Көкөністер. Жеміс-жидектер.

71

11.Сабақтың тақырыбы: Көкөністер. Жеміс-жидектер.

Сабақтың мақсаты: 1. Көкөніс,жеміс-жидектермен таныстыра отырып, қайда           өсетіндігі, пайдасы туралы   түсіндіру. 2. Тазалыққа үйрету , салауаттылыққа баулу

  1. Дәрумендер осы жемісте екенін жете білу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І .Ұйымдастыру.1. Оқушыларды түгендеу   2.Зейінін сабаққа аудару.

ІІ .Өткен сабақты еске түсіру: -Үй жануарларының қандай түрлерін білесіңдер- Малдың пірі не?-Үй жануарларының пайдасы қандай?

ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Көкөніс, жеміс-жидек туралы түсінік беру.ә)  Жемістер туралы оқушылардың білетінін анықтау.-Жемістер қайда өседі?-Сендер жемістерді білесіңдер ме?

-Алма, алмұрт, шие, жүзім, қарақат,алхоры т.б.

Ү. Жаңа білімді бекіту:-Балалар, қане кім әңгімелеп береді?-Сендердің бақта қандай жемістер өседі?-Жемістерді қысқа қалай сақтайды?-Одан біз қандай пайдалы жағын қажетімізге жаратамыз?-Көкөністер қайда өседі?-Көкөністерді ата?д) Дәптермен жұмыс

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Бүгін біз сендермен көкөністер, жеміс-жидектер туралы білдік?   Дидактикалық ойын: «Таптым, таптым.» ..лм…,  …р…к,