«Мен және менің отбасым» атты отбасылық спорттық ойын

218

Тақырыбы: «Мен және менің отбасым» атты отбасылық спорттық ойын

Өтілетін жарыстың мақсаты:

  1. Отбасы мүшелерінің денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
  2. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
  3. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), шарик, қасық, үлкен ыдыс,  гимнастикалық төсеніш, таяқшалар және т.б.

Сайыстың барысы: Спорт залында көңілді музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағарламада халықтың денсаулығын  нығайту – мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті  екенін атап көрсеткені баршамызға белгілі.

Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның бір баспалдағы.

Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес,  ересектердің де  күш – қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.

 

 

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» Т.Карлейль

Таза ауа, спорт болсын дәріміз.

Еңбек етіп келгенінше әліміз,

«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!

Ал енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  1. Оқу ісінің меңгерушісі: Сатубалдинов Р.И
  2. Салқынкөл орта мектебінің кітапханашысы: Ибитаев Б.Б
  3. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі: Сактаганов С.Т
  4. Бастауыш сыныбының дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Муканова Г.С

Отбасылар отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрбірінің жігер – күші жалындап,

Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.

«Спорт» десе таза біздің арымыз,

Сайысатын отбасыларды бүгінгі

Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.

Ортаға сайысқа түскелі тұрған төрт отбасын  шақырайық:

№1 топ:  «Сайыпқырандар» (Раманюктар отбасы)

№2 топ  «Жігер» (Байгазиндер отбасы)

№3 топ  «Жұлдыздар» (Лапеновтер отбасы)

№4 топ «Тарлан» (Залатаревтер отбасы)

Төрт топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.

Жүргізуші:  «Мен және менің отбасым»  атты спорттық ойынымыз  10 турдан тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің топ аттарымен, төсбелгілерімен және ұрандарын таныстырып өтеді.

Жүргізуші: Құрметті  жарысқа түскелі тұрған  бәсекелестер,  отбасылар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары!  Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 10 турдан тұрады.

Олар:

  1. Эстафеталық жарыс ( допты кеудеге қысып жүріп өту)
  2. Повар ойыны (ұсақ картопты екі қасықпен қазанға тасу)
  3. Сынық көпірден өту (екі картон қағаздың көмегімен белгілі жерге жетіп, қағазды қолына алып артқа қарай )
  4. Үй көмекшісі (берілген кішкентай доптарды сыпырғышрен сыпырып , барып, артқа қолына жинап жүгіру)
  5. Кенгуру (допты екі аяқ арасына қысып секіріп келу)
  6. Капитандар сайысы кім жылдам? (әр топтың капитандары балаларының кішісін арқалап кедергілерден жүгіріп өту керек)
  7. Кім шапшаң картоп отырғызу (кішкентай күрек, тырманы белгілі жерден алып, біржерден екінші жерге картоп отырғызу)
  8. Қаппен жүгіру (әр топтан бір ойыншы қапты киіп белгілі жерге дейінбарып шешіп кейін қарай жүгіріп келіп келесі ойыншыға береді)
  9. Қиын жолдан өту (әр топ ұзын трубаның арасынан өтіп, алға домалап кедергіні айналып келеді)
  10. Арқан тарту. (екі топ аркрнның екі жағынан ұстап тартады.)

Жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.

Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына беру.

Құттықтау.

Жеңіске жеткен командаларды марапаттау.

Жүргізуші:

Құрметті отбасымыз!

Бір тілек айтарымыз,

Берекелі заман болсын,

Шәкіртеріміз аман болсын!

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан  астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!

Бүгінгі «Мен және менің отбасым» жарысын,

Осымен аяқтаймыз!

Мейрамдарыңыз құтты болсын! Рахмет.

 

 

 

 

Ойын түрлері.

 

  1. Эстафеталық жарыс.

 

  1. Повар ойыны.

 

  1. Сынық көпірден өту.

 

  1. Үй көмекшісі.

 

  1. Кенгуру.

 

  1. Капитандар сайысы кім жылдам?.

 

  1. Кім шапшаң картоп отырғызу.

 

  1. Қаппен жүгіру.

 

  1. Қиын жолдан өту.

 

  1. Арқан тарту..