Климаттық қалыптастырушы факторлар. Жер шарындағы климаттық белдеулер

132

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар

Тақырыбы: Климаттық қалыптастырушы факторлар. Жер шарындағы климаттық белдеулер

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқулықтың тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін арттыру, график сызба білуге, жылдам есептеуге үйрету
  2. Дамытушылық: Жаңа технологияларды пайдалана отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру, білімге құштарлығын, ізденімпаздылығын дамыту
  3. Тәрбиелік:            Оқушыларды табиғаты, елін жерін сүюге оны құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Климат картасы, суреттер, оқулық, кескін карта

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин)
1. Ұйымдастыру 1-2
2. Үй тапсырмасын сұрау 10-12
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру 2-3
4. Жаңа сабақты түсіндіру 18-20
5. Жаңа сабақты бекіту 5-6
6. Үйге тапсырма беру 1-2

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  сәлемдесіп, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып, жаңа сабақ түсіндіруге кірісемін

Жаңа сабақты түсіндіру:

Жер шарының климаты алуан түрлі. Ол Жер бетінде Күннің жылуы мен атмосфералық жауын-шашынның әркелкі таралуына байланысты болады. Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П. Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.

Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларына бөлінеді:

  1. Экваторлық белдеу – қысым төмен, жыл бойы экваторлық ауа массалары әсер етеді. Күн сәулесінің мол түсуіне байланысты бұл белдеуде бүкіл жыл бойы ауа температурасы жоғары болады. Жауын-шашщын мол түседі, ауа райы ыстық, ылғалды әрі қапырық болады.
  2. Тропиктік белдеу – жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Сондықтан бұл белдеуде тұрақты жоғарғы қысым мен төмен бағытталған ауа қозғалысы басым. Жазда температурасы өте жоғары, ал қыста салқын болып келеді. Тропиктік ауа массалары әдетте өте құрғақ
  3. Қоңыржай белдеу – жыл бойы қоңыржай ауа массалары мен батыс желдері басым болады. Мұнда едәуір салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жалпы алғада біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады.
  4. Арктикалық және антарктикалық белдеу – жыл бойы арктикалық ауа массалары әсер етеді. Жыл бойы ауа температурасы төмен болады. Полюске жақындаған сайын табиғат жағдайы қолайсыз сипат алады.

Өтпелі климаттық белдеулер негізгі белдеулердің аралығында орналасқан. Олардың аттарындағы «суб» сөзі латынның «таяу, маңы» деген мағынаны білдіреді.

Өтпелі климаттық белдеулер: субэкваторлық, субтропиктік, субарктикалық және субантарктикалық.

Жаңа сабақты бекіту:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жер шарындағы климаттық белдеулерді көрсетіңдер
  2. Олардың қайсылары солтүстік және оңтүстік жарты шарларда қайталанып отырады
  3. Өздерің тұрған жерде қандай ауа массалары, желдердің басым болатынын, ауа райы сипатының белгілерін және оның қандай климаттық белдеуге сәйкес келетінін анықтаңдар.

 

Қорытынды:      Қорытындылай келе, бүгінгі сабағымызда, климат қалыптастырушы факторлар және Жер шарыедағы климаттық белдеулер туралы таныстық, білдік

 

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Жер шары картасынан 13 климаттық белдеуді салып келу. Қосымша деректер жинау, климат картасын жасау.