Географиялық картаны жергілікті жердің планымен салыстыру. Картаның маңызы.

277

Тақырыбы: Географиялық картаны жергілікті жердің планымен салыстыру. Картаның маңызы.

Мақсаты:                                                    

Білімділік: План және карта бөлімінде алған білімді одан әрі бекіту, қайталау. План және карта арасындағы айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстырып, білім беру. Картаның адам өміріндегі маңызы, оның қазіргі және ерте кездегі мәліметтермен салыстыру.

Дамытушылық: План және карталармен жұмыс істеу барысында алған білім мен икемділіктерді одан әрі дамыту.

Тәрбиелік:  География пәніне деген қызығушылықты артыру.Географиялық мәдениетке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: дүниежүзінің физикалық картасы.

Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Жаңа материалды меңгерту кезеңі
  3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
  4. Сабақты қорытындылау кезеңі
  5. Бағалау кезеңі
  6. Үйге тапсырмасын беру кезеңі

Сабақтың барысы

 

Сабақ-тың кезеңде-рі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі

(20 мин)

Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын төмендегі сұрақтарды қою:

—          Карта дегеніміз не?

—          Оның қандай маңызы бар?

—          План дегеніміз не?

План мен географиялық картаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары:

1.      Масштаб айырмашылығы. План өте ірі масштабта сызылады: 1 см-5 м; 1 см-10 м.

2.      Қамтитын аумағының үлкен- кішілігіне қарамастан, картада меридиандар мен параллельдер міндетті түрде сызылады. Меридиандар С-О; Параллельдер Б-Ш бағыттарды көрсетеді.

Планда осындай сызықтар болмайды. Планның дәл жоғарғы жағы- солтүстік, төменгі жағы- оңтүстік, сол жағы- батыс, оң жағы- шығыс бағыттарына тура кеелді.

3.Шағын ғана алқапты қамтитындықтан планда Жер шарының дөңестігі ескерілмей, жер беті жазық дәл есептелінеді. Оның кез- келген жерінде түрлі өлшем жұмыстарын жүргізуге болады. Бейнелейтін жердің көлеміне картадағы бұрмалау мөлшері артта түседі.

4.Шартты белгілердің айырмашылығы. Пландағы шартты белгілер бойынша көптеген заттардың нақты мөлшерін анықтауға болады. Картада ондай мүмкіндік жоқ.

Картаның біз үшін маңызы өте жоғары: 1. Зерттеу жұмыстарына; 2. Бағдар; 3. Танымдық; 4. Климат, ауа райы; 5. Болжам жасау; 6. Пайдалы қазбалар.

 

 

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.

 

 

 

3. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

(10 мин)

«Картаның адам үшін маңызы» эссе жазу.

 

 

 

 

 

 

Эссе жазу. Қысқаша өз ой пікірлерін жазу, оқу.
4. Сабақты қорытындылау кезеңі

(10 мин)

Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:

·         Не себепті планда жер беті бұрмаланбай бейнеленеді?

·         План мен географиялық картаның ұқсастықтары неде?

·         Айырмашылықтары қандай?

·         Картаның күнделікті тұрмыстағы пайдасы туралы мысал келтіріңдер?

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
5. Бағалау кезеңі

(2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
6. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)

§ 16 оқу. План және карта тарауын қайталап келу, кескін карта, атласты алып келу. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.