Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі

237

Көкшетау қаласындағы  Назарбаев  интеллектуалды мектебі

География пәнінен сабақ жоспары

Сынып: 9

Күні:     05-10-10 ж

Сабақ тақырыбы:  §6.  Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі.

Сабақ мақсаты:  Оқушыларға   халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі, халықты аумақтық ұйымдастыру, қала халқы- қала- агломерация-мегаполис, урбандалу, ауылдық халықтың орналасуы   туралы  толық мағлұмат беру.

Сабақ міндеті:

1.Білімдік: Балаларға халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі, халықты аумақтық ұйымдастыру, қала халқы- қала- агломерация-мегаполис, урбандалу, ауылдық халықтың орналасуы туралы   толық   білім беру.

2.Тәрбиелік:  Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету.

3.Дамытушылық:  Балалардың өзіндік ойлана білуіне,  сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға,   өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,  картамен жұмыс,   кітаппен жұмыс,  жеке жұмыс

Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы,  ҚР  әкімшілік картасы, ДЖ физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта,

Барысы: : І. Ұйымдастырушылық кезең

1.Сәлемдесу

2.Балаларды түгендеу.

3.Балалардың назарын сабаққа аудару

 

ІІ.  Өткен сабақты шолу.

Сұрақтарға жауап беру.

  1. Этнос, этностық, диаспора дегенді қалай түсінесің?
  2. Мемлекетіміздің ең негізгі этникалық құрамын атаңдар.
  3. Халықтардың этнолингвистикалық жіктелуінің негізі неде?
  4. Қазақстан халқы саны бойынша  қандай айырмашылық  жасайды?
  5. Қазақтардың дүние жүзіндегі таралу ерекшелігі. Қазақ  диаспорасының  үлкен шоғыры  орналасқан елдер.
  6. Қазақстандағы өзбектер мен украиндардың  таралуы қандай?
  7. Біздің елімізде  қандай  дін түрлері  тараған?

Осы сабақта кездесетін терминдер:

  1. Диаспора
  2. Этнография-халықтың шығу тегін, орналасуын мәдениеті мен тұрмыс жағдайы туралы ғылым.
  3. Этнос
  4. Тілдік классификация (лингвистикалық, этникалық)
  5. Халық, тіл тобы, тіл семьясы
  6. Халықтың діни құрамы
  7. Ислам, христиан, будда

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

 

Осы сабақта кездесетін  терминдер:

  1. халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі,
  2. халықты аумақтық ұйымдастыру,
  3. қала халқы- қала- агломерация-мегаполис,
  4. урбандалу,
  5. ауылдық халықтың орналасуы
  6. халықты орналастыру
  7. халықтың қоныстануы
  8. Болашағы жоқ ауылдар

 

 

 

Урбандалу:

  1. Қаланың және халқының өсуі
  2. Қалалық тіршіліктің өркендеуі
  3. Орналасудың жаңа түрінің пайда болуы.

 

Агломерация – қалалық орналасудың екінші формасы.  Агломерация   негізгі  қаладан (ядродан)  және серіктес қаладан тұрады.  Агломерациялардың бірігуін   мегаролис   дейді

Қалалардың пайда болған уақыты

Халқының саны бойынша қалалар тобы Қалалардың пайда болған уақыты
Ежелгі  және ортағасырлық  кезең ХҮІІ-ХІХ ғғ. Кеңес кезеңі
Үлкен Түркістан Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда,  Петропавл, Орал Ақтау, Жезқазған, Талдықорған;

Рудный, Екібастұз

Ірі Тараз,  Шымкент Астана,  Ақтөбе, Павлодар, Семей,  Өскемен; Қарағанды
Аса ірі Алматы

 

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы.  В. Усиков. 9-сынып. §6- 40-41-42-43-45-46-сурет бойынша түсіндіру. 68-69-70-71-72бет.

 

ІҮ.Бекіту.

Сұрақтар:

  1. Орналасу мен қалыптасудың қандай айырмашылығы бар? Олардың бір-бірімен тығыз байланыста  екендігін дәлелде.
  2. Қаланың  қандай ерекшелігі  мемлекеттегі  жетекші  қаланың  қатарына қосады?
  3. Не үшін барлық қалалардың  жиынтығы – қоныстану  тармағы да,  ал агломерация  — жүйе болады?
  4. Үлкен қаланың 2 түрлі мағынасы бар. Айырмашылығы неде?
  5. Қалалар қандай қала қалыптастырушы қызметті атқарады? Мысал келтіріңдер.
  6. Ауылдық қоныстанудың ерекшелігі неде?
  7. Қазақстандағы ауылдардың негізгі әлеуметтік мәселелерін ата.
  8. Негізгі қоныстану белдеуінің басқа аудандардан қандай айырмашылығы бар?
  9. Урбандалу, агломерация, мегаполис, урбандалу деңгейі деген ұғымдарды түсіндіріңдер.

 

Тапсырмалар:

1-кесте. Оқулықтағы  43-сурет бойынша  ҚР облыстарын урбандалу деңгейі бойынша топтастыр.

 

облыстар
Аз урбандалған Орташа   урбандалған Жоғары  урбандалған

 

 

  1. Полулях. Л.Н. «Мектеп оқушыларына  арналған өздігінен  жұмыс дәптері» 9-сынып.  Бойынша жұмыс жасау. 3- тапсырма. 6-бет.

 

  1. Казановская Т., Ульяшова И.  «Мектеп оқушыларына  арналған  жұмыс дәптері».  9-сынып. Бойынша жұмыс жасау.   11-18 бет.

 

  1. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. В. Усиков. 9-сынып. §6-соңындағы тест тапсырмасын  орындау. 78-79-бет.

ҮІ.Бағалау

ҮІІ.Үйге тапсырма: §6.  Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі.    (оқу, мазмұндау, конспектілеу.)