Қазақстанның көлдері

416

Сабақтың тақырыбы:   Қазақстанның көлдері

Сабақтың мақсаты:  Бұрынан білетін Қазақстан көлдері туралы білімдерін нығайту.Алдынғы алған білімдерін молайтып, Каспий теңізі ,  Балқаш және Арал теңізі жайлы білімдерін молайтып,кеңейту.

Күтілетін нәтиже: Алдынғы тақрыптағы алған білімдерін кеңейтіп,жергілікті жер компонентімен салыстырып оны өмірде қолдана білу.Қазақтанның көлдері мен өзендерінің әсем табиғатымен танысып,және лоардың экологиясы жайлы білуі.

Сабақтың түрі  Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері топпен, жек ,сұрақ-жауап,демонстрация,картамен жұмыс,кітаппен жұмыс.

Сабақтың жабдықтары:  Интербелсенді тақта, оқулық мәтіндері, кесте, суреттер, үлестірме қағаздар,карталар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушыларды бойларымен тұрғызып,жинақтаймын.

Топтарға бөлу

Оқушыларға үш түрлі кәмпиттерді ұсынып үлестіріп, сол арқылы топтарға бөлу

1- топ Марқакөл

2- топ Жайсан көлі

3- топ Сібе көлдері

Осы кезде Қазақстанның көлдері табиғаты туралы

Оқушылар Қазақстан көлдері бойынша  топқа білініп , өз үстелдерінің  басына жиналады.

Ұй тапсырмасын  тексеру

1-тапсырма :

Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелегі     ………….. түрлі.Екінші ерекшелігі……….

Өзеннің су шығыны дегеніміз …………………………Ертістің  көп жылдық орташа су шығыны ……………….. .Жайықтың  ұзындығы ………., республика жеріндегі  ұзындығы ……….км. Ал  ………. өзенінде Қапшағай СЭС –і салынған.

2- тапсырма: Адасқан объектіні  тап.Жаңа сабақты меңгерту.Оқулықпен жұмыс.

Топтық жұмыс.Әр топ жеке Каспий теңізі ,  Арал теңізі, Балқаш көлі туралы оқып,сипаттамасын өз топтарының ішінде өзара талқылап, түсіндіреді.

Әр топтан оқушылар  шығып өздеріне берілген көл туралы мағлұматты келесі топ оқушыларына түсіндіреді.Картадан көрсетіпотырады.

  1. Сабақты бекітуге және оқулықпен жұмыс. Семантикалық картаны толтыру

Әр топтан  оқушылар шығып Қазақстан көлдерінің экалогиялық жағдайы оны қалай қалпына келтіру жайлы өз ойларын ортаға салады.

  1. Қызықты мәліметтер:

Сарез көлін (Тәжікстан) планетадағы ең үлкен бомба деп атайды.

Сицилиядағы «Өлім теңізі» (Озеро смерти) бар.

Солтүстік Американың Маккензи өзені қыста түбіне дейін қатып қалады.

Антарктида материгінде бір көл табылған: оның суы мұхит суынан 11 есе тұзды және ол 50 градуста ғана қатады екен.

Жайық өзенінің бір жақ жағалауы Еуропада, екінші жағалауы Азияда

Грузиядағы Көгілдір деген көлдің суымен шомылса адам жасарады деген сөз бар.

ШҚО Катон-Қарағай ауданындағы Қаракөл көлінде ешқандай тіршілік жоқ.

Азия шөлдерінде орналасқан Лобнор көлінің нақты орны жоқ, ол құмда жел мен бірге орның ауыстырып отырады.

Егер ондай ойыны:

1-топ:  Егер мен табиғат министры болсам онда…….

2-топ:  Егер мен  мен ақын болсам онда…….

3-топ:  Егер мен суретші болсам онда…….

Жоғарыда аталған мамандардың орнында оқушылар болса Каспий  теңізі Арал теңізі Балқаш көлдерінің экалогиялық жағдайын және жергілікті көлдердің қазыргі жағдайын қалай қалпына келтірер едіңдер деген сұрақтарға әр топ  өз ойларын қорғауы.

Бағалау:

Үй  жұмысы: