«Африка материгі» тақырыбын қайталау.

91

Сабақтың тақырыбы: «Африка материгі»  тақырыбын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Жаңа технологияның  бірнеше түрлерін ұйымдастыра отырып, Африка материгі бойынша алған білім деңгейін тексеріп,ойын элементтерін пайдаланып  материкті жалпы қайталау.Сабақтың әр бөлімін түрлендіре отырып оқушылардың алған білімін қорытындылау.

 

ә)Дамытушылық: Африка материгінің таңғажайыптары туралы оқушылардың іскерлік, ізденімпаздық, жан-жақтылығын байқау қабілетін жетілдіріп дамыту.

 

б)Тәрбиелік: Сынып оқушыларын түгел сабаққа қатысуға, топпен жұмыс істеуге үйрету. Бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі: Глобус, дүние жүзінің физикалық және саяси картасы,бүктеме, «материктер мен елдерде »кітабы, Қазақстан экциклопедиядасы І том, сызба, кескін карта, атлас, сауалнама тесттер.

 

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

 

Сабақтың пән аралық байланысы: Тарих,биология.

Сабақтың барысы:  1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Сайыс сабағының жоспарымен таныстыру.

а. «Кім алғыр?» бөлімі.

ә. «Африка-таңғажайыптар әлемі »

б. «Кім күшті?»бөлімі

в.Сергіту сәті

г.Біз мемлекетті білеміз бе?

д. «Кім жылдам?»

е.Оқушылар шығармашылығынан  (Өлең, суреттер,

бүктеме. )

3.Оқушылардың топтармен таныстыру(топ басшысы)

4.Әр бөлімнен кейін бағалау(асықпен)

5.Қорытындылау, оқушылардың өзін- өзі бағалауы.

 

 

Сыныптағы оқушылар 4-топқа бөлінді.

1-топ.     Меридиан                                      3-топ.      Экватор

2-топ.     Параллель                                      4-топ.     Глобус

Топ басшылары өз топтарын таныстыру арқылы глобус бейнесін жасайды.Оқушылар білімі асық жинау арқылы бағаланады.Ал сайыс сабағымызды бастаймыз:

І. «Кім алғыр» бөлімінің шарты:

Топ басшысы сұрақ алып,тобымен жауап береді.

1.Африканың ФГО-на сипаттама берейік.

2.Жер бедері мен пайдалы қазбаларын зерттейік.

3.Негізгі өзен  жүйесіне аттанайық.

  1. Материктің өсімдігі мен жануарларын,халқын білейік.

 Бағалау ( асықпен )

ІІ. «Африка –таңғажайыптар әлемі»-әр топ мүшелері материктің таңғаларлық құпия сырларын ашады.

Бағалау  ( асықпен )

ІІІ. «Кім күшті» бөлімі-топтан бір оқушы тақтадан сауалдама сұрақ пен жұмбаққа жауап береді.

Бағалау  ( асықпен )

ІV. «Сергіту сәті»

1.Африка елдерін жаңылыспай,тоқтамай жылдам атау (қадаммен).

2.Африка жемістері(басқа жемісті алып тастау)

Бағалау  ( асықпен )

  1. «Біз мемлекетті білеміз бе?»

Әр топтың атына сәйкес елді жұмбақтап қою, топ саяси картамен жұмыс жасап, елге сипаттама береді.

1-топқа.    Меридиан сызығы бойындағы екінші үлкен мемлекет. (Алжир)

2-топқа.    Ніл өзенінің көп бөлігі қай мемлекет территориясынан өтеді?

(Судан)

3-топқа.    Экватор сызығы бойындағы ең үлкен мемлекет. (Заир)

4-топқа.    Кофенің Отаны –қай мемлекетте? (Эфиопия)

  Бағалау  ( асықпен )

VІ.  «Кім жылдам?»

Бұл не?-деп аталатын сұрақа жылдам жауап беру.

1.Африги-тайпа                                          1.30,3 млн.ш.ш.-жер көлемі

2.7.5 тонна-піл салмағы                              2.Ніл-өзен

3.Виктория-сарқырама                              3.Мадагаскар-арал

4.Атлант-мұхит.                                         4.Қызыл-теңіз

5.Пигмей-халық                                          5.Атлас-тау

6.Алжир-мемлекет,астана                       6.Рас-Хафун-мүйіс

7.Ине-оңт.мүйісі                                        7.Нигер-мемлекет, өзен

8.Цеце-шыбын                                             8.ОАР- мемлекет

9.Саванна-табиғат белдеуі                       9.Калахари-шел

10.Зебра –жануар                                       10.Арахис-өсімдік

 

1.Африка пілі-ең ірі жануар                     1.Сахара-шөл

2.Килиманджаро- жанартау                   2. Ассаль-көл            

3.Танганьика-көл                                       3.Тугела-сарқырама

4.6671 км-Ніл өзенінің ұзындығы            4.Чад –мемлекет,көл      

5.Сомали-ел,түбек                                    5.Уәдтер-құрғап қалған арна

6.Кофе-ағаш,сусын                                    6.Египет-мемлекет

7.Конго-мемлекет,өзен                             7.Секретар- құс

8.Айдаһар-тау                                           8.Тутси,хими-тайпа,халық

9.Гепард-жануар                                      9.700 млн.-халық саны

10.Шөлдегі кеме-түйе                            10.Пирамида-7 кереметтің бірі

VІІ.Оқушылар шығармашылығы.

(өлең,суреттер, файл)

Қорытындылау.(қорапқа салынған асық арқылы өзін-өзі бағалау).

Үйге тапсырма:Материкті қайталау,сөзжұмбақ құрастыру.