Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымдары, жазықтары, үстірттері, қыраттары, аласа таулы өлкелері және биік таулары тақырыптарын қайталау

Сынып: 8

Тақырыбы: Қайталау сабағы

 

Білімділік. Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымдары, жазықтары, үстірттері, қыраттары, аласа таулы өлкелері және биік таулары тақырыптарын қайталау. Білімдерін бекіту.

Дамытушылық. Әртүрлі тақырыптық карталармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды дамыту. Карта бойынша тауларға сипаттама беру дағдыларын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру.

Тәрбиелік. Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиетін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: қайталау сабағы

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы,  тектоникалық және геологиялық карталар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдеріМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың іс-әрекеті
1.Ұйымдасты-ру кезеңіОқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
2. Тақырыпты бекіту кезеңіӨткен тақырыптарды бекіту үшін келесі тапсырмаларды береді:

1. Геохронологиялық кестені айтып беру.

2. Қазақстанның геологиялық даму тарихын физикалық карта бойынша толық сипаттау.

3. Қазақстанның физикалық картасынан тектоникалық құрылымдарды көрсетіп, сипаттау.

4. Қазақстанның физикалық картасы бойынша геологиялық құрылысын сипаттау.

5. Қазақстанның физикалық картасы бойынша Қазақстанның пайдалы қазбалары мен олардың кен орындарын көрсету.

Осы тапсырмаларды оқушылар өздігінен орындап, тақтаға шығып, картаның көмегімен жұмыс істейді.
3. Сабақты қорытындылау1. Қазақстанның жер бедері қандай күштердің әсерінен қалыптасқан?

2. Жер бедерінің ерекшелігі неде?

4. Бағалау кезеңіСабақ барысында тапсырмаларды орындауда картамен жұмыс істеу деңгейіне қарай бағаланады.