Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендері Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама

236

Сынып: 8

Тақырыбы:  Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендері

Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама

 

Білімділік: Оқушыларды Қазақстанның ішкі суларымен таныстыру. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына климат ерекшелігініңәсері болса осыған байланысты ішкі суы да әркелкі таралғанын айту. Өзен жүйесі, өзен алабы, өзен жүйесінің ерекшелігі, өзеннің су шығыны, жылдық ағысын сипаттау. Өзендерінің қоректенуі мен режиміне тоқталып түсіндіру. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жаттын өзендердің және ішкі алаптарға жататын өзендердің ерекшеліктерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Өзендердің қазіргі экологиялық жағдайына тоқталып, оларға мән беруге тәрбиелеу. Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулар, атлас

Сабақтың кезеңдері:  

  1. Ұйымдастыру кезеңі                                           5.  Сабақты қорытындылау кезеңі
  2. Жаңа тақырыпқа көшу 6. Бағалау кезеңі
  3. Тақырыпты меңгеру кезеңі                       7. Үй тапсырмасын беру кезеңі
  4. Тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы:

Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1 Оқушылармен амандасу.  Түгендеу.  Сабаққа дайындығын тексеру. Мұғаліммен амандасу.  Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
2 Жаңа тақырыпты меңгеру үшін ең алдымен кіріспе әңгімелесуден бастап, мынадай сұрақтар қояды:

1) Өзеннің бастауы деген не?

2) Өзен жүйесі деген не?

3) Өзен алабы деген не?

4) Суайрық деген не?

5) Қазақстанның аумағында қандай ірі өзендер бар?

 

 

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарын мұқият тыңдап, оларға жауап береді:

1) Өзеннің басталатын жерін өзеннің бастауы деп атайды.

2) Суы бір-біріне қоысылып, теңізге немесе көлге бір сағамен құятын өзен мен оның салаларының жиынтығы.

3) Жер бетінің өзенге су жиналатын бөлігі. Жеке өзен алаптары бір-бірінен суайрық сызықпен бөлінеді.

4) Өзендердің су жинайтын көршілес алаптарын бір-бірінен бөліп тұратын сызық.

5) Қазақстан аумағында Ертіс, Есіл, Сырдария, Жайық, Шу, Іле, Тобыл өзендері бар.

 

 

 

3 Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін картаны пайдаланып Қазақстан аумағындағы өзендерге тоқталып, олардың ішінде оқушылар атаған 7 өзеннің ұзындығы 1000 шақырымнан асатынын айтады. Өзеннің бағыты мен жылдамдығы сол өзеннің ағып өтетін жер бедеріне байланысты дейді. Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы өзендердің көбі басын таулардан алады. Тау өзендері беткейлері тік, жартасты тар аңғармен ақса, жазық жерлермен ағатын өзендердің ағыны баяу екенін айтады. Қазақстан өзендерінің ерекшеліктеріне тоқталып кетеді: 1 – жасы әр түрлі, 2 – өзендердің әркелкі таралуы.

Оқушыларға сұрақ береді: Қазақстанның өзендері қоректену көздеріне және суының режиміне қарай қандай типтерге жатады? Кейін мұғалім өзі қорытындылайды: Қазақстан өзендері негізінен қар-жаңбыр, мұздық, жер асты суымен қоректенеді. Кейін өзен суының шығыны мен жылдық ағынына сипаттама береді. Өзеннің су шығыны дегеніміз өзеннің су қимасынан 1 секунд ішіде ағып өтетін су мөлшері. Ол м3/с есебімен өлшенеді: Q=Fм2*V м/с.

Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендері: Ертіс, оның салалары Бұқтырма, Үлбі, Оба, Есіл, Тобыл, Шар.

Ішкі алаптың өзендері Каспий, Арал, Балқаш-Алакөл көлдеріне құятынын және кейбір өзендердің құмға сіңіп кететінін анықтайды. Ішкі алаптың өзендері: Жайық, Ембі, Сырдария, Шу, Сарысу, Нұра, Қаратал, Аягөз, Тентек.

Каспий теңізі алабы – Қазақстанның шөл және шөлейт зоналары ішінара орманды даланы қамттиды, шөлейтте өзен торы нашар дамыған, бұған Жайық өзені жататынын айтады.

Салалары: Самара, Шаған, Елек, Ор, олардың халық шаруашылығындағы маңызы ашылады.

Арал теңізінің алабы – Сырдария өзені Қазақстаннан тысқары жатқан Орталық Т-Ш тауларынан басталатынын картадан көрсетеді. Бұл республиканың ең лай өзені дейді. Өзеннің ағынын реттеп, суын егістік пен шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалану үшін өзен бойында Қызылорда, Қызылқұм және Қазалы суару жүйелері Шардара бөгені салынғанын айтады.

Балқаш-Алакөл алабы – бұл алаптың ең үлкен өзені – Іле. Ол Шығыс Т-Ш туларынан басталатын  Текес және Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болатынын картадан көрсетіп түсіндіреді. Оқушылардың сұрақ-жауап әдісін пайдаланып онда қандай СЭС-тер салынғанын сұрайды. Іле өзенінің жағдайына тоқталып, түсіндіреді. Ішкі алаптарды түсіндіргенде Каспий теңізінің алабына: Жайық, Жем өзені, Арал теңізінің алабына: Сырдария, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз өзендері, ал солтүстік және орталық Қазақстан көлдерінің алабына Нұра өзені, сондай-ақ Балқаш-Алакөл алабын айтқанда Іле, Қаратал, Аягөз, Тентек өзендері жататынын және оларға жеке-жеке тоқталған жөн.

Оқушылар Қазақстанның физикалық картасынан өзендердің қалай таралғандықтарын анықтайды.

Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына байланысты өзендер де әркелкі таралған: шөл мен шөлейт зоналарында өзендер аз, ал дала және орманды дала зонасында едәуір көп, жер бетіндегі өзен торларынынң орналасуы сол аймақтың ылғалдану коэффициентіне байланысты екенін айтады.

Басын таудан алатын өзендерді картадан тауып атайды: Іле, Сырдария, Жайық, Есіл, Нұра.

Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді: Қазақстан өзендері қармен, жаңбырмен, мұздармен қоректенеді.

Өзеннің су шығынына мысал келтіреді: Өзеннің көлденең су қимасы 600 м2, ал судың ағыс жылдамдығы секундына 1,6 м2 болса, өзеннің су шығыны секундына 960 м3/с.

Қазақстан өзендерінің алаптарын анықтағаннан кейін, оларға жататын өзендерді жазып алады.

Оқушылар Солтүстік мұзды мұхит алабы өзендерін, ішкі алап өзендерімен салыстыра отырып, бұлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары мен ерекшеліктері бар екенін дәлелдейді. Осы екі алап өзендеріне сипаттама беру жоспарын жазып алады:

1. Өзеннің бастауы, орнының биіктігі, ендік, бойлығы.

2. Өзен ағып өтетін жердің бедері.

3. Жағалауларына сипаттама.

4. Салалары.

5. Құятын жері

6. Су деңгейінің ауытқуы, толысуы.

7. Шаруашылықтағы мәні

8. Экологиялық жағдайы.

Каспий теңізі алабының салалары:  Самара, Шаған, Елек, Ор. Каспий теңізінің алабына: Жайық, Жем өзені

Арал теңізінің алабына: Сырдария, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз өзендері, ал солтүстік және орталық Қазақстан көлдерінің алабына Нұра өзені

Балқаш-Алакөл алабын айтқанда Іле, Қаратал, Аягөз, Тентек өзендері жатады.

Оқушылар: Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і салынып, Қапшағай бөгені пайда болғанын картадан көрсетеді.

4 Тақырыпты бектіу үшін сұрақтар мен тапсырмалар береді:

Оқулықтағы ірі өзендердің су шығынын анықтаңдар.

Қазақстан өзендерінің қоректену көздеріне және су режиміне қарай қандай типтерге бөлінеді? Өзендерді кескін картаға түсіру.

Жоспар бойынша бір өзенге сипаттама беру.

Солтүстік мұзды мұхит алабына жататын өзендерді атап, картадан көрсетіңдер. Бұл алаптағы өзен ағынының тұрақты ма, тұрақсыз ба, себебі не  екенін түсіндіріңдер. Ішкі алап деп нені айтады? Оған қандай теңіздер мен көлдер жатады, атауларын атаңдар. Өзендердің қандай шаруашылық маңызы бар? Қандай өзендерде кеме жүзеді? Қайсысынан электр энергиясын алады? Өзендердің қазіргі экологиялық жағдайы қандай? Физикалық картадан әр алаптың ірі өзендерін тауып, кескін картаға түсіріңдер.

Оқушылар мұғалімнің берген сұрақтары мен тапсырмаларын орындайды:

Қазақстан өзендері негізінен қар-жаңбыр, мұздық, жер асты суымен қоректенеді. Кейін өзендерді кескін картаға түсіреді.

Солтүстік мұзды мұхит алабына жататын өзендер: Ертіс, оның салалары Бұқтырма, Үлбі, Оба, Есіл, Тобыл, Шар. Бұл алаптағы өзендердің ағыны көбінесе тұрақты болып келеді. Себебі, климат ерекшеліктеріне байланысты мұнда ылғалыдылқтың жетеілікті болуына, жауын-шашын мөлшерінің мол болуына байланысты өзендер тұрақты қоректеніп, ағып тұрады. Дүниежүзілік мұхитқа шыға алмайтын алапты ішкі тұйық алап деп атайды. Оағн Каспий, Арал теңіздері, Балқаш-Алакөл көлдері жатады. Өзендер ауыз су ретінде, көркемдік көзі, ағысы жылдам өзендер энергия көзі ретінде пайдаланылады. Ертіс, Жайық, Іле өзендерінде кеме жүзе алады. Ертіс, Іле, Сырдария өзендерінен электр энергиясын алады. Бойында СЭС-ры, металлургиялық комбинаттар жұмыс істейтіндіктен өзендар қатты ластануда.

Ертіс өзеніне сипаттама: 1) Қытайдағы Алтай туларынан Қара Ертіс болып басталады. 2) Өзен алдымен таулы аймақтардан, кейін жазық жерден ағып өтеді. 3) Оң жақ жағалауы тік, жартасты, сол жақ жағалауы жатық келеді. 4) Салалары: Бұқтырма, Үлбі, Оба, Есіл, Тобыл, Шар. 5) Обь өзеніне құйып, ол СММ-на құяды. 6) Суы көктемде қар мен мұздықтар еріген кезде тасиды, жазда қайта тқмендейді. Қыста қататындықтан су деңгейі төмен болады. 7) Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма, Өскемен СЭС-ры салынған. Сонымен қатар металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді. Балық ауланады, кеме жүзеді. 8) Өзен қатты ластануда.

5 Сабақты оқушылармен бірге қорытындылайды. Сабақта не білгенін, не үйренгенін айтып қорытындылайды.
6 Сабақ барысында белсенділігіне байланысты бағаланады. Күнделіктеріне бағлаларын қойдырады.
7 Үйге: тақырыпты қайталау, сұрақтарға жауап беру. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.