Көшеде жүру тәртібі

  1. Сабақтың тақырыбы: Көшеде жүру тәртібі:

Сабақтың мақсаты:

  1. Көшеде жүру тәртібі, жолда жүру, қөлік аттарымен

таныстыру.

  1. Адамгаршілік тәрбие беру.
  2. Қоғамдық көлікте өзін-өзі ұстай білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1. Оқушыларды түгендеу

  1. Зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

-Бос уақытты қалай өткіземіз? (әңгімелеу)

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Үйден мектепке келу жолын әңгімелеп, қанша жол қиылысынан өтетінін айту.

ә) Бағдаршаммен таныстыру.

б) Көшеден өткенде арнайы жолақшамен сызылған жерінен өту керектігін айту.

в) Жер асты жолы метромен таныстыру.

Сергіту сәтін өткізуг)

Сөздерді буынға бөлу.

Ме-тро сөзін буынға бөлу.  Ме-2 дыбыс бар. М+е тро-3 дыбыс бар т+р+о

Дауысты дыбыстар: е,о.Дауыссыз дыбыстар:м,т,р.

Сөзде неше дауысты дыбыс болса., сонша буын болады.Ва-гон (талдау)д)

Көліктермен таныстыру.

1 Ұшақ, тікұшақ— әуе жолы көлігі.

2 Кеме, қайық су көліктері.

3 Машина, автобус, трамвай, троллейбус жеңіл машиналар жерде жүретін көліктер.

Ү. Жаңа білімді бекіту:

Бағдаршамның неше көзі бар?

-Қызыл көзі нені білдіреді?

-Сары және жасыл көзі нені білдіреді?

ҮІ Сабақты қорытындылау: 

  Міне,балалар біз сендермен жол ережесімен таныстық.