Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Азия елдері

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Азия елдері

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік:             Оқушыларға Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Азияның геологиялық экономикалық жағдайына түсінік беру, шаруашылығының дамуымен таныстыру.

            2.Дамытушылық:      Ойлау қабілетін дамыту, әдеби және сауатты сөйлеу, өз бетімен тұжырымдай білу, нақты нәтижелерін айта алуын дамыту.

  1. Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке еңбекке, әділдікке, шешімді дұрыс қабылдауға, өз ұлтын сүюге, жаан-жақты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Материктер картасы, оқулық, суреттер, карточкалар

Сабақтың жоспары:

 Сабақтың кезеңдеріБерілетін уақыт (мин)
1.Ұйымдастыру1-2
2.Үй тапсырмасын сұрау10-12
3.Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру2-3
4.Жаңа сабақты түсіндіру18-20
5.Жаңа сабақты бекіту5-6
6.Үйге тапсырма беру1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, үй тапсырмасын сұрай бастаймын.

 

  • Оңтүстік-Батыс Азия елдері құрамына қандай мемлекеттер кіреді;
  • Оңтүстік-Батыс Азия жер бедеріне қандай ерекшеліктер тән;
  • Оңтүстік-Батыс Азияның әлемдік өркениетінің дамуындағы орны қандай;
  • Оңтүстік-Батыс Азияның қандай елдеріне туристер көптеп келеді, не себепті.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Үндістан түбегі мен оған жалғасып жатқан аралдарды қамтитын Оңтүстік Азия елдері Азияның басқа бөлігіне Гималай таулары  мен Үнді –Ганг ойпаты арқылы бөлініп жатыр. Оңтүстік  Азияның құрамына Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Непал, Бутан, Шри-Ланака, Мальдив Республикасы кіреді. Аймақтағы ең үлкен ел- Үндістан, ал ең кішкентай елдер- Бутан корольдігі мен маржандық аралдарда орналасқан Мальдив Республикасы. Бутан мен Непал тау елдері болып табылады.

 

Оңтүстік Азия Оңтүстік –Шығыс Азия
      Жер бедері өте күрделі. Мұнда Гималай таулары мен ойпатты жазықтар, үстірттер мен таулар көршілес орналасқан. Үнді-Ганг ойпаты оңтүстікке қарай біртіндеп биіктеп Декан таулы үстіртіне ұласады. Оңтүстік  Азия пайдалы қазбаларға бай. Үндістан түбегінде темір, мыс, марганец, хромит, алтын, алмас, графит кен орындары бар. Жағалық жазықтарда мұнай мен табиғи газ кездеседі. Аймақ сирек кездесетін асыл тастарға да бай болып келеді.Климактын қалыптастыруда аймақтың оңтүстіктегі орна мен  Үнді мұхитынан соғатын муссондардың ықпалы зор. Климаты субэкваторлық ауыспалы ылғалды болып келеді. Аптапты ыстық ауа-райы сәуір мен мамыр аралығында жазғы муссонның алдында орнайды. Ауа температурасы +50º -қа жетіп, жер бетін күйдіріп, құрғатып жібереді. Тар шөлі ең құрғақ, ыстық аудандар қатарына жатады. Халық саны көп және тығыз орналасқан. Саны жағынан ең көп халық үнділер, олардың тілі хинди де кеңінен тараған. Оңтүстік  Азиядағы Гималай тауларының баурайы – әлемдік дін болып есептелетін буддизмнің п.б. жері.Құрамына Үндіқытай түбегі, Филиппин аралдары және Малайя архипелагында орналасқан елдер жатады. Бұл елдердің қатарына Индонезия, Лаос, Мьянма, Таиланд, Вьетнам, Камбоджа, Филиппин, Малайзия, Бруней және Малакка түбегінің оңтүстігіндегі аралдарда орналасқан қала – мемлекет Сингапур да кіреді. Аймақтағы ең ірі мемлекет – Индонезия. Бұл елде 150-ден астам ұлттар тұрады, олардың кейбіреулері жекек аралдарда басқа ұлттардан оқшау өмір сүреді. Халық, әсіресе ежелден игерілген ява аралында тығыз қоныстанған.Оңтүстік –Шығыс Азия елдері Еуразия мен Аустрия аралығындағы құрлықтық «көпір» болып табылады.

Аимақтың экватор мен субэкватор белдеулері аралығындағы орнына сәйкес, климаты муссондық сипаттан ылғалды экваторлық сипатқа ауысады.

Оңтүстік –Шығыс Азия халықтарының құрамы да Азияның басқа аймақтарындағы сияқты өте күрделі болады. Саны жағынан басым халықтарға вьетнамдар, лао, тай, бирмалықтарн, малайялықтар жатады.

Өсімдік шаруашылығындағы ең  көп өсірілетін дақыл- күріш, маниок, батат, жүгері, банан, ананас, папайя, саго. Көкөністер жыл бойы өсіріліп бірнеше рет өнім алынады.

 

Жңа сабақты бекіту:

Төмендегі сандарды тиістісіне жаз!

  • Оңтүстік Азия: …………………………………………(1,3,4,8,910)
  • Оңтүстік-Шығыс Азия: ……………………………………(2,5,6,7)

1-Үндістан; 2-Тайланд; 3-Непал; 4-Шри-Ланка; 5-Малайзия; 6-Лаос; 7-Бруней; 8-Пәкістан; 9-Бангладеш; 10-Мальдив.

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта,  Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін жалпы түсінік бердім.

 

Үйге тапсырма: §27 – оқу. Кескін картаға түсіру.