«Таза бұлақ» Ы. Алтынсарин

Батыс Қазақстан облысы

Шыңғырлау ауданы

Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Самиева Балкенже Оңғарбекқызы

 

 

Пән. Әдебиеттік оқу.

Тақырыбы: «Таза бұлақ» Ы.Алтынсарин

Мақсаты:

Автор туралы еске түсіру арқылы мәтіннің мазмұнын түсініп айтуға дағдыландыру;

 

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар өз ойларын, пікірлерін ашық айта біледі;
  • Жаңа сөздерді меңдерді;
  • Мазмұнын аша біледі;
  • Нақыл сөздерді тауып, жаза алады;

 

Түрі: Сыни ойлауын дамыту жұмыс түріндегі сабақ.

 

Әдісі: топтастыру, блум таксономиясы, сұрақ- жауап;

 

Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, табиғат, бұлақ, жолаушы суреттері, карточкалар, қосымша материалдар.

 

Тапсырмалар: Тест, «Суреттерді құрастыр», топтастыру, постермен жұмыс, Блум сұрақтарына бағытталған сұрақтар.

 

Барысы:

 

 

 

 

Сабақтың кезеңдеріМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
І. Кіріспе.

Ұйымдастыру бөлімі

— Сәлеметсіздер ме?

— Бүгін сабаққа дайындықтарымыз қалай?

— Бүгін сабақта кімдер жоқ?

— Сабағымызды өлең жолдарымыздан бастайық.

— Сәлеметсіз бе?

— жақсы.

— Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен-

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

 Үй тапсырмасы—         Үй тапсырмасы тест түрінде болады.

 

Тест

1. Шәкәрім Құдайбердіұлы кім?

А) Жазушы, ақын, тарихшы, композитор.

Ә) жазушы, қоғам қайраткері.

Б) Ақын, тарихшы, кұйші.

2.  «Жаз келер» өлеңі қандай мезгіл туралы туралы?

А) Көктем

Ә) Жаз

Б) Қыс

      3. Харекет-

А) шаруашылық

Ә) несіп

Б) әрекет

4. Жалғастыр

«Жаз келер, қыстыгүні қысым өтіп,

…… »

А) Қар, суық, аяз, боран- бәрі кетіп.

Ә) Шал- кемпір күншуақтап, күбірлесіп.

Б) Харекет берсе дағы қанша несіп.

5.  Өлеңде қандай төлдер кездеседі?

А) қозы, бұзау, сиыр, түйе.

Ә) құлын, лақ, қозы, ешкі

Б) Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы.

Бағалау шкаласы

 

«5»«4»«3»«2»
Барлығы дұрыс орындалған1 жауабы ғана қате орындалған2 жауабы ғана қате орындарғанБарлығы да қате орындалған

 

 

 

 

 

Дұрыс жауабы:

1. а

2. ә

3. б

4. а

5. б

(Оқушылар өздерін бағалау шкаласы бойынша бағалайды.)

ІІ. Тұсаукесер

Қызығушылығын ояту.

—         Тақтада үш сөз жазылып тұр. Олар:

«Табиғат», «Бұлақ», «Жолаушы»

— Осы сөздердің мағынасын түсіндіріңдерші.

 

Топқа бөлу «Суреттерді құастыр»

Әр бала қиылған суреттерді таңдайды. Содан соң оларды құрастырады. Тұтас турет құрастырылып болған соң топ-топ болып отырады.
(Табиғаттың, ағып жатқан бұлық, жолдаушының суреті)

1 топ — «Табиғат»

2-топ-  «Бұлақ»

3 топ- «Жолаушы»

— Табиғат- тіршілік нәрі. Қоршаған орта. Туған елім мен жерім.

— Бұлақ- ағып жатқан таза, сөздір су.

— Жолаушы- белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам.

ІІІ.Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

·        Күннің жадын жаздыру

·        Сабақтың  тақырыбын, мақсатын айту.

·        Бағалау критерийлермен таныстыру.

 

Оқушы-

ның аты

ТестОқулық-

пен жұмыс

Шығар-

машы-

лық жұмыс

Сұрақ- жауапӨзін-өзі баға-

лау

Мұғалім-нің бағасы
1
2
3
4
5
6
 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

—         Балалар, Ыбырай Алтынсарин туралы есімізге түсірейік.

—         Ыбырай Алтынсарин кім?

 

 

 

Оқулықтың 132- 134 беттерін  үш топ бөлімдерге бөліп оқып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.

1- топ- бірінші бөлім

1. Үш жолаушы бұлақ басындағы қандай жазуды оқиды?

2. Әрі қарай не болды деп ойлайсыңдар?

2- топ- екінші бөлім

1. Бірінші, екінші жолаушының жазу туралы пікірі не болды?

2. Сен қай жолаушының пікіріне қосыласың?

3- топ- үшінші бөлім

1. Үш жолаушы неге бірдей ойламады?

2. Автор болсаңыз әңгімені қалай аяқтар едіңіз?

         Шын есімі

Ибраһим     Ағартушы     Мұғалім

 

Ақын                                                        Жазушы

Қазақ

хрестоматиясын      Алғаш мектеп

жазды                                  ашты

 

 

(Сұрақтарға оқушылар өздерінің жауабын айтады)

 

 

 

 

 

 

 

(Жауап берген оқушы өзін өзі бағалап отырады)

 

Сөздік жұмыс

 

Ғибрат алу- үлгі алу

 

Сергіту сәті.(Мұғалім бірінші өзі көрсетіп айтады. Балалар қарап тыңдайды. Содан кейін оқушылар қайталайды.)

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталады.

Мынау басым ақылды,

Бәрі осы атқарады.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарады.мынау менің оң аяғым

Мынау менің сол аяғым,

Мынау менің сол аяғым,

Жақсылыққа апарады.

(Оқушылар іс- қимылмен көрсетеді)

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталады.

Мынау басым ақылды,

Бәрі осы атқарады.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарады.мынау менің оң аяғым

Мынау менің сол аяғым,

Мынау менің сол аяғым,

Жақсылыққа апарады.

Шығармашылық жұмыс— Бұнда сендер әр жолаушының пікіріндегі нақыл сөздерді  тауып жазасыңдар. Жазғандарыңызды  айтып шығасыңдар.

«Табиғат» тобы бірінші жолаушының пікіріндегі нақыл сөздерді тауып жазасыңдар.

«Бұлақ» тобы екінші жолаушының пікіріндегі нақыл сөздерді тауып жазасыңдар.

«Жолаушы» тобы үшінші жолаушының пікіріндегі нақыл сөздерді тауып жазасыңдар.

 

 

 

— «Адал қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқталып қалма, ақырында сен де үлкейіп мұратыңа жересің»

— «Біреуге жақсылық етсең ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе»

— «Көңіліңіңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта. Көңілің осы бұлақтай сыртқа ашық көрініп тұрсын»

 

(Оқушылар өзін -өзін бағалайды)

Қорытынды—         Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келесынадай сұрақтарға жа6уап берейік.

1. Үш жігіт қандай бұлаққа кез болды?

 

2. Олар нені байқап қалды?

 

3. Үш жігіттің пікірі бірдей болды ма?

4. Сенің ойыңша қай жігіттің шешімі дұрыс?

5. Бұлақтың, көлдің, өзеннің айырмашылығы қандай?

5. Табиғаттағы заттар бір – бірімен қалай байланысып тұр?

6. Алған ақпарат негізінде сіздер қандай қорытынды жасайсыңдар?

 

 

 

 

 

 

7. Табиғатты қорғау үшін не істер едіңіздер?

 

 

-суы мұздай, шыныдай мөлдір, өте таза бұлаққа кез болды.

— Қазандай қара тасқа жазған жазуды байқап қалды.

— жоқ, әртүрі. Бірақ жақсы мағынада айтылған.

 

-табиғатсыз өмір жоқ

— жақсы істермен айналысамыз

— табиғатты қорғау

— өтірік айтпау

— адамдарға жақсылық жасау

— адал қызмет ету

— ешкімді ренжітпеу

 

— суды ластамай, таза ұстау керек

— табиғатты бүлдірмеуіміз керек

— орманда от жақпау.жақсақ сөндіріп кету керек.

— ағашты сындырмай, ағашты көп отырғызу керек

БағалауКритерийлер бойынша оқушылар әр этап бойынша бағалап отырады. Қорытынды баға шығарады. Содан соң мұғалім бағалайды.
Үйге тапсырма132-134 бет мазмұндау

«Су- тіршілік көзі» тақырыбында шығарма жазып келу.

— Сабағымыз аяқталды.