Жануарлар әлемінде 2 сынып

87

 Қарағанды облысы Осакаров ауданы

Баппақ селосы №6 орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Митаева Еркем Еркиновна

 

Cабақтың тақырыбы:  Жануарлар әлемінде  2 сынып

Сабақтың мақсаты :    Оқушылардың үй жануарлар туралы білім-біліктерін арттыру.
Міндеттері:
1. Біліктілік:
Үй жануарлары туралы білімдерін жинақтау,  бір  жүйеге  келтіру.    Білгендерін қайталау,тереңдету,дүниетанымдарын  кеңейту.  Тәуелдік жалғау және  үндестік        заңы тақырыптарын қайталау.
2. Дамытушылық:    Сауатты жазуға,    сөз тіркестерін құрастыруға, жануарлардың атын дұрыс айтуға үйрету. Ойлауға, салыстыруға, ізденуге баулу.
3. Тәрбиелік: Үй  жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, табиғатты, жануарларды қоәрғауға, аялауға тәрбиелеу.

Сабақта қолданылған көрнекіліктер:  мультимедиялық тақтада 22 беттен тұратын презентация- слайдтар.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

 — Сәлеметсіздер ме, балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ. Сабағымызға кімдер қонаққа келіп отыр?

Оқушылар сөзі: — Мұғалім, апайлар.

 — Ия, дұрыс айтасыздар, олай болса, сабақта белсенділік танытамызба?

Оқушылар сөзі: — Ия.

 — Олай болса, есімдеріңді атап, бүгінгі көңіл-күйлеріңіз қалай соған тоқталайық.

(Балалар өздерінің есімдерін атады. Көңіл-күйлерінің қалыпты екендіктерін айтты. 3 слайд)

ІІ. Дайын болсаңдар сабағымызды бастайық. Қандай жануарларды білеміз, еске түсірейік.  4,5,6 слайдтар)

Сен білесің бе?     (тақпақты оқып қандай жануар екенін айтады)   7  слайд

ІІІ. Сергіту сәті (балалар шаршаған шығарсыңдар, біраз демалайық) 8 слайд

  1. Сөздік 9 cлайд
  2. Мәтінмен жұмыс. Оқу, аудару. 10 cлайд

VІ. Жұмбақты оқып, шешуін табайық. 11слайд

VІІ. Тәуелдік жалғау (окончания принадлежности)

     Үндестік заңы (закон сингармонизма)   12-13  слайдтар

ІХ. Кітаппен жұмыс  14-15 слайдтар

Х.  Ал енді балалар, біраз ойнайық «Жануарларды топтастыру»  ойыны

   16-17 cлайдтар

ХІ. Дәптермен жұмыс

ХІІ. Сабақты бекіту.

ХІІІ. Қорытындылау.

ХІV. Үйге тапсырма: «Аңдар» атауларын оқып, жаттап келіңдер.

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.