ХVІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу

78

Тақырыбы:  ХVІ-ХІХ  ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу

 

Білімділік. Оқушылардың Қазақстан аумағының физикалық географиялық тұрғыдан зерттелуінің басты мақсаты, оған еңбек сіңірген ғалымдар, зерттелудің қазақ елінің дамуына ықпалы туралы мағлұматтарын кеңейту.

Дамытушылық.  ХVІ-ХІХ  ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеулерді карта бойынша сипаттау, қорытынды жасау.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар:  физикалық картасы

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

1) Орта ғасырларда қазақ жерінің зерттелуіне қай халық өкілдері көп үлесін қосқан? 2)  Әбу Наср әл-Фарабидің негізгі еңбектері; 3)  Махмуд Қашқаридің негізгі еңбектері; 4) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай қытай саяхатшыларын бар? 5) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай еуропалық саяхатшылар мен елшілер бар?

«Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесін тексеру

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

1.

2

3.Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

 

16-19 ғғ. аралығында Қазақстан аумағында болған тарихи оқиғаларды еске түсіру. Осы оқиғаларға орай қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан зерттеушілермен таныстыру.
4. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі. 1) Қадырғали Қосынұлы мен С.Ремезовтың еңбегі; 2) 18ғ. І Петрдің зерттеулерге тигізген ықпалы; 3) 18 ғ. әскери экспедициялар; 4) Семенов Тянь-Шанскийдің, Н.А.Северцовтың, И.В. Мушкетовтың, А.Н. Красновтың, Л.С. Бергтың зерттеу жұмыстары мен маршруттарын қарастырып, талдау.
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі Кескін картаға зерттеушілердің жүрген жолдарын түсіру.
6. Сабақты қорытындылау кезеңі 1. 16-19 ғғ. аралығында Қазақстан аумағын қандай зерттеушілер зерттеген? Олардың басты еңбектері қандай? П.П. Семеновқа Тянь-Шанский атауы не үшін берілген.
7. Бағалау кезеңі Сабаққа белсенді қатысып отырған және қорытынды жасай алған оқушыларға жоғары баға қойылады.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі 7 параграфтың сұрақтарына жауап беру. «Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесіне ХVІ-ХІХ  ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу  деректерді енгізу