Сабақты етістік пен салт етістік

127

Сабақтың тақырыбы: Сабақты етістік пен салт етістік

Сабақтың мақсаты:     Сабақты және салт етістіктер туралы ұғым беру

Сабақтың міндеттері:  а) Сабақты және салт етістіктің жасалу жолдарын

тәжірибелермен ұштастыру, меңгерту.

ә) Сабақты және салт етістіктерін ұлттық ойындар

арқылы дәстүрлі бағалай білуге, халқын салтын

сүюге шақыру. Оның ойлы, мәдениетті азамат

тәрбиелеу.

б) Сөйлеу тілін қалыптастырып, логикалық ойларын

дамыту, түрлі әдістер арқылы шығармашылық

қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі:  Дамыта оқу технологиясы

Оқыту әдісі:        Түсіндіру, практикалық

Көрнекіліктер:   Семантикалық карта, кескіндер (адам бейнесін жасауда),

кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сабаққа даярлығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Құрамында етістігі бар 5 мақал-мәтел және 5 жұмбақ жазып келу. Оқушылар жұмбағын бір-біріне жасырады. Мақалдарын оқыту. Өтілген сабақты қайталау.

 

Етістік

 

Түрлері  

 

Мысалдар
1 Тұлғасына қарай —         негізгі

—         туынды

 

оқы, жаз, бар, кел, бер

тұзда, гүлде, ойна

2 Мағынасына қарай —         негізгі

—         көмекші

ал, қал, көр, сөйле

а) е, ет, де

б) бол, әкет, тұр, шық

 

3 Құрамына қарай —         дара

—         күрделі

жаз, оқы, ойна

барып кел, қызмет қыл

 

4 Іс-әрекеттің орналасуына қарай —         болымды

—         болымсыз

бар, кел, оқы, жаз

барма, барған жоқ

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ

 

Оқушылар , етістің нысанға қатынасына қарай Сабақты етістік және салт етістік болып бөлінеді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өтемін.

Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді. Мағынасы жағынан табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мағынасы жағынан тура нысанды – табыс септіктегі  сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Мысалы: Қаладан қайт, үйден келді, баламен келді.

    келді

Етістік заттың қимылының, іс-әрекеттің аты болса, адамға тән қимылды атау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әрі қарай сабағымыз сайыс түрінде өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І – Бәйге кезеңі: 1-тапсырма «Дамыту» 233-жаттығу ауызша, 231-жаттығу жазбаша. (салт, сабақты етістіктерді теріп жаз)

2- тапсырма «Мені әңгімеле»  Оқушылар суретке қарап тақырып қойып, етістіктерді қатыстырып, 3 мин ішінде қысқаша әңгіме құрастырады.

ІІ- Көкпар кезеңі: «Ой  толғаныс  сәті»

Оқушыларға әдебиет пәнінен өтілген поэмалық шығармадан үзінді етістіктерді түсіріліп жазылады. Сол етістіктерді айтып, өлеңнің тақырыбы мен авторын және өлеңдердегі әдеби – көркемдегіш құралдарды табу қажет.

  1. Сендерге …… батамды

(Ы. Алтынсарин «Өнер – білім бар жұртта»)

  1. Сағымы сайран …….

Бораны …….                          (М. Жұмабаев «Сүйемін»

 

  1. Қырда тоғай ……. сайда бұлбұл,

Тастағы үнін …….  байғыз көкек.

(А. Құнанбаев «Жазғытұры»)

  1. Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті

Қабырғалы жоталы ……. болса күшті.

(А. Құнанбаев «Эпитет»)

  1. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау …… тірі жанды.

(А. Құнанбаев «Қыс» кейіптеу)

  1. Бұрынғы атмызға сыйға ……..

Біздерде мынадай бар, мынадай бар.

(С. Торайғыров «Бір адамға» ирания)

Етістікті қайталай отырып, берілген деңгейлеп тапсырмалар бойынша оқушылардың еркін сөйлеуіне ықпал жасалынады.

 

ІІІ – Бойжазар кезеңі «Сергіту сәті»

(  қаражорға сазы мен би билейді)

 

ІV – Теңге алу кезеңі: Оқушылар тақтада көрсетілген теңгелерді таңдайды. Әр теңгенің артында сабақты бекіту тапсырмалары бар.

 

10 000 теңге – Етістік деген не?

5000 теңге – Етістіктің құрамына, тұлғасына қарай бөлінуі туралы айт!

2000 теңге – Етістіктің мағыналы түрлері жайында баянда!

1000 теңге – Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не?

500 теңге – Сабақты салт етістіктің ережесін айт

200 теңге —  Сабақты етістік пен салт етістікке мысал келтір.

 

  1. Сабақты қорытындылау «Сематикалық карта»

 

             Етістіктің түрлері

Сөз тіркес

Сабақты Салт  Болымды  Болымсыз
Ағаш кесілмеген
Шөпті баспа
Егін салдық
Білімін толықтырды
Тіл қатпады
Жерге төкті
Ауылдан көшті
Сөзді
Үйге жүгірме
Сабағын оқыды

 

Венн диаграммасы

 

 

 

 

 

 

 

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма: 236-жаттығу