аналардың балалармен   тығыз қарым-қатынасы  жетілдіру үшін  тиімділігін қамтамасыз етуде ата-аналарға  көмек көрсетеді;

·        ата-аналар мен балалардың  қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс ұсынады;

Түйінді идеялар:Ата-аналармен мектеп қарым-қатынасын нығайтуды ұйымдастыру
Сабақта қолданылатын материалдар:  Интерактивті тақта, слайд-презентация материалы, «Көксерек» фильмінен үзінді, постерлер, маркерлер, стиккерлер.
Оқыту әдістері:Оқытудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту

Коучинг

АКТ

 

 Диалогтік  оқыту

Ұжымдық жұмыс

 

Дереккөздер:Мұғалімдерге арналған нұсқаулық , үлестірме материалдар (Екінші  апта), «Көксерек»  бейнефильмі (Бірінші бетпе-бет ресурсы)

 

 

 

 

 

 

 

Коучинг-сессия бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

Кезеңдер

  

 

Коучтың іс-әрекетіАта – аналардың

іс-әрекеті

 

 

 

 

І бөлім

 

 

1-кезең   

(5 мин.)

-Тренинг « Шаттық шеңбері»

—         Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

 

-«Танысу» тренингісі. Жіпті орап өзіміз туралы айтамыз.

-Қатысушыларды  4 топқа бөлу (әке, ана, бала, ұстаз суреттеріне қарай)

 

Ата – аналар тренингке қатысып, жағымды психологиялық орта қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таңдаған суреттеріне қарай 4 топқа бөлінеді

2-кезең

(7 мин.)

 

«Көксерек» бейнефильмін  көрсету, кумулятивтік әңгімеге тарту. Бейнефильмді тамашалайды, көргені бойынша ой бөліседі, ата – ана ретінде не істер еді, ойларымен бөліседі.
 

ІІ бөлім – практикалық бөлім

 

(20 мин.)

 

 

 

 

 

 Әр топқа тапсырма беріледі: — ұстаз тобы —  сынып жетекшінің міндеті, әке тобы — ата-ананың міндетті, ана тобы — бірлесіп жасалатын жұмыс түрлері, бала тобы — мектепке қандай ұсыныс бар – туралы постерге модельдерін салады.

 

 

Ата-аналар топтық жұмыста постер құрып, өз ойларын ортаға салады, өз  түсініктерімен бөліседі, ой түйеді, жұмыстарын қорғайды.

 

 

 

 

 

 

2-кезең

 (10 мин.)

 

Тәрбие тұжырымдамасымен таныстыру — презентация

 

 

 Ата – аналар ақпарат алады
Рефлексия

(3 мин.)

Коучингтен алған әсерлерін анықтауАта – аналар   коучингтің өткізілуі  туралы  ойлары  мен  ұсыныстары  туралы,  коучингтен алған әсерлерін  стиккерлерге жазады