Еуразия материгінің пайдалы қазбалары

59

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Пайдалы қазбалар

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқушыларға Еуразия материгінің пайдалы қазбаларының маңызы мен ерекшеліктері дүние жүзіндегі алатын орнына тоқталу.

            2.Дамытушылық:        Оқушылырдың  пәнге деген қызығушылықтарын ояту, тестпен жұмыс істеуге, картаны дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру.

  1. Тәрбиелік:  Оқушыларды басқа мемлекеттердің пайдалы қазбаларын біле отырып, өз еліндегі, жеріндегі табиғат байлықтарын көзінің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Еуразияның пайдалы қазбалар картасы, оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақ:

Еуропа мен Азияның жер бедері бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Еуропа ойпатты, аласа таулы болып келеді, биік таулар тек оңтүстік бөлігінде ғана шоғырланған. Еуропаның негізгі бөлігін дүние жүзіндегі ең ірі жазықтардың бірі – Шығыс Еуропа жазығы мен Орта Еуропа, Дунай бойы ойпаттары алып жатыр. Скандинавия, Орта Еуропаның аласа таулары және Орал Еуропаның аласа таулы бөлігін құрайды. Бұл таулар палеозой эрасында қалыптасып, кейінгі дәуірлерге сыртқы күштер әсерінен күшті үгілуге ұшырап аласарған. Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуіндегі Альпі, Карпат таулары, Пиреней, Апеннин және Балқан түбектерінің таулары Еуропаның биік таулы аймағын құрайды. Биік таулардың шыңдары үшкір, беткейлері тік жарлы, қия болады. Таулардағы мұз басулармен байланысты мұндай жер бедері альпілік жер бедері деп аталады. Бұл аймақтардағы жер қыртысының жарылыстар бойымен төмен түсуінен Такла-Макан, Жоңғар ферғана, Балқаш-Алакөл сияқты тау аралық қазаншұңқырлар пайда болған. Ыстықкөл, Зайсан қазаншұңқырларын көлдер алып жатыр. Ал кейінгі көтерілулер онша қарқынды болмаған  Орал, Сарыарқа, Қаратауда мүжілген қалдық таулы, ұсақ шоқылы жер бедері басым келеді.

Пайдалы қазбалары.

Еуразия пайдалы қазбаларға өте бай. Пайдалы қазбалар түзілу жағдайларына байланысты магмалық және шөгінді болып екі топқа бөлінеді. Магмалық п.қ-р жер қойнауынан жарылыстар бойымен магманың сыртқа көтерілуімен түзіледі. Олар негізінен кристалды жыныстар ашық немесе жер бетіне жақын жатқан аудандарда шоғырланған. Магмалық жолмен түзілген темір кен орындары Үндістанда, Қытайдың солтүстік шығысында, Ресейде (Курск магнит аномалиясы) және Скандинавия түбегінде орналасқан. Еуразияның шығыс бөлігі арқылы сирек кездесетіе металдарға бай қалайы- вольфрам белдеуі өтеді. Жоғары температураға төзімді болғандықтан вольфрамнан электр шамының сымы жасалынады. Алтын мен алмастың ірі кен орындары Сібір платформасында жатқан Саха жерінде орналасқан. Ал Үндістан түбегі мен Шри-Ланка аралында ежелден-ақ әртүрлі асыл тастар – сапфир, рубин өндіріледі.

Шөгінді пайдалы қазбалар теңіздік және континенттік шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған. Темір, фосфорит, боксит кендерімен әртүрлі тұздар да шөгінді жыныстар құрамында кездеседі. Жанғыш пайдалы қазбалардың дүние жүзілік қорының көпшілік бөлігі шоғырланған: мұнай мен газ қоры жөнінен Еуразия басқа материктерден алда тұр.

Мұнай мен газдың мол қоры мұхиттағы органикалық заттардың түпкі шөгінділер құрамында ұзақ уақыт жатуы нәтижесінде п.б. қазіргі кезде мұнай құрлықтан ғана емес материктік қайраңдардан да табылған. Мұнай негізінен Парсы шығанағында, Солтүстік және Жерорта теңіздерінде, Батыс Сібірде, Каспий маңы ойпаты мен Каспий теңізі қайраңында, Ұлы Қытай жазығында өндіріледі. Парсы шығанағы мұнай қоры мен оны өндіру жөнінен дүние жүзінде 1-ші орын алады. Таскөмір кен орындары ежелгі жылы су айдындары жағалауларындағы қаулап өскен өсімдіктердің қалдықтарынан түзілген. Таскөмір Еуропаның орта бөлігіндегі Уэльс, Жоғағы Силезия, Рур  және Донецк, Кузнец, Қарағанды алаптарында, Қытай жерінде көптеп өндіріледі. Дүние жүзіндегі аса ірі фосфорит кен орындары біздің еліміздегі Қаратау қойнауында шоғырланған, фосфорит тыңайтқыш өндіруде пайдаланылады. Алюминий алуға пайдаланылатын бокситтің шөгінді кен орындары Қазақстанда, Ұлы Қытай жазығының солтүстігінде, Альпіде кездеседі. Ал таяз сулы көлдер мен теңіздерден ас тұзы мен калий тұздары өндіріледі. Пайдалы қазбаларды өндіру барысында қоршаған ортаға зиян келеді: жер қойнауында бос кеңістіктердің п.б-уы, жер бедері сипатының өзгеруі, ауа мен судың, топырақтың ластануы, өсімдіктер мен жануарларға нұқсан келуі және т.б. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, оларды өндіру барысында табиғатты қорғаудың шараларын ескеудің маңызы зор.

 

Жаңа сабақты бекіту:

         Қорытынды: Еуразияның  пайдалы қазбаларының орналасу заңдылықтарын, кездесетін иаймақтарын қсымша материалдар арқылы баяндап, түсіндірдім.

 

Үйге тапсырма: §16-17 – Оқу, мазмұндау, Қосымша материалдар жинау, тест құрастыру, кестін кртаға пайдалы қазбаларды түсіріп келу.