Жыл мезгілдері

432

САБАҚТЫҢ   ТАҚЫРЫБЫ:   Жыл мезгілдері  

САБАҚТЫҢ  МАҚСАТЫ:  

  • Жыл мезгілдері, ай атауларының қазақша аттарын сипаттайтын жаңа сөздер, сөз тіркестерімен   таныстыру.
  • Жатыс септік жалғауларын меңгерту  арқылы   білімдерін толықтырып, мезгілді сипаттай білуге үйрету.
  • Өзіндік ой-пікірін, көзқарасын білдіруге жағдай жасау, тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту.

САБАҚ  ТҮРІ:   аралас сабақ

САБАҚТЫҢ ӘДІСІ:  қайталау, түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, жұптық, топтық жұмыс.

САБАҚТЫҢ  КӨРНЕКІЛІГІ: слайд, аудио-бейне материалдар, үлестірмелі карточкалар,  суреттер.

САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАР:

  • Оқытудың ақпараттық технологиясы,
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
  • Ойын технологиясының элементтері

  Күтілетін нәтиже:

  • Жыл мезгілдерінің атауларын, төрт жыл мезгіліндегі ай атауларын біледі, жыл мезгіліндегі ауа райын сипаттай алады
  • Грамматикалық  құрылымдарды пайдалана отыра , жазылым,тілдесім әрекеттерін жүзеге асыра алады.

САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Шаттық шеңбері. Оқушыларға жағымды көңіл-күй  қалыптастыру.

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларды «Шаршыларды тап» стратегиясы арқылы 4-топқа бөлемін.(шаршылардың т үсі ақ, сары, жасыл, көк. Жаңа сабақты қорыту барысында бұл түстердің нені білдіретінін анықтаймыз)

«Алтын ережені» еске түсіру.

Миға шабуыл

Оқушыларға өткен материалдың атауы және соған қатысты сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздердің ішінен қажетті сөздерді таңдап алып кластер құрастыруы қажет

 

Бұл ойында оқушылар өткен материалдарды қолдана отырып бөлменің сұлбасын дайындайды (оң жақта, сол жақта, ортада, бұрышта)

 

ІІ. Жаңа сабақ

Оқушыларға төрт жыл мезгілінің суреті көрсетіледі. Бұлар не? Бір сөзбен не деп атауға болады? (Жыл мезгілдері) Ендеше біз сендермен жыл мезгілдері туралы, жыл мезгілдерінде болатын мерекелер, ауа райы туралы өтеміз

Жыл мезгілдері 4 ке бөлінеді

Жаз                                                                       Күз

 

Қыс айлары :         Желтоқсан , Қаңтар   Ақпан.

Көктем айлары: Наурыз, Сәуір, Мамыр

Жаз айлары: Маусым, Шілде, Тамыз

Күз айлары: Қыркүйек, Қазан, Қараша

 

Лексикалық минимум:

Жаз-лето                              Күз-осень

Қыс-зима                              Көктем-весна

Жылы-теплый                     суық-холодный

Ыстық-жаркий                  салқын-прохладный

Күн-день                                болады-будет

Түс-цвет

 

 Грамматикалық минимум

Жатыс септігі

Сұрақтары Жалғаулары Мысалы
кімде? неде? қайда? -да\-де, -та\-те, -нда\-нде Жазда, күзде, қыста, көктемде

 

Ереже құрастыру. Қай дыбыстан кейін қандай жалғау жалғаймыз?

  • Да, -та, -нда жалғаулары жуан сөздерге жалғанады
  • Де, -те, -нде жалғаулары жіңішке сөздерге жалғанады.

Оқушылар ереже құрастырып , қай жалғаудың қай уақытта қолданылатынын  зерделейді.

Дәптермен жұмыс

 

«Сұрақтар  шеңбері» стратегиясы (оқушылар топпен жұмыс істейді)

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі

-Күз

-Ендеше ассосация құрайық

  1. Әр топ берілген қағазға ассосация құрады

(суық, жаңбыр, жел, құстар ұшып кетеді, жемістер піседі )

 

  1. Баспалдақ құру

Жаз, күз, қыс, көктем

 

«Үш шындық пен бір өтірік» стратегиясы

Жыл мезгілдерінің сипаттамасын үш сөзбен береміз, біреуі өтірік (оқушылар жыл мезгіліне сәйкес келмейтін сөзді естігенде шапалақ ұруы керек)

Қыс-қар, суық, жаңа жыл, ыстық

Көктем-жылы, жаңбыр, гүл, суық

Жаз-ыстық, демалыс, су, қар

Күз-салқын, жеміс, жапырақ, ыстық

 

Асық ойыны (Бұл ойын зеректік пен шапшаңдыққа баулиды. Қазақша сандар тізбегін қайталауға да ыңғайлы. Оқушылар сандарды тізбектей отырып жазылған сөзді дұрыс оқуы қажет)

 

 

Сабақты бекіту барысында «Балықтың қабырғасы» тәсілін пайдалану. (Жуан және жіңішке сұрақтар)

Сабақты қорыту

Мен жаз қыс, көктем, күз  деген кезде қандай түстер көз алдарыңа келеді. (Жаз-жасыл, қыс-ақ,  көктем-жасыл, күз-сары)

Оқушылар өз ойларын айтады. Не себепті бұл түсті таңдағандарын дәлелдеуі керек.  Демек алдарыңдағы парақшаларға қарап менің айтуым бойынша (қыс дегенде ақ парақшалары бар топ тұрады т.с.с.) орнымыздан тұрамыз.

«Қар үйіндісі» стратегиясы. Өз аттарын анықтаған топ мүшелері өз жыл мезгіліне байланысты әр қайсысы бір сөзден айтады. Топ спикері топ мүшелерінің ойын жинақтап, сол жыл мезгілі туралы қысқаша айтып өтеді.

«Екі жұлдыз, бір тілек». Рефлексия.

Бүгінгі сабақтың барысы бойынша сабқты қалай түсінгенімізді көрсетейік. Ол үшін оқушылар алдына қойылған смайликтердің бірін  таңдап, артына сабақ туралы өз ойларын жазып, іледі.

 

Формативті бағалау,өзін-өзі бағалау.

Үйге тапсырма : әр жыл мезгілдерінде болатын мерекелерді тауып, жазып келу