Мұхит ағыстары

109

Тақырыбы:  Мұхит ағыстары

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларға мұхит ағыстары және олардың пайда болу себептері жайлы білім беру.

Дамытушылық: Кескін картаға тұрақты ағыстарды түсіру арқылы оқушылардың карта, глобус, кескін караталармен жұмыс істеу істеу біліктерін одан ары дамыту.

Тәрбиелік: Су ағыстарының шаруашылықта пайдаланылуытуралы білім беру арқылы табиғат суын қорғау мәселелерін қарастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас

Номенклатура:  Лабрадор ағысы, Гольфстрим ағысы, Батыс желдер ағысы, Куросио ағысы, Шығыс Аустралия ағысы, Солтүстік Атлант ағысы

Сабақтың кезеңдері:  

  1. Ұйымдастыру кезеңі               5. Сабақты қорытындылау кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
  3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
  4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең  Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1 Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2 Ең алдымен оқушылардың дәптерлерін тексереді. Кейін өткен тақырыптың соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды сұрайды. Қателерін анықтап, бірнеше анықтамаларды сұрайды. Оқушылар ең алдымен дәптерлерін тексертеді. Кейін өткен тақырыптың соңындағы сұрақтар мен тапысрмаларды тексертеді. Мқғалімнің сұраған анықтамаларын жатқа айтады.
3 Үй тапсырмасын тексеріп болғаннан кейін жаңа тақырыпқа көшеді.

Мұхитттардың кейбір жерлерінде айналадағы судан айырмашылығы бар зор ағындар өтеді. Олардың ені жүздеген, ұзындығы мыңдаған километрге созылады. Осындай мұхиттардағы су массасының тұрақты түрде белгілі бір бағытта қозғалысын мұхит ағыстары дейді. Кейін осы ағыстарды туғызатын – тұрақты желдер екенін айтады. Экватор маңында африканың жағалауларынан тұрақты желдер ылғи батысқа қарай соғады. Осы желдер Гольфстрим ағысын  тудырады. Мұғалім оқушыларға суық ағыстардың температурасы неліктен төмен болып келеді деген сұрақ қояды.

Оқушылар үй тапсырмасын тексерткеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіруін тыңдайды. Осы жерде мұхит ағыстарының анықтамасын жазып алады: мұхиттардағы су массасының тұрақты түрде белгілі бір бағытта қозғалысын мұхит ағыстары дейді. Олар өткен тақырыпты еске түсіре отырып, байланыстыру (ұштастыру) мақсатында толқындардың пайда болу себептерін еске түсіреді.

Мұғалім Гольфстрим ағысы туралы айтқаннан кейін оқушылар жарты шарлар картасынан ағысты тауып, ол неліктен жылы ағыстарға жатады деген сұраққа жауап іздейді.сонымен бірге Дүниежүзілік мұхиттың әр жерінде суық ағыстар да өтетінін анықтайды. Картаға қарап отырып, Гренландияның батыс жағалауларынан Лабрадор ағысы басталып, ал оңтүстікке қарай Лабрадор түбегінің жағалауларын бойлап өтетінін сипаттайды. Оқушылар суық ағыстар басталатын жердің ендігіне баланысты температурасы  да төмен болатынын айтады.

4 Тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар береді: кескін картаға жылы және суық ағыстарды қызыл және көк сызықтармен түсіру. Олардың аттарын жазу.

Кейін мұғалім оқушыларға неліктен Еуропаның солтүстігі мен батысында қысы жылы болып келеді? деген сұрақ қояды. Осыған жылы ағыстың қатысы бар ма? Егерде болса оны қандай фактілермен дәлелдеуге болады?

Тақырыпты бекіту үшін оқушылар келесі тапсырмаларды орындайды: кескін картаға жылы және суық ағыстарды қызыл және көк түспен түсіріп, олардың аттарын жазады.

Кейін мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап  беру үшін оқушылар оқулықтың мәтінімен жұмыс істейді: Еуропаның солтүстік-батыс жағалауларын (45° с.е. шамасынан бастап) Солтүстік Атлант ағысы шаяды. Ол – жылы ағыс, суының температурасы айналасындағы сулардан бірнеше градусқа жылы болады. Сондықтан осы жағалауларға жұмсақ  климат қалыптастырады.

5 Сабақты оқушылармен біріге отырып қорытындылайды. Ол үшін оқушыларға бірнеше сұрақ қояды: Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды? Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, сабақты өздері қорытындылайды: бүгінгі сабақта мұхит ағыстары туралы, бірнеше жылы және суыұ ағыстарды білдік. Кескін картаға мұхит ағыстарын түсіру қызықты болды.
6 Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай және картамен жұмыс істеу сапасына қарай бағалайды.  Бағаларын күнделіктеріне қойып береді. Оқушылар осы сабақта алған бағаларын біліп, күнделіктеріне қойдырады.
7 Үй тапсырмасы: §42. тақырыпты қайталау, мәтін соңындағы сұрақтармен жұмыс істеу. Номенклатураны жаттау.