Жер шарына саяхат

61

Тақырыбы:                  Жер шарына саяхат

Мақсаты:    —  түрлі географиялық мәліметтер мен мен қызықты деректер

арқылы оқушылардың география пәніне деген

қызығушылығын арттыру, экологиялық тәрбиеге үйрету,

отансүйгіштікке тәрбиелеу, дүниетанымын дамыту.

Құралдар:       интербелсенді тақта, Дүние жүзі және Қазақстанның саяси және физикалық  карталары, кестелер, үлестірмелер.

Барысы:        І.  Кіріспе бөлім. (Ұйымдастыру кезеңі)

ІІ. Негізгі бөлім.

ІІІ. Қорытынды бөлім. ( Жеңімпаздарды анықтау)

І.  Кіріспе бөлім. (Ұйымдастыру кезеңі). Мақсатын түсіндіру, оқушыларды

топқа бөлу, орналастыру, танысу кезеңі.

ІІ. Негізгі бөлім.

1 — аялдама — Еуразия. Кім жылдам? «Ең, ең, ең …»

  1. Дүние жүзіндегі ең биік тау;
  2. Ең үлкен арал;
  3. Ең үлкен шөл;
  4. Ең терең шұңғыма;
  5. Ең суық материк;
  6. Ең үлкен көл;
  7. Ең биік сарқырама;
  8. Ең ұзын өзен;
  9. Ең терең көл;
  10. Ең үлкен мұхит.

 

2 – аялдама –Африка. Жұлдыздар  сыры. (Бір жұлдызды таңдап, ондағы сұраққа бірден жауап бер. 12 жұлдыз)

  1. Африка атауы немен байланысты?
  2. Эраларды ата.
  3. Аяз атаның мекені?
  4. Неше климаттық белдеу бар?
  5. Жердің су қабығы?
  6. Таулар биіктігіне қарай нешеге бөлінеді?
  7. Күн жүйесінде неше планета бар? Аттарын ата.
  8. Атмосфера қабатын ата.
  9. Қазақстан қай материкте орналасқан?
  10. Ең үлкен мемлекет?
  11. Дүние жүзін тұңғыш айналып шыққан саяхатшы?
  12. Австралияның байырғы халқы?

3 – аялдама – Атлант мұхиты. Берілген сөздердің орнын табу.

І-топ:

  1. Л П О Ю С (полюс)
  2. Т А Р К А (карта)
  3. И А Н М Е Д Р И (меридиан)
  4. М Т У З И А (азимут)
  5. Е Ф А М О Т А С Р (атмосфера)
  6. Қ Л Ы Й О Б (бойлық)

ІІ-топ:

  1. А Л Л Ь Л Е П Р А (параллель)
  2. Қ З А Ж Ы (жазық)
  3. Л П Н А (план)
  4. Р Т О К В Э А (экватор)
  5. Ф Е С Р А Й Б О (биосфера)
  6. С П М А О К (компас)

4 – аялдама –Солтүстік Америка. Адасқан обьектіні табу.

І-топ:                                                                        ІІ-топ:

  1. Альпі — өзен; 1. Карпат — өзен;
  2. Баренц – жазық; 2. Кариб – сарқырама;
  3. Гибралтар – шығанақ; 3. Дрейк – шығанақ;
  4. Дунай – тау; 4. Миссисипи – тау;
  5. Батыс Сібір – теңіз; 5. Анхель – теңіз;
  6. Гудзон – бұғаз; 6. Бенгаль – бұғаз;
  7. Балқаш – қала; 7. Байкал – қала;
  8. Париж – көл. 8. Пекин – көл.

5 – аялдама –Оңтүстік Америка. Ситуациялық сұрақтар.

І-топ:

1-сұрақ: Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүзіп келіп, жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әр түрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Ал, олар сіздерге «кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және адамдар не деп жауап берді?

Жауабы: Аустралия материгі. Жергілікті халық тілінде «кенгуру» сөзі «түсінбедім» деген мағнаны білдіреді.

2-сұрақ: Саяхатшылар алғаш рет бұл жерге келгенде егістік алқабында биіктігі бір метрден асатын, жапырақтары «күмістен», жемістері «алтыннан» тұратын таңғажайып өсімдікті көрді. Бұл қай материк және қандай өсімдік еді?

Жауабы:  Оңтүстік Америка. Жүгері өсімдігі.

ІІ-топ:

1-сұрақ: Африкада жерасты суын Конго ойысында тез шығарып алуға бола ма, әлде Сахара шөлінде ме?

Жауабы: Сахара шөлінде жерасты суы жер бетіне жақын жайғасқан.

2-сұрақ: Сіздер бұл материкте оқымысты ғылым қызметкерлерінен басқа адамды кездестірмейсіздер. Бірақ ешқайсысы зәулім ғылыми институттарға жұмысқа бармайды және қарапайым вагон-үйлерде тұрады. Бұл қай материк және қай халық?

Жауабы: Антарктида материгі және зерттеушілер.

6 – аялдама – Тынық мұхиты. «Пошта» ойыны.

 

Ұғымдар І-топ «Африка» ІІ-топ «Оңтүстік Америка»
Мадагаскар, пума, отты жер аралы, килимаджаро, марабу, анд, лама, атакама, ніл, Египет, анхель, виктория, амазонка, виктория-регия, вельвичия, мулаттар, аргентина, бушмендар, калахари, жираф.

7 – аялдама –Австралия. «Терминдер сыр шертеді».

  1. Цунами –
  2. Гейзер –
  3. Меридиан –
  4. Лава —
  5. Айсберг –
  6. Муссон –
  7. Экватор –
  8. Бриз —

8 – аялдама – Антарктида. «Сандар сөйлейді».

1-топ:                                         ІІ-топ:

  1. 8848 метр; 1. 11022 метр;
  2. 0-200 метр; 2. 510 млн.км2;
  3. 35о/оо; 3. 6995 метр;
  4. -89,20С; 4. 1000-2000 метр;
  5. 1024 метр; 5. 1620 метр.

9 – аялдама – Үнді мұхиты. Картамен жұмыс.

Мына ұғымдарды картадан көрсет:

І-топ:

Балқаш көлі; Сырдария өзені; Тұран ойпаты; Гренландия аралы; Канада мемлекеті.

ІІ-топ:

Ертіс өзені; Зайсан көлі; Батыс Сібір жазығы; Мадагаскар Аралы; Үндістан мемлекеті.

Қорытынды бөлім.

Жеңімпаздарды анықтау.