Шығыс Еуропа елдері

Сабақтың  тақырыбы: Шығыс Еуропа елдері

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік:  Шығыс Еуропа елдерінің  географиялық орны мен  кұрамына жалпы

шолу;Табигат жағдайлары мен ресурстарына тоқталу.

Тәрбиелік:  Шығыс еуропа елдерінің  экономикалық-географиялық және геосаяси

жағдайымен таныстыра отырып,өз отанының өркендеп өсуіне үлес қосуға

тәрбиелеу

Дамытушылық: Шығыс еуропа елдерінің геосаяси жағдайын меңгерту

 

Көрнекі құралдар: Шығыс еуропа елдерінің физикалық және экономикалық картасы.кеспе қағаздары.

 

Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,ассоциация әдісі,графикалық диктант

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Оқушыларды түгелдеу.

Ә)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

(Сұрақ-жауап)

1.Батыс еуропа елдеріне қандай мемлекеттер кіреді?

2.Батыс еуропаның  дамыған мемлекеттерін ата?

3.Еуропаның басым көпшілігі қандай тілді қолданылады?

  1. Неліктен еуропаның теңізге жақын елдері қарқынды дамыған?

5.Еуропадағы ең жетекші саланы ата?

6.Батыс еуропаның ергежейлі елдерін ата?

7.Еуропаның жалпы ішкі өнімінің үлесі қай саламен байланысты арқылы артып отыр?

8.Қаржы орталықтарымен және станок сағат өндірісімен танылған мемлекет?

9.Батыс еуропада ұлттың қартаюы проблемасы  орын алып отыр.Неліктен?

10 Батыс еуропаның индустрияландыру кезеңіне жаңадан қадам басқан елдерді ата?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 графикалық диктант

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

  1. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдеріне 20 мемлекет кіреді.
  2. Швейцария мемлекетінде 620 банк бар.
  3. Нидерланды мемлекетінің астанасы – Мадрид.
  4. Нидерландының заң шығарушы органы парламент емес.
  5. Солтүстік Еуропа тұрғындарының орташа өмір жасының ұзақтығы ер кісілерде 77 жас.
  6. Испания елін мекен ететін Қытайлар.
  7. Норвег флотында 632 кеме бар.
  8. Испанияда өсімдік шаруашылығы 53 % дамыған.
  9. Испанияда сыртқы экономикалық байланыстар дамымаған.
  10. Испанияға жыл сайын 58 млн-нан астам туристер келеді.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Жоспары:

  1. Шығыс еуропаның Экономикалық –географиялық  геосаяси жағдайы.
  2. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.
  3. Халқы.Шаруашылығы.Сыртқы экономикалық байланыстары.
  4. Өнеркәсібі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығыс Еуропа елдері ХХ ғасырда тарихи-әлеуметтік және экономикалық даму жағдайының ортақтығымен ерекшеленеді.Аймақтың саяси картасының қалыптасуына,негізінен,ХХ ғасырдағы,екінші дүниежүзілік соғыстан соңғы кезеңдегі саяси оқиғалар себепші болды.1945 жылы Югославияда монархиялық билік құлатылып,6 республикадан тұратын Югославия кеңестік федерациялық республика жарияланды.

Шығыс Еуропа елдері Балтық,Адриат және Қара теңіздері аралығындағы біртұтас аумақтық бөлікті алып жатыр.Аймақтың бес елі арқылы Дунай өзені ағып өтеді,ол Венгрия мен Словакия елдерінің  мұхитқа шығу мүмкіндігін туғызады.

Шығыс Еуропа  жерінің көп бөлігін Шығыс еуропа платформасы алып жатқандықтан жер бедері жазық болып келеді.Ірі жазықтарға Балтық бойы,Полша,Орта және төменгі Дунай ойпаттары жатады.Аймақтың орта бөлігінде Судет,Морва полезойлық аласа таулар, ол оңтүстігінде Альпі қатпарлығы кезінде көтерілген. Орта биіктіктегі Карпат, Динар, Стара-Планина, Родопи таулары орналасқан. Климаты қоңыржай континентті сипатқа ауысады. Көбінесе ашық аязды болып келеді. Аяз -20º, -30ºС-қа төмендейді. Ал жазда +28º, +29º С-қа дейін көтеріледі.

Халқы. Аймақта Батыс еуропа мен салыстырғанда халықтың жалпы саны онша көп емес,шамамен 135 млн – ға  жуық. Халқы ең көп ел Польша.(38,6), халқы аз ел Эстония 1,5 млн адам.Этгостық құрамы славян тобындағы халықтар басым,оларға поляктар,чехтар,словактар,болгарлар,сербтер,хорваттар жатады.Ең көп ұлтты мемлекет Югославия 20 астам ұлттар тұрады.Діни ұстанымдары католиктер, латыштар – протестанттар,Балқан елдерінде православия діні басым.

Шаруашылығы Шығыс еуропа елдері қазіргі кезеңде өзінің даму бағытында көптеген қиындықтарға тап болып отыр.О ең алдымен, Кеңестер Одағы,Чехословакия сиақты елдердің ыдырауы мен елдер арасындағы  әлеуметтік және саяси мәселелердің күрделенуімен түсіндіріледі.  Сол сияқты жекелеген елдердің дүниежүзілік шаруашылық пен еңбек бөлінісіндегі бағыт-бағдарының өзгеруі де өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Әсіресе электр энергетикасы, машина жасау, химия өнеркәсіптері қарқынды дамуда.

Өнеркәсібі. Отын-энергетика өнеркәсібі мұнай тапшылығына байланысты таскөмір мен қоңыр көмірге негізделген.

Тас көмірдің аса ірі қоры Польша жеріндегі жоғарғы Силезия мен Чехиядағы Острова-Корвин, Болгариядағы шығыс Марица кен орындарында шоғырланған. Соңғы кезде атом энергетикасы кеңінен қолдануда.Оларға: Козлодуй (Болгария), Трнава (Славакия), Пакш(Венгрия) жатады.

МемлекетЖерінің ауданыХалқыАстанасы  Мемлекет құрылымы  Ақша бірлігі

Металлургия өнеркәсібі соғыстан кейінгі кезеңде аймақ елдерінің (Балтық бойы елдерінен басқа) барлығында дамыды. Түсті металлургия жергілікті шикізат, ал қара металлургия өнеркәсібі сырттан әкелетін шикізаттты пайдаланды.

Машина жасау өнеркәсібі – аймақта ең маңызды өнеркәсіп саласы, әсіресе Чехияда жақсы дамыған. Өнімдерінен пракат стандары, ұста-пресс, кәсіпорындарға қажетті құрал-жабдықтар, есептеу техникалары ,тұрмысқа қажетті техникалар түрлерін көптеп шығарады.

Химия өнеркәсібі өзінің дамуы жөнінен Батыс Еуропадан артта қалған. Венгрияда химия – фармацевтика, Польшадағы мұнай-химия, Болгариядағы мұнай-химия кәсіпорындары қарқынмен дамуда.

Жеңіл өнеркәсіп аймақта жақсы дамыған. Тоқыма өнеркәсібі Польша мен Венгрияда жақсы дамыған. Әшекей заттар, қарындаш шығарудан Чехия. Тері заттарын шығарудан Болгария.

 

  1. Жаңа сабақты пысықтау

 

  1. Жаңа сабақты бекіту

(Ассоциация әдісі)

Шығыс Еуропа елдері

ҮІ.Қорытынды

ҮІІ.Бағалау.

ҮІІІ.Үйге тапсырма.

  • 4 Шығыс еуропа елдері

Реферат жазу.Кесте толтыру

Пайдаланылған   әдебиеттер:

1.География -11 сынып.

2.Әдістемелік журнал география