Еуразия материгінің табиғат зоналары

99

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Табиғат зоналары

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқушыларды Еуразия материгінің табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңыздыларына тоқталу.

            2.Дамытушылық:       Оқушылардың ойлау қабілеттерін, шығармашылықпен жұмыс істеуге, картамен жұмысты жандандыруға есте сақтау қабілеттерін жандандыру.

  1. Тәрбиелік: Басқа елдің табиғатымен таныса отырып, өз елінің, жерінің табиғатын сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Схема арқылы

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Атлас карталар, оқулық, кескін карталар, каточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақ:

         Еуразия солтұстік  жарты шардың барлық климат белдеулерін алып жатқандықтан, мұнда солтүстік жарты шарға тән барлық  табиғат зоналарының жиынтығы кездеседі. Олар материктің көп бөлігінде ендік бағытқа сәйкес, батыстан шығысқа қарай созылып жатыр.

Солтүстіктегі арктикалық аралдардан бастап, тайга зоналарына дейін  табиғат зоналары ендік бағытта тұтас алап болып созылып жатыр. Ал одан оңтүстікке қарай зоналар батыстан шығысқа қарай жіңішке жолақтар түрінде таралады.

Еуразия материгінің табиғат зонасы әр түрлілігімен ерекшеленеді. Онда табиғат зоналарының барлық белгілері бар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, субтроиктік, субарктикалық, арктикалық.

  Табиғат зонасы Табиғат жағдайы Жануарлары мен өсімдіктері
1 Арктикалық шөл Жазы өте суық әрі қысқа. Қысы -40ºС Мүк, қына, балдыр, ақ аю, ақ түлкі
2 Тундра мен орманды тундра Жауын-шашын аз, температура төмен, климаты қатал, күшті жел, қарлы боран жиі болады. Мүк, қына, бұталар, бұғы, бұлан, қоңыр аю, кеген, құр.
3 Тайга Жазы біршама жылы әрі ұзақ. тек қана қылқан жапырақты ағаштар өседі, топырағы күлгін батпақты. Ағаш текті өсімдіктер, қылқанжапырақтылар, қарағай, шырша, май қарағай, самырсын, балқарағай, зубр, бұлан, марал, елік, қоңыр аю, қабан.
4 Аралас және жалпақ жапырақты ормандар Таига мен жалпақ жапырақты ормандары арасында жатыр. Қылқанды, ұзақ  және жалпақ жапырпақты орман, емен және амур барқыт ағашы, лианалар, корей самырсыны. Зубр, аю, кедра.
5 Орманды дала және дала Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазығының оңтүстігінде Алтайға дейін Жалпақ жапырақты ағаштар, емен, үйеңкі, қайың, көктерек, селеу. Қасқыр, қарсақ, түлкі, тышқандар.
6 Шөлейт және шөл, шөлейтті Каспий маңы ойпатынан басталады. Қыста мин.-40ºС, жазда мак.+50ºС. Жусан, селеу, бетеге, бұйырған сексеуіл, қызғалдақ, қаңбақ. Жабайы түйе, құлан, ақбөкен.
7 Қатты жапырақты мәңі жасыл ормандар Жазы ыстық, құғақ, қысы жылы , жаңбырлы. Емен, тығын емені, қарағай, лавр, грек жаңғағы, зәйтүн.
8 Субтропикті дала Жазы өте ыстық Цитрус, анар, жүзім, жер жаңғағы.
9 Субтропикті ылғалды, муссондық ормандар. Жазы ылғалды, қысы біршама құрғақ. Магнолия, камелия, камфора, лавр, бамбук, емен, шамшат, шегіршін. Жолбарыс, қабылан, Гималай аюы, бамбук аюы-панда, маккака, гиббон, тоты құстар, үйректер.
10 Тропиктік шөлдер Ең ыстық, ең құрғақ климат. Құрма пальмасы, бөкендер, онагр, таргыл қорқау қасқыр, шиебөрілер.
11 Саванналар, сирек ормандар Жауын-шашынның түсуі мен мөлшерінің мезгілдері бойынша белдеу ішінде әркелкі болады. Пальмира пальмасы,сандал ағашы, тик, майлы ағаш.
12 Субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандар Аса құрғақ емес, жаңбырлар саваннадан көбірек жауады Жабайы, пілдер, маймылдар.
13 

 

Экваторлық белдеудегі ылғалды ормандар Жауын-шашын мол, температура тұрақты жоғары. Ротанг пальмасы, лианалар, орхидеялр. Мүйізтұмсықтар, бұқалар, макакалар, ит басты маймылдар, ірі орангутандар, жолбарыс, қабылан, тауыс.
14 Биіктік белдеулер Биіктеген сайын ылғалдың артуына қарамастан, ауа температурасы төмендейді Қодас, қар барысы, ұлар, аюлар, арқарлар, буволдар, жабайы пілдер, қабылан, жолбарыс.

Жаңа сабақты бекіту:     

Тест

  1. Қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы –

 А) тундра;

 В) тайга;

 С) шөл;

 Д) орманды тундра;

  1. Тайга мен жалпақ жапырақты ормандар аралығында орналасқан —

А) шөлейт; 

В) арктикалық шөл;   

С) аралас орман; 

Д) шұраттар;

  1. Қоңыржай белдеуінің табиғат зоналары –

А) арктикалық шөлдер;   

В) қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар; 

С) саванналар;

Д) орманды дала және дала;

  1. Жер асты сулары жақын жатқан шұраттарда не өседі?

А) панда;   

В) грек жаңғағы;  

С) құрма пальмасы;  

Д) лавр ағашы;

  1. Экваторлық белдеудің ылғалды ормандарында кездесетін әдемі құсты ата?

А) попугай;   

В) тауыс;   

С) тауық;  

Д) түйеқұс; 

 

  1. Еуразияның оңтүстігіндегі аралдарына қандай белдеу тән?

А) қоңыржай;  

В) тропиктік; 

С) субтропиктік;  

Д) экваторлық белдеудің ылғалды ормандары;

  1. Шөл зонасының ортасында орналасқан атақты шөл –

А) Такла-Макан;  

В) Сахара;  

С) Сарыарқа; 

Д) Қызылқұм;

  1. Бамбук аюы –

А) Гималай аюы; 

В) Гризли; 

С) қоңыр аю;  

Д) панда;

  1. Орманды даланың негізгі жануары –

А) кірпі;  

В) жираф;  

С) піл;  

Д) қасқыр;

  1. Шөлдердегі температура –

А) 30ºС- 40ºС;   

В) 40º-қа дейін;  

С) 50º-қа дейін;  

Д) 40º-тан жоғары;

 

 

 

Қорытынды:  Қорытындылай келе, бүгінгі сабақта Еуразия материгінің табиғат зоналарының түрлерімен таныстырдым. Жаңа сабақты бекіту үшін оқушылардың білімдерін тест арқала тексердім.

 

Үйге тапсырма: §22 оқу. Кескін картаға табиғат зоналарын түсіру. Қосымша материалдар, суреттер қорын жинап әкелу.