Австралияның табиғат зоналары

 

Сабақтың тақырыбы: §55. Австралияның табиғат зоналары

Сабақтың мақсаты:

а)Оқушыларға материктің тіршілік дүниесінің өзіндік ерекшелігін және оның себебін, сондай-ақ табиғат зоналарының орналсу заңдылықтары туралы түсінік беру;

ә)Оқушылар өздігінен мәтінмен, картамен, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді пайдалана отырып Австралияның өсімдігі мен жануарларының алуан түрлілігін талдай, саралай білуге дағдыландыру;

б) Материктің эндемик жануарлар мен өсімдіктерінің сақталу дәрежесі мысалында оқушыларға экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың оқу жабдығы:

Австралияның табиғат зоналар картасы, интерактивті тақта,   слайдтар, кроссвордтар.

Сабақ түрі: аралас

Пән аралық байланыс: биология пәні

Сабақ барысы:

                   І. Ұйымдастыру ( психалогиялық дайындық, оқушыларды топқа бөлу, топ жетекшілерін тағайындау, топтың атын анықтау)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Логикалық сызбадағы бос орынды толтыр
  2. Австралия климат белдеулерінің әр қайсысына сәйкес келетін ерекшеліктерін ірікте

 

СубэкваторлықТропиктік шөлСубтропиктікТропиктік ылғалды
2???11???????????

1) жауын-шашын аз жауады;  2) жауын-шаын көп жауады;  3) жыл бойы пассаттар соғып тұрады;  4) жыл мезгілдеріне қарай желдер өзгеріп отырады;

5) жазда экваторлық, ал қыста тропиктик ауа массалары басым болады;               6) жыл бойына ылғалды және ыстық;  7) жазда тропиктік, ал қыста қоңыржай ауа массалары басым болады; 8) материктің солтүстігінде орналасқан;                        9) температурасы мен жауын-шашын мөлшерінде маусымдарға қарай елеулі айырмашылықтар болады; 10) криктердің пайда болуына ықпал етеді;                11) материктің басым көпшілігін алып жатыр; 12) материктің оңтүстік батысында орналасқан;

3) Уақытша кеуіп қалатын өзен арналары –

 

4) Австралияда өзендер мен көлдердің аздығы неліктен деп ойлайсың?

 

ІІІ. Қызығушылықты ояту:

Қызықты деректерге көңіл аударайық.

Киви жемісі — Кеден инспекторы Жаңа Зеландиядан келген жәшік ішінде қоңыр-жасыл түсті түсініксіз конструкциядағы жүздеген гранат корпустары күңгірт жылтырайды. Әп-сәтте босап қалған қойманы полиция қоршап алып, әбігерге түседі. Терроризммен күрес мамандары келіп жәшіктегі гранат емес кәдімгі киви екендігін дәлелдейді.

Киви – жемісін жинау бүкілхалықтық мереке Жаңа Зеландияда, Те-Пуке-кивидің астанасы, 0ْْ С температура жағдайында киви дәмді және хош иісті күйінде жарты жыл, ал уйдегі тоңазытқышта бір неше апта бойы сақталады, ол 30 елге тасымалданады.

Эвкалипт ағашы ауыр әрі тығыз сүрегінің өте беріктігі, ол әсіресе кеме жасауда, телеграф бағаналарын, жапырақтарынан дәрі-дәрмек алуда пайдаланады. Тез өседі, ылғал көп қажет етеді. Олар топырақ қабатындаңы суды сорады, сондықтан топырақты жақсы құрғатады. Эвкалипті «безгекке қарсы»  ағаш деп те атайды. Эвколипт өскен жерде батпақ болмайды. Сондықтан да безгек қоздыратын маса ұрғынның өсуіне жағдай жоқ. Батпақты жерді құрғату үшін эвкалипті отырғызады.

 

 

Үйрек тұмсық – су астында көрмейді де, естімейді де. Ол су астында бір минутқа жақын шыдай алады, тәбеті адам айтқысыз күшті. Ол күніне 1 кг, яғни өзінің жеке салмағының жартысындай ас жейді, бірақ оның тісі жоқ, ол асты таңдайына ысқылап, ұсатып жейді, 2 см-дей 2-3 ақ дөңгелек жұмыртқа салады, 10 күннен кейін жұмыртқа жарып шыққан балаларын бес ай сүтімен асырайды екен.

 

 

Молох кесірткесі – оның денесіндегі тікенекті бездер ауадағы ылғалды жеткілікті жұтып отыруға бейімделген.

Коала аюы эвколиптің жапырағын жеп күнелтеді, 1 ағашты жеп біткенше түспейді, егер қажетті жапырақ болмаса коала аштан өледі, басқа азық жемейді. Жапырақта ылғал жеткілікті болатын көрінеді. Австралиялық тайпа коаланы «су ішпеу» деп атайды, бойы 1 метрден аспайды, салмағы 10 кг жуық. Жаңа туылған баласының ұзындығы 2 см, ал салмағы 5 г болады. 5-6 ай сүт емеді. 2 жылда бір рет балалайды, баласын «қолына алып» тербетіп қамқорлық жасайды екен.

 

  1. Жаңа сабақ.

          Жоспары:

  1. Табиғат зоналарының орналасуы.
  2. Өсімдігінің ерекшелігі.
  3. Жануарлар дүниесінің ерекшеліктері, оның өзгеше болуының себептері.

 

  1. «Мағынаны тану» кезеңі

Әр топқа тапсырмалар беріледі, талдап мағынасын түсіндіреді.

1-тапсырма: Материкте қандай табиғат зоналары бар, олар қалай орналасқан?

Оқушылардың табиғат зоналарының бірін-бірі ауыстырып отыруының себебін түсіндіру (Слайд №1).

2-тапсырма: Өсімдіктер дүниесінің ерекшелігіне тоқталу.

1) Ағаштар өздерінің …………………………………………………емес, қабығын жоғалтады.

2) Австралияның жартылай шөл аймақтарында тікенекті акациялардан тұратын биіктігі –  ……. метрге дейін жететін қопалар кездеседі, ол ……………………………..  .

3) Эвкалипттер (500-ден астам түрі бар) сорғыштың ролін атқарады. Д.Кук экспедициясының мүшелері Бенкс пен Соландер бұл ағашты сипаттай келе, өте маңызды бір ботаникалық жаңалық ашты. Ол қандай жаңалық?

4) Акация, кенгуру және эму түйеқұсы Австралияның  ……………. бейнеленген?

3-тапсырма: Жануарлар дүниесінің ерекшелігі мен өзгешелігі неде?

(Оқулық мәтінімен жұмыс жасап, өзінің аңғарымпаздығын тексеру).

1) Коалалар әлемнің ешбір зообағында жоқ. Неліктен?………………………. ……………………………………………………………………………………………………………………….

2) Кенгуру – бұл қызық атау. Аударғанда «Түсінбеймін» деген мағынаны береді. Қалай ойлайсың, осы қалталы жануарға бұл атауды кім беруі мүмкін?………………. ………………………………………………………………………………………………………………………….

4-тапсырма: Слайд  №2. Жануарлар мен өсімдіктердің аттарын және оларды өмір сүру ортасына қарай «қоныстандыр»

VІ.  «Ой-толғаныс» кезеңі.

  • «Австралияның жануарлар және өсімдіктер әлемі» кроссвордын шешу.
  •   Елтаңбасы мен    ақша бірлігін таныстыру.
  • Австралияның кенгуру мен коала т.б. жануарларының терісіне бола аулаудың салдарын, ал эвкалипт ормандарының сиреу себебін түсіндіру.

VІІ. Үйге:

  1. 55 оқуға, кескін картаға табиғат зоналарын түсіру.
  2. «Австралия қалталы періште және молох-кесірткесі» тақырыбында хабарлама әзірлеу.

 

VІІІ. Оқушыларды бағалау (топ жетекшісімен бірге).