Еуразия. Физикалық — географиялық орны. Материк жағалауындағы мұхиттар, зерттелу тарихы

Тақырыбы:  Еуразия. Физикалық — географиялық орны. Материк жағалауындағы   мұхиттар, зерттелу тарихы

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Ежелгі материктер туралы оқушылардың білімдерін жүйелей отырып,Еуразия материгінің географиялық орны, зерттелу тарихы туралы білімдерін кеңейту;

 2.Дамытушылық: Материктің географиялық орнын ерекшелігін көрсету арқылы  картамен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту; Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  1. Тәрбиелік: Оқушыларды материктің тарихымен таныстыра отырып өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, ой қозғау, сәйкестендіру тест,картамен түсіндіру

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Еуразияның физикалық картасы, оқулық, суреттер, карта,  слайд

Сабақтың барысы: 

 Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып  сабақ барысымен таныстыру, психологиялық дайындық

№1 слайд

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап   қалайық.

«Тілек гүлі»  арқылы оқушылар бір- біріне жүрек жарды тілектерін білдірді.

Ұлт тірегі- білімді ұрпақ қолында,

Ізденіңдер білім алу жолында.

Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте,

Жас қырандар алау оттай жалында. – деп  оқушыларға сәттілік тілеп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Балалар , бүгін біз сабағымызда менгерген білімімізді тиянақтау барысында бірнеше  тарсырмаларды орындай отырып бірнеше сатыларға көтерілеміз. Сол сатылардағы тапсырмалар арқылы біз білім шыңына шығатын боламыз және өзімізге керекті мәліметтерді жинап отырамыз. Енді сол тапсырмаларды орындауға көшейік.

1-сатысы ашылады. №2 слайд

Үй тапсырмасын тексеру:

Солтүстік Америка материгі бойынша тест тапсырмалары берілді.

1.Солтүстік Америка материгінің  экваторға қатысты орны.

а) тек оңтүстік жарты шарда жатыр

ә) көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда

б) экватор материктің ортасын кесіп өтеді

в) тек солтүстік жарты шарда жатыр

  1. Солтүстік Америка материгінің ең төмен жатқан жері.

а) Каспий теңізі              ә) Өлім аңғары

б) Өлі теңіз                     в) Валдес түбегі

  1. Көлемі жағынан ең үлкен арал.

а) Куба                         ә) Гаити

б) Баффин жері           в) Гренландия

  1. Мына белдеудің қайсысы Солтүстік Америкада кездеспейді?
    а) экваторлық ә) арктикалық

б) қоңыржай                в) тропиктік

  1. Солтүстік Америка шығыс жағалауындағы жылы ағыс.

а) Калифорния             ә) Лабрадор

б) Гольфстрим             в) Батыс желдер

 

  1. Майя тілінде дауыл құдайы деген мағынаны білдіретін өте күшті, апатты дауыл

а) Торнадо

ә) Ураган

б)  Толқын

в) Жел

  1. Өлім аңғарының абсолюттік биіктігі.

а) -150 м   ә) -132 м    б) -86 м   в) -403 м

  1. Солтүстік Американың ең ұзын өзені.

а) Миссисипи        ә) Ниагара

б) Макензи            в) Колумбия

  1. Солтүстік Америка материгінің көпшілік бөлігі қай климаттық белдеуде орналасқан?
    а) арктикалық ә) қоңыржай

б) тропиктік                    в) экваторлық

  1. «Прерий» деп нені айтады?

а) шөлді                    ә) саваннаны

б) орманды               в) даланы

  1. Солтүстік Америка материгінің жер көлемі

а) 30,3 млн км                    ә) 24,2 млн км

б) 18,3 млн км                    в) 7,6 млн км

  1. Дүние жүзінде жерінің ауданы жөнінен Ресейден кейін екінші орын алатын, жоғары дамыған ел

а) АҚШ                    ә) Канада

б) Мексика                в) Чикаго

  1. 13. Автомобилдер астанасы деп аталатын кала.

а) Голливуд                    ә) Сиэтл

б) Детройт                  в) Лос-Анджелос

  1. Материкте ерекше қорғауға алынып, Дүниежүзілік қызыл кітапқа енгізілген жануар

а) Қойөгіз                   ә) Гризли

б) Карибу                   в) Койот

  1. Дүниежүзіне әйгілі сарқырама. Ені 1200 м, биіктігі 51 м, бұл сарқыраманың атауы үндістер тілінде гүрілдеуік су деген мағына береді.

а) Анхель                   ә) Ниагара

б) Тугела                    в) Виктория

Жауаптары

12345678
   в     әвабәба
9101112131415
   ә     вәәбаә

Бұл не? Атаудың ұғымын анықтап жаз

1.Абориген-      2.Йеллоустон-      3.Гавана-    4.Тундра-   5.Кайот-     6.Юкон-

7.Грон-     8.Прерий-    9.Секвоя-      10.Эскимос-

2-сатысы ашылады. №3 слайд

Жаңа білімді қалыптастыру:

Қызығушылықты ояту

(Материктер туралы жұмбақтар қою арқылы тақырыпқа ауысу)

Еуразия

Орасан зор материкпін,

Төрт мұхит, төрт қабырғам.

Алуан түрлі тірлігімен

Көп халық менен табылған

Исландия — аралым бар,

Фенноскандия – орманым.

Балқан таумен таралынған

Гималай, Альпі қорғаным.

Арбия – үлкен түбек,

Месопотамия – жазық ойпат.

Орта Азия шөлді өлкені

Жылқы, түйе жүрер жайлап.

Тынық мұхит жағасында

Вулканым бар отты алып.

Ұлы Қытай жазығында

Ырзығын терген көп халық.

Архипелаг Малайзия

Тұрады бес мың аралдан.

Күріш пенен шәй бұта

Бұл жерге тән таралған

Африка

Мен Африка! Қос мұхит арасында

Еуропадан 3 есе үлкен құрлықпын.

Түп атым «Еуразия» тайпасында,

Белімді экватор кескен құрлықпын.

Маймыл, піл, жираф, зебра мекен еткен,

Какаодан жетістікке жеткен құрлықпын.

Солтүстік Америка

Өзім жайлы менде айтып берейін,

Құнды-құнды мәліметтер терейін

Ағаларым өзін айтып мақтанды

Байлығымды мен де мақтап көрейін

Қалың тонды қойбұқам бар,

Қылқанды шырша орманым бар.

Бұлғын, құндыз ондатра –

Ең бағалы аңдарым бар.

Ниагара алып құламадан

Энергия аламын.

Үлкен Антиль, Кіші Антиль

Бағамдай бар аралым.

Гольфстрим ұлы ағысым,

Кордильер таулы тізбегім

Иеллоустон – ұлттық паркке

Барудың жолын іздегін.

Гейзер суы көкке өрлеген,

Секвоялы жасыл орман.

Міне, осы барым менің

Маған  мәңгі  мақтан болған.

Оңтүстік Америка

Шығысым менің кең жазық,

Анд тауы батыс жағында.

Амозонка ең сұлу өзен,

Биік таудан соғылған.

Өсімдігім мимоза,

Кебрачо, кактустар.

Мекен еткен жерімді,

Пума, ягуар жыртқыштар.

Жиырмадан астам елім бар,

Титикака көлім бар

Антрактида

Шынымене мінезім сәл қаттылау

Жақтарым да бар ғой бірақ жақсылау

Мысалы менде ғалымдардың ғылыми

Станциялары жұмыс жасайды бақылау.

Жануарларым тюлень, теңіз мысығы,

Пингвиндердің көрдіңіз талай қызығын

Аустралия

Айтар болсам өзімді

Тыңдаңыздар сөзімді

Ағалардан шалғайдамын

Құрғақшылық бар  аймағым.

Қос мұхитпен қоршаулымын,

Қалталы келеді жануарым

Әлем бойынша қой өсіріп,

Ең бірінші орын алдым

«Ой қозғау»
1) Ескі, ежелгі материкті атаңдар.
2) Солтүстік жарты шарға қай материктер кіреді?

3-сатысы ашылады. №5 слайд

Жаңа сабақ:  Еуразия. Физикалық — географиялық орны. Материк жағалауындағы мұхиттар, зерттелу тарихы.

  Еуразия – дүние жүзіндегі ең ірі материк. Оның ауданы аралдарымен қосып есептегенде 54 млн км² астам, құрлықтың 1/3 бөлігіне сәйкес кееді. Еуразияны екі дүние бөлігі – Еуропа мен Азия құрайды.

Материктің табиғат жағдайларының алуан түрлілігі оны ауданының үлкен болуымен түсіндіріледі. Бұл мынадай табиғат ерекшеліктерінен көрінеді:

Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы – Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы, оның биіктігі 8848 м;

Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер Арабия түбегінің солтүстік-батысындағы Өлі теңіз орналасқан Гхор ойысы. Оның деңгейі 403м;

Жер шарындағы ең үлкен түбек – Арабия, оның ауданы 3млн км² артық;

Солтүстік-Шығыс Сібіріндегі — 71ºС температурасында тікелген Оймякон елді мекені солтүстік жарты шарындағы суықтық полюсі болып табылады;

Ыстық әрі аптапты Үндістандағы Тар шөлінде +53ºС температура байқалған;

Жер шарындағы жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін ауданы – Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейіндегі Черапунджи елді мекені, мұнда жылына 12 мың мм-ден артық жауын-шашын түседі;

Аса құрғақ аптапты Арабия түбегінің оңтүстігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 15 ммден де аз;

Жер шарындағы ең үлкен көл – Каспий теңізі Еуропа мен Азия аралығында орналасқан, оның ауданы 390 мың км²;

Жер шарындағы ең терең көл – Байкал көлі Азиялық бөлігінде орналасқан, оның тереңдігі 1620м;

Еуразияда солтүстрік жарты шарға тән барлық климаттық белдеулер мен табиғат зоналары кездеседі;

Еуразия материгінің жағалауларын барлық мұхит сулары шайып жатыр.

Материк батыстан шығысқа қарай орасан зор аумаққа созылып жатыр.

Еуразияны құрайтын  екі дүние бөлігі – Еуропа мен Азия арасындағы шартты түрдегі шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жағалауы, Каума-Маныч ойысы мен Азов, Қара теңіздері және Қара теңізді Жерорта теңізімен байланыстыратын бұғаздар арқылы өтеді.

Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі – Челюскин мүйісі (77º43´с.е. 104º 18´ ш.б.) мен оңтүтіктегі шеткі нүктесі – Пиай мүйүісі  (1º16´с.е. 103º30´ш.б.) аралығындағы қашықтық 8000 км.кейбір аралдар солтүстік полюске таяу орналасса, Малайя архипелагының аралдары экватордан оңтүстікке қарай 11º о.е. дейін созылып жатыр.

Шеткі нүктелері:

  1. Солтүстігі — Челюскин мүйісі (77°43‘с.е. 104°18‘ш.б.)
  2. Оңтүстігі — Пиай мүйісі (1°16‘с.е. 103°30‘ш.б.)
  3. Батысы – Рока мүйісі (38°47‘с.е. 9°34‘б.б.)
  4. Шығысы — Дежнев мүйісі (66°05‘с.е. 169°40‘ш.б.)

/Оқушыларға видео көрсетіліп , тыңдалды./

Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы  Жерорта теңізі маңынан басталады. Осы жағалауда тұңғыш  географиялық түсініктер қалыптасып,  алғашқы географиялық ұғымдар жинақталған. Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеюіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарда Крит аралын мекендеген ежелгі миной халқы негіз салған. Минойлар Египет және Кипр, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сада қарым-қатынасын жүргізген.Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің де қосқан үлесі зор. олар батысқа және солтүстікке жорықтар жасап, Қара және Каспий теңіздерінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді.

Тек ХІХ ғасырда ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедициялар құрыла бастады.бұл зерттеулерді жүргізуде орыс саяхатшы ғалымдарының еңбектері ерекшк зор. Әсіресе Н.М.Пржевальский басшылық еткен әкспедицияның ашқан жаңалығы маңызды болды. Ғалым Орта Азиияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген.  Сол аймаққа жасаған 4 саяхаты нәтижесінде Н.М.Пржевальский  Тибет пен Гоби шөліндегі  бірнеше тау жоталарын анықтап, Хуанхэ және янцызы  өзендерінің бастауын тапты.1856-59 жылдар аралығында Ресей Географиялық қоғамының тапсыруы бойынша қазақ халқының ағартушы ғалымы Ш.Уәлиханов Орталық Азияның сол кезеңге дейін жұмбақ қалпындақалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Алдымен Тянь-Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған.

Қазақтың қайталанбас ұлы ғалымы Ш.Уалихановты  тек зерттеуші-географ деп тану жеткіліксіз.

саяхатшы

әдебиетті зерттеуші

суретші

этнограф

тарихшы

философ

ағартушы

музыкант

аудармашы

Шоқан білімі шеті жоқ теңіз суы сияқты “Шығыстың аққан жұлдызы” атанған ғалым

Сергіту сәті
Балалар,  денемізді  бос ұстап,  ыңғайланып отырамыз да,  көзімізді жұмамыз. Дәл қәзір өзімізді  Көкшетау қаласынан  сонау алыста еуразияның оңтүстік-шығысында орналасқан, субэкваторлық белдеудегі климаты ыстық және ылғалды болып келетін   Малайзия еліне   бір сәт саяхат жасайық!  Көз алдымызға елестетеміз! Біз теңіз жағалауында жүрміз.   Теңіз жағалауы,  алтын нұрын шашып  тұрған күн, көкпеңбек ашық аспан,  теңізден соққан  салқын самал жел,   мақтадай  ақпақ   жағалаудағы құмдар,  теңіздің  жағаға соққан асау толқындары   мен сылдырлаған   күмістей  судың даусы естіледі.
Біз саяхаттап жүрміз!

4-сатысы ашылады. №7 слайд

Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

А)Cәйкестендіру тесті

                                                Сұрақтар Жауаптар
Гректің атауы «барлық құрлық» деген сөзінен шыққан ежелгі біртұтас құрлық
180-200 млн жыл бұрын Солтүстік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық
180-200 млн жыл бұрын Оңтүтік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық
Ежелгі Лавразия құрлығының құрамында болған

Төрт мұхит бірдей қоршап жатқан

Біздің Отанымыз ҚР орналасқан

Дүние жүзінің ең биік шыңы орналасқан

Дүние жүзіндегі ең үлкен құрлық

 

5-сатысы ашылады. №8 слайд

Ә) Әлемдегі ең, ең, ең …

Е. Ең үлкен құрлық ……………………………………………

У. Ең биік  шың …………………………………………………..

Р. Ең терең нүкте (теңіз деңгейінен)…………………..

А. Ең үлкен көл ……………………………………………………

З. Ең тұзды  теңіз…………………………………………………

И. Ең  терең көл ……………………………………………………

Я. Ең жауын- шашын көп түсетін аймақ ……………

3) картамен жұмыс

Үйге тапсырма

  • 14; кескін картамен жұмысты аяқтау;

Мұхиттардың Еуразия материгіне тигізетін әсері.

6-сатысы ашылады.    Білім шыңы    №10 слайд

Бағалау.

Бағалау парағы арқылы оқушылар өздерін бағалады. Оқушылардың білімін бағалау.

Қорытынды.

Жан – жақты білімді, мәдениетті, туған тілі мен жерінің тағдырына бейжай қарамайтын, белсенді, көкірегі ояу, адамгершілік асыл қасиеттерді өн бойына жинаған, ұлылықтан ұлағат алатын, білімнің ең биік шыңына жететін ұлағатты ұрпақ болайық