Мектептің спорт алаңы.

55

 

4.Сабақтың тақырыбы: Мектептің спорт алаңы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Спорт түрлерімен таныстыру. Спорт зал,спорт ойын өткізу тәртібімен таныстыру.
  2. Салауаттылыққа баулу.
  3. Спорт оындарына қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі:  Доп, хоккей ойынына қажетті заттар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:а) Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?

ә) Серуенге алып шығу.(мектебімізде спорт алаңы, спорт залы)

Сергіту сәті:

б) Денені шынықтыру денсаулыққа пайдалы екеніне тоқталу.

Ерте тұрып ертеңгілік жаттығу жасау керек екенін айтып, дағдыға айналдыру.

в) Өткен олимпияда жайында мағлұмат беру.

ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.

Біз қандай спорт түрлерін білеміз?

Олар қандай жерлерде өтеді?

Спортпен шұғылданған адамның денсаулығы қандай болады?

Ү. Білімді бекіту: Балалар, бүгін біз сендермен спорт жайында танысып, білдік. Бұдан былай денсаулығымыз күшті болу үшін спорттың әр түрімен айналысуымыз керек.

ҮІ.Сабақты қорытындылау:  Спорт алаңында өткізілетін  қандай спорт ойындарын білесіңдер?

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаКүн режимі
Келесі жазбаОқу құралдары