Географиялық ассорти ойыны

220

    Мақсаты:оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,география пәні деген қызығушылығын арттыра отырып,бүгінгі заман талабына сай өзіндік ой- тұжырымы бар,білімді де білекті ұрпақ тәрбиелеу.

Ойын ережесі:Ойынға 10-шы сыныптардың оқушылары қатысады.Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді.Ойын бес кезеңнен тұрады.

   1-кезең.«Сандықшада не бар?»

   1-топқа:

XVI ғасырдың бас кезінде Педро де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді.Ол мұнда жергілікті халықтың осымен тамақтанатынын байқайды.

Перуліктер оны папа деп атайды екен.Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды.Ал француздар оны жер алмасы деп,итальяндықтар әуелі

Тартуфоль  деп атапты.Ресейде XVIII ғасырдан бастап тарай бастады.Оның мұнда тарауында  І Петрдің еңбегі зор.

Сандықшада не бар?(Картоп)

2-топқа:

Бұл күміс сияқты жарқыраған ақ түсті,өте жеңіл.Одан түрлі ыдыс-аяқтар, күнделікті тұрмыста жиі пайдаланатын бұйымдар жасалынады.Әсіресе,оның басқа металдармен қоспасы өте құнды.Мұндай қоспалар әрі берік,әрі жеңіл болғандықтан, ұшақтарды, ғарыш кемелерін жасауға кеңнен қолданылады.Ол таза күйінде  XIX ғасырдың басында өндіріле  бастады.Оны балқыту алғашқы кезде өте қиынға түсті.Біразға дейін мұның сирек әрі қымбат болғаны соншалық  Франция королінің отбасында одан жасалған пышақ пен шанышқы алтыннан да қымбат,сирек кездесетін зат ретінде қолданылған.

Сандықшада не бар?(Алюминий)

   2-кезең.«Географиялық лабиринт»

   1-топқа:

1.Ауа райын болжайтын адамдар.(Синоптиктер)

2.Желдің бағыты мен күшін анықтайтын құрал.(Флюгер)

3.Күн жүйесіндегі планета саны.(9)

4.Су буы қатты күйге айналатын температура.(0°С)

5.Ең ыстық материк.(Африка)

6.Гүлдер елі.(Голландия)

7.Дүние жүзін алғашқы болып жүзіп шыққан адам.(Ф.Магеллан)

8.Ұлыбританияны материктен бөліп тұрған бұғаз.(Ла-Манш)

9.Қазақстан Республикасының аумағы қандай?(2,7млн шаршы шақырым)

10.Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?(5)

11.Қазақстан аумағындағы Орал тауларының жалғасы.(Мұғалжар)

12.Қазақстанның теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері.(-132м,Қарақия

ойысы)

13.Қазақстан тәуелсіздігін алған жыл.(16.12.1991 жыл)

14.Жезқазғандағы мыс кенін ашқан ғалым.(Қ.И.Сәтбаев)

15.Алюминийдің шикізаты.(Боксит)

16.Ең арзан электр энергиясы беретін станция(СЭС)

17.Қырғызстан мемлекетінің астанасы.(Бішкек)

18.Алтынды көп өндіретін ел.(ОАР)

19.Олимпиада ойындарының отаны.(Грекия)

20.Бразилиялықтар қай тілде сөйлейді?(Португал)

   2-топқа:

1.Гринвич меридианы басып өтетін қала.(Лондон)

2.Азимутты анықтайтын құрал.(Тұсбағар)

3.Атмосферадағы оттегінің пайыздық мөлшері.(21℅)

4.Ең үлкен шөл.(Сахара)

5.Шайдың отаны.(Қытай)

6.Бірінші глобусты жасаған.(М.Бехайм)

7.Аңыз бойынша «Аяз Атаның мекені».(Лапландия)

8.Қазақстан қай материкте орналасқан.(Еуразия)

9.Қазақстандағы ең биік шың.(Хан-Тәңірі)

10.Аспанмен тілдескен тау.(Тянь-Шань)

11.Қазақстандағы шығыс шекарасындағы тау.(Алтай)

12.Жанатын пайдалы қазбаларды ата.(Көмір,мұнай,газ)

13.Қысқа қашықтыққа жүк тасымалына қолайлы көлік түрі(Автомобиль)

14.Шардара су қоймасы қай өзенде салынған?(Сырдария)

15.Қазақстанның ең ірі көмір бассейндері.(Қарағанды,Екібастұз)

16.Түрікменстан  мемлекетінің астанасы.(Ашғабад)

17.Африкадағы ең ежелгі мемлекет.(Египет)

18.Ватикан мемлекеті  қай қалада орналасқан?(Рим)

19.Өте кедей елдер.(Мали,Чад,Урганда)

3-кезең.«Елдерге саяхат»

  1-топқа:

Бұл-фламенко  мен  фиестаның елі.Олардың көпшілігі-котоликтер.Сондық-

тан болар діни меймандар ұлттық киім киіп,музыка және би шеруімен өткізіледі.Елдің шаруашылығының айрықша саласы коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді.Бұл қай ел?(Испания)

Жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел.Олар өз елін «гексагон»(алтыбұрыш)деп атайды.Бұл ел өзінің ұлттық асханасымен ерекшеленеді.Әр провинцияның өзіндік көз жауын алатын тағамдары бар.

Бірақ барлығы картоптан жасалған бифштексті,сарымсақ сорпасын тамсана жейді.Атаулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары таңқалдырады.Ал елдің оңтүстігінде тағамдар зәйтүн қосып әзірленеді.Сірә,бұл елде ірімшікті сүймейтін адам жоқ шығар.(Франция)

 

 

Бұл ел өздерінің ұлттық әдет-дәстүрлерін сақтап қалған.Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған.Мысалы,сот кезінде заң өкілдері міндетті түрде парик пен мантия киюі қажет болса,ежелгі университеттер-

дің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас

киіммен көруге болады.Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше(килт),аяғына темір таспалы дөрекі башымақ киеді.(Ұлыбритания)

 

2-топқа:

Гүл шоғын құрастыру,гүлдер мен ағаштардың бұтағын орналастыру өнері-икебана,тырбиған ағаштарды өсіру өнері-бансай,қыл қаламмен және тушьпен көркем жезу өнері-каллиграфия,қағаз бен жібекке сурет салу,өзіндік храмдармен саябақ архитектурасы,көлеңке театры,шай дайындау рәсімі,әйел киімі,ауыр салмақтылар күресі,ас дайындау,дастарқанды безендіру сияқты дәстүрлермен ерекшеленетін елдің бірі.(Жапония)

Бұл ел өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі.Жылына шығаратын кинофильмдері

нің саны жөнінен(жылына 750 фильм)онымен дүние жүзінің бірде-бір елі теңдесе алмайды.Сонымен бірге шахматтың отаны, қасиетті құсы-тауыс, қасиетті гүлі-тұңғиық гүлі болып табылады.(Үндістан)

Бұл ел дүниежүзілік өнер мен мәдениеттің дамуына үлкен үлесқосқан елдің бірі.Олардыңәсіресе музыка саласындағы жетістіктері таңғалдырады. XI ғасырда монах Г.Ареццо нотаны ойлап тауып,жеті нотаға ат береді.XVI

ғасырда бұл елде алғашқы опера дүниеге келді.Сонымен бірге сауық сүйгіш және көпшіл елге жатады.Діни және т.бмейрамдарды міндетті түрде атап өтеді.Ішіндегі ең маңыздысы-Рождество.Сыйлықтардың тарататын кемпір-Бефана.Жаңа жылға қарсы ескі заттың барлығын терезеден лақтырады:

ыдыс-аяқ,киім,жиhаз,аяқ-киім т.б.Ал көктемдегі мейрамдардан Пасха мен негізгі кейіпкерлері Арлекин,Пьеро,Пульчинелло болып саналатын карнавалды  жақсы көреді.(Италия)

 

4-кезең.«Құпиялы ағаш»

Ағаштың  бұтағындағы  әрбір жапырақта құпиялар жазылған. Осы құпияларды ашу ұсынылады.

1.Халық арасында мынандай аңыз бар.Бұл жерде аң көп болған.Осы жер тұманданып тұрған екен.Аңға барған адам бұл жерден қайтпайды.бұл қай жер?

Бұл Қызылорда облысында орналасқан Аралдағы арал

Дұрыс жауабы: Барсакелмес

2.Асан қайғы «Ағашы тұнған  жеміс екен,шаруаға жақсы қоныс екен.Биылғы шаншыған шыбығынан келесі жылы арпа шығады екен »-деп,қай жерді көргенде айтқан?

-«Жер жаннаты »деп те атайды,жеті өзенімен әйгілі.

    Дұрыс жауабы: Жетісу өлкесі

3.Қазақтың тұңғыш саяхатшысы Ш.Уәлиханов өз жазбаларында«Бұл жерде соққан желдің күшіне қарсы салт адам да жүре алмайды.Желдің әсерінен Алакөл мен Сасықкөл бетінде 5-6 м толқын көтеріледі»деп жазады.Сайқан, Ебі желдері соғады.Осы жер арқылы Қазақстан мен Қытай байланысады.

   Дұрыс жауабы: Жоңғар қақпасы 

4.Халық арасында мынадай аңыз бар.Өте ертеде,қазақтар далада көшіп жүрген кезеңінде шыңда бір тау-бүркіт өмір сүреді.Ол сұлтандардың жағымсыз қылықтарына қырғи көзімен қарап отырады.Сұлтандар осы бүркітті атайын десе,оқ құс ұясына жетпейді.Кейбіреулері ұясына шығып өлтірейін десе де шыға алмайды екен.Бұл қай жер?

Биіктігі 950 м Сарыарқаның солтүстігінде,Көкшетау маңында орналасқан.

   Дұрыс жауабы: Оқжетпес  

5.Сарыарқаның бұл өлкесін табиғаттың аса ерекше әсемдігіне байланысты.

Еуропаның тамаша аймағының біріне теңейді.Бұл  өлкенің  әсем табиғатына арнап С.Сейфуллин поэма жазса,С.Мұқанов өз кітабын арқау етті.Бұл әңгіме еліміздің  қандай  жеріне сай келеді?

Курорттарындағы минералды сулар мен таза ауа  демалушы мыңдаған адам жанына шипа саналады.Жер шоқтығы  саналатын өлкеде  өзі аттас қала бар.

   Дұрыс жауабы: Көкшетау

6.Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың тамшысынында,

Қалай біткен мына көл тау басына.

Ақиық ақын М.Мақатаев жырлап өткен көлді ата.

Күнгей Алатауында 1887 жылы және 1911 жылы жер сілкінісінен пайда болған көл.Бұл көл төменгі,ортаңғы,жоғарғы,көлдерден тұрады.

   Дұрыс жауабы: Көлсай көлдері

7.Асан қайғы атамыз осы екі тауды көргенде:«Мына шіркіннің топырағы құтырған екен,оған шыққан шөп құтырады,оны жеген мал құтырады,оның етін жеп,сүтін ішкен адам құтырады Кісі өлтіру,төбелес көп болатын жер екен»-деп,бұл жерге аялдамай кетіпті.Асан қайғы қай тауларды айтқан?Бақанас,Шаған,Ащысу өзені бастау алады.Осы өңірде Абай туған.

   Дұрыс жауабы: Шыңғыстау мен Семей таулары.

8.Ғалым басын шайқайды жазаланып,

Ақын күпті,жазушы мазаңды алып.

Теңіз қашып барады жағалаудан,

Етек-жеңін қусырып  азаланып.

Бұның бәрі меніңше құр байбалам,

Кәрі теңіз оралар тазаланып.

Дағыстанның танымал ақыны Расул Ғамзатов уайымдап кеткен жерін ата.

Қазақстанның  батысындағы  Теңіз,Жайық,Жем өзендері құяды.

   Дұрыс жауабы: Каспий.

   5-кезең.«Модель жасау»

Бұл кезеңде шөл дала мен орманды даланың модельдерін жасау ұсынылады. Модель жасауға әрдайым оңай  табылатын заттар қолданылады:

құм,топырақ, қатты қағаз,қағаз кесінділері,шыны, ағаш бұтақтары,

таяқшалар, тиісті ірілі-ұсақты тастар,су,ермексаз т.б.Арнайы уақыт беріледі.

Модель жасаудың  дидактикалық бағалылығы,оны оқушылар бір жағынан көзімен көріп  қабылдаса,екінші жағынан модель жасаған кезде олардың өз беттерінше  шығармашылық  жасауында.

Әр топ жинаған ұпайы бойынша бағаланады