Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

127

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқушыларға материк жағалауындағы мұхиттармен таныстыра отырып, ішкі және шеткі теңіздеріне тоқталып теңіздер туралы ұғымдарын қалыптастыру және ерекшеліктерін анықтау.

            2.Дамытушылық:        Оқушылырдың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты дамыту.

  1. Тәрбиелік: Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Еуразияның ішкі сулар картасы, оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі 4 мұхиттың да сулары шайып жатыр. Олар материк жағалауларын түрліше тілімдеп, өте көп жағалық теңіздер мен шығанақтар, бұғаздар жүйесін құрайды. Материктің әсіресе батысы мен шығысы күшті тілімденген.

Материктің батысы мен оңтүстік-батыс жағалауын шайып жатқан Атлант мұхиты мен оның теңіздерінің материк табиғатына тигізетін әсері зор. Гольфстримнің жағасы болып табылатын Солтүстік Атлант жылы ағысының  тропиктік белдеулерден алып келген жылы сулары әсерінен Еуропаның солтүстік-батысындағы мұхит сулары қыста қатпайды.

Атлант мұхитының ең таяз бөлігі Балтық және Солтүстік теңіздері мен Британ аралдарының жағалауларында орналасқан. Мұхиттың ең таяз жері – Солтүстік теңіздегі Доггер-Банка қайраңы, оның тереңдңгі 13 м. Одан солтүстікке, батыс пен оңтүстікке қарай мұхит күрт тереңдей бастайды. Исландия аралы маңынан мұхиттық орталық бөлігі арқылы өтетін дүние жүзіндегі ең ірі, әрі биік су асты Орталық Атлант жотасы басталады. Мұнда сөнбеген жанартаулар көптеп кездеседі, олардың кейбіреуі жанартаулық аралдар тобын құрайды. Олардың ірісі – Исландия аралы.

 

Атлант мұхиты мен оның теңіздерінде әр түрлі табиғат байлықтары мол. Солтүстік және Жерорта теңіздерінің қайраңдарында мұнай мен газдың мол қоры бар.

Бүгінгі күні Жерорта теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту жөнінде халықаралық Келісім шартқа қол қойылды. Мұнай өндіру мен тасымалдау нәтижесінде  Солтүстік теңіздің де су бетін мұнай дақтары жапқан. Күшті ластану әсерінен Атлант мұхиты өзін-өзі тазарту қабілетінен айырылған. Сондықтан Атлант мұхитын табиғи ластанудан қорғау да халықаралық деңгейде қабылданған келісімдер негізінде жүргізілуде.

Солтүстік мұзды мұхит пен оның теңіздері Еуразияның солтүстік жағаларын алып жатыр. Мұхиттағы ең үлкен теңіздер – Норвег теңізі мен Ақ теңіз. Мұхиттың ең терең жері – Гренландия теңізінің солтүстігіндем – 5527 м. Ағыстары – Солтүстік Атлант ағысының жалғасы мен Трансарктикалық ағыс. Мұхитта көпжылдық мұздар қалыптасқан. Қыста шығысында температура — 40ºС, жазда — 0ºС. Жауын-шашын 100-200 мм-ден аспайды.

Тынық мұхит пен теңіздері материктің шығысын шайып жатыр. Жағалауы күшті тілімденген, аралдары көп. Ағыстары: Солтүстік Пассат, Куросио, Солтүстік Тынық мұхиты ағысы, Курильсуық ағысы. Су температурасы солтүстік — 1ºС, экватор маңында +29ºС.

Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстік жағалауын алып жатыр. Ұсақ аралдар көп кездеседі. Теңіздері: Аравия, Қызыл теңіз. Ағыстары – жылы муссондық ағыстар. Қысы жылы, жазы ыстық дауылды, судың беткі температурасы +25º, +30ºС. Мұхиттағы тіршілік дүниесі өте бай. Үнді мұхитында Парсы шығанағы мұнай, газ қоры мен өндіруден жетекші орын алады.

 

Жаңа сабақты бекіту:

 

  • Физикалық карта бойынша Еуразия жағалауларын қандай мұхиттардың сулары шайып жатқанын және олардың басты белгілерін анықтаңдар.
  • Карта бойынша Еуразия жағалауындағы ірі портты қалалар (қалаулары бойынша) арасында теңіз саяхатын жасаңдар.
  • Қандай мұхиттар мен теңіздерді, шығанақтар мен бұғаздарды басып өтіп, қандай түбектер мен аралдарды айналып өту қажет екенін анықтаңдар.

 

Қорытынды:  Бүгінгі сабақта, Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді танып білдік.

 

Үйге тапсырма: §15 оқу. Кескін картаға Еуразияның жағалауындағы     мұхиттар мен мұхиттарды түсіру