Мектеп пен ата-ана байланысы неге аз?

800
Мектеп пен ата-ана байланысы неге аз?
Мектеп пен ата-ана байланысы неге аз?

Мақсаты: Ата-аналарды пікір айтуға ынталандыру, ортақ шешімді анықтау,болашақты баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу.

Көрнектілігі: қанатты сөздер «Отан отбасының басты ұясы», «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» «Ұяда не көрсе, ұшқанында соны іледі.»

Барысы

Кіріспе сөз. Жылдағы дәстүр бойынша өтетін жалпы ата — аналар жиналысын ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі ата – аналар жиналысы дөңгелек үстел үстінде пікірлесу, ой бөлісу негізінде өтпек.( Осы жерде жиналыстың мақсаты, тақырыбы айтылып кетеді). Алдымен, бүгінгі жиналыстың ата-аналарын ортаға шақырсақ. Ата-аналарды ортаға шақырып шаттық шеңбер құрастыру.

Ойын «Мен дүкеннен не сатып алдым»Менің атым Асель мен дүкеннен алма сатып алдым.Осылай әр қайсымыз атымызды қайталап аламыз.Ал енді мен сіздерге  ата-аналар түрлі түстерді таңдап сол түс бойынша топқа бөлініздер.

Бала тәрбиесі ата – ана үшінде күрделі де жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата – ананың орны бөлек. Осы екі жақты бірлескен жұмыс істеген жағдайда ғана бала тәрбиесінде жақсы нәтиже көруге болады.

Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата – анасының еңбек қорлығы, ұстамдылығы, ақыл — ойы адамгершілігі әсер етпек.

Ата-аналарды үш топқа бөліп отырғыздым. Әр топ өзінің жазылған үстеліне жайғасты. Бірінші топ «Бірлік», екінші топ «Ынтымақ», үшінші топ «Ұлағат» деп аталды. Әр топқа жайғасып отырған соң, оларға  қағаз  таратылып, әр топ өзінің басшысын сайлады.

Берілген таблицаны әр топ жеке-жеке толтырып қойды. Бұл оларға келесі жиналыста осы топпен жұмыс істеуге және топ басшысына міндет әр жиналыста өз тобын жинап алу керек, берілген тапсырманы дер кезінде орындауға және топтың барлық мүшелері жиналыстан қалмай келуіне, бір-біріне қоңырау шалып, шақыруына, мұғалімге де топ басшысына да көмек ретінде өте ыңғайлы нәрсе.   Бірінші бөлімде әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтып шықты.

Шарттары:

  1. Мен қандай ата – анамын? (Сұрақтарға жауап алынады)
  2. Жағдаяттарға талдау жасау.
  3. Сауалнама. Алдымен ата – аналарға сұрақтар беріледі. Дайындалуға бір минут уақыт беріледі.

«Мен қандай ата-анамын?»

  1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
  2. Бала үшін ата – ананың қайсысының беделі жоғары деп ойлайсыз?
  3. Дені сау, тәрбиелі өрелі бала өсіру үшін не қажет деп білесіз?
  4. Бала дүниеге жаман күйде келмейді, бірақ бала өсе келе әрқилы жағымсыз әрекеттерге бой ұрып, әртүрлі мінез көрсетеді, бұған сіздердің көзқарастарыңыз қандай?
  5. Кезкелген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?
  6. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
  7. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
  8. .Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
  9. Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңіздіұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
  10. .Балаңыздың орнынаөзіңізді қояаласыз ба?
  11. Бір сәтте сізге мейірімді ата-ана деп сенуге бола ма?
  12. Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба?
  13. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
  14. Балаңызға уәдеберіп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
  15. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі   жасамай, бір күнеркіндік бересіз бе?
  16. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекі лік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
  17. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Келесі кезекті баланың күнделікті өмірінен алынған кейбір жағдаяттарға кезекті береміз.

1.Жағдаят

(Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Самат пен Сәкен біраз ақылдасты. Саматтың есіне асханада ақша ұсатқан Ербол түседі. Сол Ерболды қорқытып ақшасын тартып алу керек керектігін Сәкенге айтады.)

  • Сәкен: Ербол мұнда кел, Мен ақша тауып алдым.
  • Ербол: Қане ақша?
  • Самат: Ербол сен асханада ақша ұсатып тұрғаныңды көргенмін. Сол ақшаң қайда? Бізге бер.
  • Ербол: Жоқ бере алмаймын. Анам ақшаны қайтарып әкел деген. Анама қайтарып беремін.
  • Сәкен: Әкел ақшаны. Ақша қалтаңда ғой( қалтасынан ақшаны тартып алады)
  • Самат: Сен біздің ақша алғанымызды ешкімге айтпайсың? Айтсан саған жаманболады.
  • Ербол: Анама айтамын (Жылап кетіп қалады)
  • Сұрақ: Осы көріністе баланың қандай қылығын байқадыңыз? (ата – ананың жауабы тыңдалады)

2.Жағдаят

Нұрлан 5 — сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген ынтасы жақсы. Оқыса жақсы оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата – анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап қалдыратын кездері болады. Мектепте өтетін жиындарға келмейді. Білім алу баланың басты міндеті екендігін біле тұра соны орындауға салғырт қарайды.

Сұрақ.

  1. Нұрланның ата – анасының қылығын қалай бағалайсыз?
  2. Ата – ананың бала алдындағы міндеттері қандай?

3Жағдаят

  • Айжан: Дина маған анам ұялы телефон сатып әперді.
  • Дина: Кәне өте әдемі екен қарашы, Айнұр.
  • Айнұр: Әдемі екен бірақ «ең алдымен маған анам білім ал, сабақты жақсы оқы. Өскен соң еңбек етіп, қымбат телефонды сол кезде өзің сатып аласың» деген.
  • Айжан: Айнұр сен сабақ, сабақ деп жүресің. Маған ата — анам «ақша болса бәрін сатып алуға болады» деді.

Сұрақтар:

  • 1. Қазіргі кезде балаларға қымбат зат алып беруді дұрыс деп санайсыз ба?
  • 2.Білімді ақшаға сатып алуға бола ма?

Төртінші бөлімде үш күн бұрын балаларға ата-аналарына арнап жазылған хаттарын тараттамын. Бұл хатта балалар қандай пәнді жақсы көретінің және ата-аналарынана қандай көмек көргісі келетіні туралы жазды. Әр ата-ана берілген баласының хатын іштей оқып жауап жазуларынызды сұраймын.

Бесінші бөлімде  әр топқа жеке-жеке жұмыстар берілді. Әр топ әртүрлі тапсырмаға дайындалды. «Ынтымақ» тобы «Балам-бақытым» деген тақырыпты көрініс түрінде көрсете білсе, «Бірлік» тобы ананың мейірімділігін,қамқорлығын  ортаға шығып, ана рөлінде ойнап көрсетіп шықты.Ал, «Ұлағат» тобы әкенің отбасындағы тірегі екенін диалог бойынша айтып, түсіндіріп шықсын.

Алтыншы  бөлімде  әр топ өздерінің отбасылық эмблемаларын салып, ортаға шығып әдемі сөзбен қорғап шықты.

Рефлексия «Сіз қандай ата-анасыз?

Қорытынды.

Бала өмірдің жалғасы. Балаға өнер үйретіп тиянақты білім беру, абзал азамат етіп тәрбиелеу қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Жанұяның жемісі алтын тірегі, діңгегі – бала. Әр ата – ана өзінің баласын тәрбиелей отырып, өзінің қоғам алдындағы, жауапкершілігін еш уақытта ұмытпауы тиіс. Егер ата – ана баласын саналы, адамгершілігі мол, рухани жағынан жетілген, еңбекқор етіп тәрбиелесе онда еліміздің болашағы жарқын деп айта алар едік. Кейбір ата – аналар өз перзенттерін шектен тыс еркелетіп баланың бетінен қақпай көңіліне қарап тәрбиелейді немесе отбасындағы өнегелі тәрбие мөлшеріне немқұрайлықпен қарайды. Ал мұндай көріністер баланың бойында кері қасиет пайда болуына тікелей себеп болады. Бүгінгі берілген сұрақтар, жағдаяттар да біз баланың бойында кездесіп қалатын осындай әрекеттерді, қылықтарды көрсете отырып, одан аулақ болудың әдістерін қарастырып көрдік. Дұрыс тәрбие көрсе ғана баланың саналы, жоғары адамгершілікті, рухани бай, тұлға болып қалыптасатындығына көзімізді жеткіздік. Ата – ана баласына білім беріп, өмірге нұсқау беретін, ұстаз еңбегін бағалайтындығын түсіндік. Сондықтан үйде ата – ана, мектепте ұстаз бала жүрегінен жол табатындай тәрбиелік мәні зор еңбек етсе, тәрбие өз орнын табар еді деп бүгінгі дөңгелек үстел басындағы пікірлесуімізді аяқтаймыз