Орталық Қазақстан

81

І. Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстан

ІІ. Сабақтың мақсаты:     Орталық Қазақстанның экономикалық – географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы туралы түсінік беру.

А)Білімділігі: оқушыларға Орталық Қазақстанның кенге бай екендігін, аса ірі өнеркәсіп орталықтарының бірі екендігі туралы білім беру.

Ә)Тәрбиелігі:  табиғат байлығына, ресурстарына баға бере отырып, оны ұқыпты пайдалана білуге оқушыларды тәрбиелеу.

Б)Дамытушылығы: Қарағандының  даму болашағын көздеріне елестете отырып, түрлі тапсырмалар арқылы дүниетанымын  дамыту.

ІІІ. Сабақтың типі:  білік пен дағдыны қалыптастыру

ІV. Сабақтың түрі: саяхат сабақ

  1. Оқыту әдісі: көрнекілік, сөз, сұрақ – жауап, т.б.

VІ. Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, тірек – сызбалар, кесте,  Қ.И.Сәтбаевтың суреті, қосымша материалдар, есептер т.б.

VІІ. Сабақтың барысы:

  1. Үй тапсырмасы:
    1. «Сұрақтар еліне» саяхат:

А) Экономикалық аудандастыру дегеніміз не?

Ә) Қ.Р. алғашқы астаналары?

Б) Қазақстан аумағы неше эеономикалық ауданға бөлінді? Бөлген ғалым?

Сандар сөйлейді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Актуалдау.      Мұқағали –географ ақын

(Мұқағали өлеңдеріне саяхат)

 

Армысың, аты әйгілі Қарағандым!

Жылуым, қара алтыным қара наным,

Кімдердің пальмасынан артық маған

Бозарған көде, жусан, қарағаным,

Балқаш пен Жезқазғанды екі жаққа ап,

Алдында екі ініңнің бетің аппақ.

М.Мақатаев

Электронды оқулықтан Қарағанды шахталары көрсетіледі.

Ертіс – Қарағанды каналы арқылы саяхатымызды Орталық Қазақстан жерінде жалғастырамыз.

Асау Ертіс ноқта ілді, тағаланды,

Сусындатпақ шөлдерді, далаларды,

Ертіс құлап келеді, сүйінші бар,

Сүйінші бер, сүйікті Қарағанды.

М.Мақатаев

Жаңа сабақ:   Орталық Қазақстан

Қарағанды облысы

Аумағы – 428,0 мың км2.

Географиялық орны

 

Ұлытау                Қарқаралы              Қарағайлы

Қызыларай тауына дейін 1000 км-ге созылған           Қазақтың ұсақ шоқысы – Сарыарқаны түгелімен қамтиды.

Табиғат ресурстары

 

тас көмір

 

мыс

корунд

 

әктас

 

саз

 

пирофилит

 

құрылыс материалдары

 

Жер бедері

ұсақ шоқылы, қуаңшылық басым

 

аласа таулы

 

 

қыратты

 

адырлы

 

Пайдалы қазбалары

Темір               Ақтау, Үшқатын, Қамыс, Қаражал, Қарсақпай,

 

 

Марганец               Балбырауын, Жезді, Найзатас

 

Полиметалл      Гүлшат, Қызылеспе, Ақшағыл, Алаайғыр,

Қарағайлы, Жәйрем

Сирек металдар,

вольфрам, молибден,    Жоғары Қайрақты, Шығыс Қайрақты,

ванадий, висмут, сурьма        Қоңырат, Қараоба

 

                    Климаты

Континентті, қысы қатал, жазы өте ыстық, шаңды дауылдар тұрады, су тапшы.

 

Ертіс – Қарағанды каналы  1974 жылы академик Қ.Сәтбаевтың басқаруымен салынған.

                    Халқы– 1430,4 мың адам.

 

Орыс

 

Украин

 

Неміс

 

Татар

 

Беларусь

 

Корей

 

Молдаван

VІІІ. Дамыту: «Қаныш  ата – адамзат ғұламасы» (өмір жолы, еңбектеріне саяхат )

1 — оқушы:

Қ.И.Сәтбаев қазақстан шыққан тұңғыш геолог ғалым. Қазақ даласындағы рудалы пайдалы қазбалардың кен орындарын зерттеуде өте зор еңбек сіңірді. Әсіресе Орталық Қазақстанның Жезқазған аймағының мыс, марганец қазба байлықтарын барлау жұмыстарын басқарды. Қ.И.Сәтбаев қазақ даласына Томскіден оқуын бітіріп келегн уақыты 1926 ж. болатын. Жас маманды Атбасар түсті металл тресіне жұмысқа жіберді. Бұл уақытта ол аймақта теміржол әлі салына қоймаған болатын. Қаныш ол шеті мен мына шеті 1000 шақырымға созылған кең даланы көлікпен аралап танысудан бастады.

2 – оқушы:

1913 жылы ағылшындар бастап салған Қарсақпай зауытының жұмысына жас маман басшылық жасады. Қазіргі Жосалы станциясынан Қарсақпайға дейінгі 430 шақырым жерді түйе керуенмен 7 күн жол жүретін еді. Жас ғалым осы аралықты жұмысшылармен бірге жүріп өтіп, қиындықты өз көзімен көрді.

3 – оқушы:

Қ.И.Сәтбаевтің барлау жұмыстарын алғаш жүргізгені Ұлытау маңы еді. Содан кейін Жезқазған маңын бұрғылау экспедициясына басшылық жасады. Бұрғылау, іздеу жұмыстары көп қаржыны керек етті, оған жоғары жақтан рұқсат алу өте қиынға түсті. Қ.Имантайұлы өз  ұсыныстарын дәлелдеу арқасында жер бұрғылайтын бір станоққа рұқсат алып, Жезқазған өңірін бұрғылау жұмыстарын бастап кетті. Бұл 1927 жылдың жазы еді. Алғашқы бұрғылау кезінде-ақ отыз метрден әрі өткенде сұрғылт құм таста мыстың бар екені анықталды. Бұрғылаудың бұл нәтижесі Жезқазған болашағының бастамасы еді. 1937 жылдары барлау жұмыстары Қияқты, Байқоңыр, Атасу, Атбасарда, Жезді, Найзатас, Қарсақпай кен орындарында үздіксізх жүрді.

4-оқушы:

1940 жылдарға дейін Орталық Қазақстанның рудалы қазбаларын зерттеуді аяқтап, басшылық жұмысқа Алматыға аттанарда жергілікті халық Қанышты қимай той жасап, шығарып салды. Сол тойда жергілікті Сармолла ақын ғалымға былай бата берген екен;:

Қарағым Қаныш – қыраным

Айтамын саған аманат

Тілеуқор мына жұртыңнан

Қайда жүрсең шырағым

Мықты болғай тұрағың

Және тағы сұрарым

Жер астының асылын

Алтын, көмір жасылын

Қажымай іздеп таба бер

Зор біліммен пайда бер

Артыңнан ерген халқыңа

Айшықты мынау шағыңда.

5-оқушы:

Ұлытаудай ұлы жұрттан

Алатауға аттанған

Жезқазғанның асылын

Армансыз – ақ ақтарған.

Қаныш едің зор тұлға!…

Ен даланың сырласы,

Жеті қат жердің мұңдасы

Халқым туған ер ұлға!

Елін сүйіп еңбегін арнаған,

Кендерін ашып іздеуден тынбаған.

Өнері озған ғаламат

Ей Қангыш, арыстандай азамат!

 

Аппақ Байжанов өміріне саяхат.

1824 — Аппақ Байжановтың туғанына 185 жыл және А.Байжанов ескерткішіне 10жыл 1999ж. 29.08.

А.Байжанов Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірі 1824 жылы Нұра өңірінің оңтүстігінен 25 км. жердегі Қарағанды мекенінде туып-өскен. Ол жастайынан жергілікті болыстың қойын бақты. 1833 жылы ол жер бетіне шығып жатқан тас көмір қабатын тапты (қазіргі «Северная» шахтасының жері). Көмірдің жанатын қасиетін білетін Аппақ оны өндіріп, жақын маңайдағы ауылдарды отынмен қамтамасыз ете бастады. А.Байжановтың жаңалығы ол кездері іскер топтардың назарына шалынбады, оның үстіне жергілікті бай-шонжарлар шаруашылықтың дәстүрлі үрдісін бұзғысы келмеді. Қарағандыда 23 жыл өткен соң ғана көмір өндіру басталды. 1856 жылы Қарағанды петропавлдық көпес Н.Ушаковтың қолына өткеннен кейін бұл жерде көмір өндіріле бастады.
Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушыға 1999 жылы 29 тамызда кеншілердің кәсіби мерекесін және Қарағанды қаласының 65 жылдығын тойлау кезінде А.Байжановтың ескерткішін ресми ашу рәсімі болды. Ескерткіш облыстық тарихи-өлкетану мұражайының алдына орнатылды. Тастан ойылып жасалған, басында тымағы бар балаң жігіттің тізерлеп отырған, оң тізесінің үстінде қойылған қолында көмірдің сынығы бар ескерткіштің авторы скульптор Ю.Гумель. Аппақ есімімен Қарағандыда көше аталған.
Аппақ Байжанов туралы аңыз Қарағанды көмір кенішін алғаш ашушы Аппақ Байжанов, ол 1833 жылы Нұра өзенінен оңтүстікке қарай Қарағандыбасы деген жерде тас көмір кесектерін табады. Ел ауызындағы аңызға қарағанда, Қазіргі Қарағандыдағы Ескі қаланың орнында қалы қараған өседі екен. Сол қарағанның ішінде соңында екі тазысы бар Аппақ деген бір байдың қойшысы қой жайып жүреді. Бір кезде қойдың бір шеті дүр ете қалады. Жалт қараса бір суыр қашып бара жатыр екен. Тазылар тұра бастыртады, бірақ, суырдың іні таяу екен, ініне қояды да кетеді. Ол күнү–күн кешкіріп қалғандықтан Аппақ суырдың інінің аузын таспен бекітіп кетеді. Келесі күні ерте келіп, суырды інінен қазып алады.
Сол күні ін түбінен көмір шыққан екен дейді. Әуелде Аппақ оның не екенін білмейді… Қара бояу ма деп ойлайды. Бірсыпырасын үйіне алып келіп жүн бояп көреді. Жүнді тек кірлеткені болмаса жүнге бояу болып қаппайды. Содан ауыл ақсақалдарына көрсетеді. Олар да шеше алмайды. Бір күні кешкілікте тезектің маздап жанған отын айнала қоршап отырғандар тағы да сарапқа салады. – Бірақ бұл алтын да емес, күміс те емес, жез де емес, ал жәй тас та емес. Не екенін «бір Алла» өзі білсін, — деп отырғанда, бір тас отқа түсіп кетеді. Ол жана бастайды. Отырғандар: – Тас жанып жатыр, тас жанып жатыр!- деп шу ете қалысады. Басқалар қолындағы тастарын отқа салады, әлгі тас онан сайын қыза жанады. Сол жерде «бұл жәй тас емес», «Жанатын тас» болды деседі. Ертеңінде-ақ сол «Жанатын тас» туралы хабар жоғарғы жерге жеткен екен. Сол тасты тапқан Аппақты бір төре іздеп келген дейді. Аппақ әлгі төреге тасты тапқан жерін көрсетеді. Ол үшін Аппаққа ат тұяғындай алтын, қой тұяғындай күміс берген екен. Карағандыдағы тұңғыш рет ашылған «Қаразабой» деген шахта сол Аппақтың көмірін тапқан жерінен ашылған дейді.

 Орталық Қазақстанның пайдалы қазбалары

Кестені толтыр.

Есеп шығару.

ІХ. Бекіту: «Десанттық көмек» (картамен жұмыс).

  • 500 ш.б. пен 400 с.е. аралығында адасып кеттім. Қай жерде жүргенімді анықтауға көмек көрсетсеңіздер.
  • 700 – 800 ш.б. пен 490 – 500 с.е. арасында тоқтап қалдым. Координатты анықтап, көмек жіберіңіздер.
  • 800 ш.б. пен 420 с.е. қарлы биік тау шыңында тұрмын. Дұрыс бағыт беруіңізді сұраймыз.

 

 

                                      «Аңшының хаты» (хатта жазылған қатені табу).

 

  1. Бұл оқиға Бетпақдалада болды. Мен Балқаш теңізінен жүзіп

келіп, жап-жасыл шөбі шүйгін жерге келдім. Алдымнан жолбарыс шықты. Мен оны түйемен қуып едім, түйем шөлге шыдамай, құлап қалды. Сексеуілден сал жасап, келесі бетке өттім.

  1. Сарыарқаның қар басқан Ұлытау тауының баурайында дем алып жаттым, тастан-тасқа секірген киіктерді аңдыған барысты көріп қалдым. Таудан құлаған өзеннен өте алмай, барысты жібердім. Содан алмалы баққа келіп, алма жинадым.
  2. Сәтбаев қаласына келе жатқанда қара бұлт аспанды торлап, экваторлық жауын құйып кетті. Қайдан келгені белгісіз торнадо дауылы бәрін көтеріп кетті. Шамалыдан кейін күн ашылып, тропиктік ауа массасы қалыптасты.

Х. Қорытындылау: Елбасы жолдауы: Жаңа онжылдық  — жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның  жаңа мүмкіндіктері.

  • Экономиканы әр тараптандыру – табыс кілті.

 Таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қаматамасыз етілетін болады. 

 

Н.Ә.Назарбаев.

ХІ. Үйге тапсырма: 

  1. Орталық Қазақстан.

Кескін картаны толтыру.

ХІІ. Оқушыларды бағалау