Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары. Ауаның қысымы және желдер Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы

232

Сынып: 8

Тақырыбы:  Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары. Ауаның қысымы және желдер Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы

 

Білімділік. Қазақстан аумағында ауа массаларының қозғалысы туралы білім қалыптастыру. Арктикалық, қоңыржай және тропиктік ауа массалары ерекшеліктері туралы қалыптасқан білімдерін тереңдету. Ауа қысымы мен желдердің Қазақстан аумағында таралу ерекшеліктерін түсіндіру. «Жергілікті желдер» ұғымын қалыптастыруды одан әрі дамыту. Желдердің табиғатқа және шаруашылыққа тигізетін әсерлері. Қазақстан аумағында ауа температурасының таралу ерекшеліктерін түсіндіру. Маусым және биіктік бойынша температураның таралу заңдылықтары туралы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық. Климат картасымен  картасы арқылы ауа массаларының, желдердің қозғалыстырына және ауа температурасының таралуына сипаттама беру арқылы картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Климаттық карталармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды одан әрі дамыту.

Тәрбиелік. Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиетін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы,  климаттық картасы, Павлодар облысының физикалық картасы

Негізгі ұғымдар: атмосфералық циркуляция, ауа массалары, атмосфералық қысым, жергілікті желдер, температураның тәуліктік және жылдық өзгерістері, изотерма

Номенклатура: Ебі, Сайқан, Шілік, Арыстанды-Қарабас, Қордай, Мұғалжар желдері.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1.Ұйымдасты-ру кезеңі Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

 

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

Ең алдымен кескін карталарын тексереді. «Күн радиациясы» ұғымын бекіту үшін мынадай сұрақтар мен тапсырамалар береді:

1) Негізгі климат қалыптастырушы факторларды атаңдар.

2) Күн радиациясы дегеніміз не?

3) Күн радиациясының қандай түрлерін білесіңдер?

4) Картадан Қазақстан аумағында жиынтық күн радиациясының таралуын анықтап, оның әр түрлі болу себебін түсіндіріңдер.

Кескін карталарын мұғалімге тексертеді. Сұрақтарға жауаптары:

1) Күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы, төсеніш беті

2) Күн радиациясы дегеніміз – Күннен шығатын сәулелі қуат.

3) Күн радиациясының түрлері – тура, шашыранды, жиынтық, жұтылған, шағылысқан

4) Жиынтық күн  радиациясы солтүстіктен оңтүстікке қарай артады. Бұл оның қоңыржай ендігінің оңтүстігіне қарай орналасуына байланысты болатын құбылыс.

3. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі 1) Ауа массасы дегеніміз не?

2) Ауаның қысымы дегеніміз не?

3) Жер бетінде температураның жылдық өзгерісіне қандай факторлар әсер етеді?

4) Бір тәулік ішінде температура қандай себептерге байланысты өзгереді?

5) Биіктеген сайын ауа температурасы қалай өзгереді? Оның себебі неде?

1) Өзіне тән қасиеттері бар: температурасы, ылғал мөлшері бар үлкен ауа көлемін ауа массаслары дейміз.

2) Ауаның қысымы дегеніміз ауаның жер бетіне түсіретін салмағы.

3) Жыл мезгілдерінің өзгеруіне байланысты, яғни Жердің Күнді айнала қозғалуына байланысты жыл бойында температураның таралуы өзгереді.

4) Күн мен түннің ауысуына байланысты, яғни Жердің өз білігінен айналуы әсер етеді.

5) Биіктеген сайын ауа температурасы төмендейді. Күн сәулелері ауадан кідіріссіз өтіп, оны тікелей қыздырмайды. Ең алдымен жер беті жылынып, содан кейін ауаға тарайды.

3. Жаңа мате-риалды меңгеру кезеңі. Жаңа тақырыпты келесі жоспар бойынша меңгереді:

1. Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары.

2. Ауаның қысымы

3. Желдер

4. Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы

Мұғалім жоспардың әр бөліміне қысқаша сипаттама жасап, қалғанын оқушыларға өздері сипаттайтындай тапсырмалар мен сұрақтар беру арқылы меңгертеді.

Тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтінімен және климат картасымен жұмыс істейді. Оқушылардың жоспар бойынша орындайтын жұмыстары:

1. Мұғаліммен бірге талқылай отырып, атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындарының болатындығы мен оның әрдайым қозғалыста, сипаты бойынша әр түрлі болатынын анықтайды. Кейін Қазақстан аумағына әсер ететін ауа массаларының типтерін анықтайды: олар үшеу – арктикалық, қоңыржай (полярлық) және тропиктік.

2.  Қысымның таралуына сипаттама береді: Қазақстан аумағында қысым біркелкі таралмаған, мұнда қысымның маусымдық өзгеруі байқалады. Оған Сібір антициклоны мен оның о-б тармағы – Воейков белдеуі, Азор антициклонының шығыс тармағы әсерін тигізеді. Кейін республиканың әр жеріндегі қысымның мөлшерін қарастыра келе, оның таралу ерекшелігіне тоқталып кетеді.

3. Желдің таралуы атмосфера қысымының таралуы мен жер бедеріне тікелей байланысты екенін анықтайды. Желдің маңызын анықтап, республикадағы оның орташа температуралары мен жергілікті желдерінің түрлерін анықтайды: Қазақстан жерінде тау аңғарлық, сайқан, ебі, шілік желдері, дауыл соғады.

4. Қазақстан аумағында ауа температурасының таралу ерекшеліктерін анықтайды: ол аумақтың созыңқы болуына және жер бедеріне байланысты. Орташа жылдық температура: солтүстікте 0,4°С-ден оңтүстікте 13,7°С-ге дейін. Ең суық ай – қаңтардың айының орташа темп. солтүстікте -19°С, оңтүстікте -1,5°С. Ең суық жер Атбасар -57°С, ең жылы ай – шілде айының орташа темп.  солтүстікте 19°С, оңтүстікте 28-30°С, ең жоғары темп-лар солт-те 41°С, оңт-те 47°С. Температура инверсиясы – қысқы уақытта тау алдында, тау аралық қазаншұңқырларда, өзен аңғарларынан тау беткейлеріне биіктеген темп-ның сайын жоғарылауы. Ал шілде айында биіктеген сайын ауа темп-сы төмендейді. Орташа жылдық амплитудасын анықтайды.

4. Жаңа тақырыпты бекіту Жаңа тақырыпты бекіту ретінде: 1. Кестені толтыру тапсырмасын береді;

2. Климат картасы бойынша қаңтар мен шілде айларының орта температураның солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай қалай өзгеретінін байқау. Себебін түсіндіру

1. Кейін республика аумағында соғатын күшті желдерді сипаттайды. Оны мына кестеге салады:

 

Қазақстан аумағында соғатын желдер

Желдің қалыптасатын аймағы

Жылдамдығы, бағыты, соғу ұзақтығы

Ерекшеліктері

 

1) Ебі желі

Қытай жеріндегі Ебі-Нұр көлінің үстінде жоғары қысым әсерінен п.б.

60-80 м/с, Орта Азиядан Жоңғар қақпасы арқылы Алакөлге (о-ш-тан с-б-қа қарай), 70-100 күндей соғады

Желдің ішкі температурасы айналасының температурасынан 8-10°С.

2) Сайқан желі

Алакөл үстінде жоғары қысым орнағанда п.б.

50-60 м/с, с-б-тан о-ш-қа қарай Ебі желіне кері бағытта, 2-3 тәулікке созылуы мүмкін

Алакөл ойысында темп. 30-37°С-қа төмендейді. Көл деңгейі 1 м-ге көтеріледі. Қыркүйек – сәір айларында күшті соғады

3) Шілік желі

Шілік өзенінің бастау алатын мұздықтар өңіріндегі салқын ауаның Іле аңғарына қарай ығысуынан пайда болады

8-10 м/с, күндіз с-б-тан  о-ш-қа қарай, түнде о-ш-тан с-б-қа қарай соғады

Бір тәулік ішінде бағытын өзгертеді, қыста үдей соққан жел қарды ұшырып, жол қатынасын қиындатады

4) Арыстанды-Қарабас

Қаратау жотасының о-б беткейіндегі Арыстанды өзенінің аңғарымен соғады.

35 м/с, солтүстіктен соғып тұрады

Мойынқұмның үстімен өткенде құмды қара бұрқасын тұрады

5) Қордай желі

Жамбыл облысының о-ш-дағы Жетіжол жоотасы мен Кіндіктас тау аңғарларындағы Қордай асуының үстінен соғады

40 м/с, 55  күн күшті соғады

Қыста Сібір антициклоны орнаған кезде жылдамдығы артады

6) Мұғалжар желі

Мұғалжар тауынан соғады

50 м/с, оңтүстік және о-б-тан соғады

Күзде батыстан және с-б-тан келетін циклон әсерінен п.б.

2.  Қаңтар және шілде айларында ауа темп-сы солтүстіктен оңтүстікке қарай жоғарылайды, батыстан шығысқа қарай да төмендейді.

5. Сабақты қорытындылау Сабақты қорытындылау сұрақтары: 1. Қазақстан жеріне қандай ауа массалары әсер ететді? 2. Республика аумағында соғатын қандай күшті желдерді білесіңдер? Оқушылардың жауаптары: 1. Арктикалық, қоңыржай, тропиктік ауа массалары

2. Руспублика аумағында Ебі, Сайқан, Шілік, Арыстанды-Қарабас, Қордай, Мұғалжар

6. Бағалау кезеңі Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады. Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады. Ескертулері немесе келіспеушіліктері болса, мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру Тапсырмаларын аяқтамаған жағдайда оларды соңына дейін аяқтау. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тпасырмаларды орындау Күнделіктеріне үй тапсырамасын жазып алады.