Тұрақты тіркестің ерекшелігі

250

Сабақтың тақырыбы:      Тұрақты тіркестің ерекшелігі  (5- сынып)

Мақсаты:                             Тұрақты сөз тіркестерінің өзіндік ерекшелігін таныту

Міндеттері

Қазақ тіліндегі сөз байлығының бір саласы тұрақты тіркестердің өзіндік ерекшелігін таныту.

 

Білімділігі                 Күнделікті тілде жиі қолданылатын еркін тіркестерден айырмашалаған меңгерту арқылы тілдегі сөз қолданыстарының өзіндік ерекшелігін үйрету.

Дамытушылығы    Түрлі шығармашылық тапсырмалар беріп, оқушылардың логикалық ойлауын, яғни тұрақты тіркесті тани білуге үйрету.

Тәрбиелілігі              Ата –бабадан қалған ана тілдің құдіретін танып асыл мұрамыздың сөйлеу тілінде қолданып, сөз мағынасын ұға білуге тәрбиелеу.

Әдісі:                                     Түсіндірмелі

Типі:                                     Білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі     Оқушылар тақтаның алдында шеңбер құрып тұрады. Оқушылардың сабаққа қатысымы тексеріледі.  Қандай күн екені сұралып, ана тілдің қуатын дарытатын қазақ тілінің кезекті сабағы басталатындығы  хабарлананып айтылады да өткен сабаққа байланысты әр оқушының қолына тұрақты тіркестің бір сыңары беріледі. Содан соң оқушылар қолдарындағы сөздерге сыңар болатын сөзді іздейді. Мысалы: «Бес» деген сөзі бар бала өзіне лайық сөзі бар баланың қасына тұрады «бес саусақ» болады. Үшінші «белгілі» деген сөзі бар бала келіп қосылады. Сонда «Бес саусақтай белгілі» деген тұрақты тіркесті құрайтын балалар бір топқа бірігеді. Сынып оқушылары осылайша үш топқа бөлінеді. Әр топ өздері құраған тұрақты тіркестің мағынасын ашады. Тұрақты тіркестерге байланысты сұрақтар қойылып, әр топқа тілек айтылады. Шашасына шаң жұқпайды – жүйрік. Ендеше балаларға  қазақтың шашасына шаң жұқпайтын білімді шәкірті болыңдар деген тіліек айтылады.. «Жүректің қалауы» — адамның таңдауы. Оқушыларға «Жүрегің қандай мамандықты қалайды?» деген сұрақ беру арқылы кәсіптік бағдар беріледі.

 ІІ. Үй жұмысын тексеру

  • Тұрақты сөз тіркесі
  • 116 -жаттығу

ІІІ. Жаңа сабаққа бет бұру кезеңі

Тақтаға екі сөйлем жазылады.          

Тұрақты тіркес                                                                                         Еркін тіркес

Көз байланғанша он үйдің алтауы                                «Соқыртеке »ойнағанда бір 

толып болды.                                                                   баланың  көзі орамалмен байланады.

  • Екі сөйлемде де кездесетін қандай сөздер?
  • Қай сөз тұрақты тіркес болады?
  • Қай сөздің орнын ауыстыруға болады?
  • Қай сөздің орны ауыспайды?

Осындай ауызша талдаулардан кейін, мынадай қорытынды жасалады.    

 

Тұрақты сөз тіркесі Еркін сөз тіркестері
Сөйлемде дайын күйде қолданылады Сөйлем құрау үстінде тіркеседі, ойдың берілуіне лайық өзгереді
Орны ауыспайды, құрамы өзгермейді Құрамындағы сөздер өзгереді.
Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір ғана сөйлем мүшесі болады Тіркес құрамындағы сөздер  түрлі сұраққа жауап беріп, сөйлемде ір түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқарады
Жеке сөзден  баламасы болады Жеке сөз жалпы мағынаны аңғартса, еркін сөз тіркесі нақты ұғымды аңғартады.

                       ІҮ. Дамыту кезеңі

119- жаттығу.  Кітап туралы мақал –мәтел, нақыл сөздер айту. Жаттығудағы пікірлерге оқушылар өзіндік пікірі білдіреді.  Берілген сөздердің  тұрақты тіркестер екенін  дәлелдеу керек. Берілген сөйлемнен тұрақты тіркесті тауып, мағынасын ашу.

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. Ол әңгімеге араласпай, аузын буған өгіздей тұрды да қойды. Ел аузына қақпақ болып көрші, бірақ ол қолыңнан келмейді. Жаңағы сөздерің төбемді көкке жеткізгендей болды. Бастапқы сөзден беті қайтып қалған үй иесі еш нәрсе де сұрай алмады. Екі ел тонның ішкі бауындай күй кешті.Қасқырды көргенде Жандостың жүрегі тас төбесінен шықты). Канал қазылады дегеннен, Сырбайдың қуанышы қойнына сыймады.  Мен қарттың терісіне сыймай отырғанын көрдім. Үшеуі қосылып алып, үйді басына көтерді.

Біздің халқымыз табиғатпен етене жақын. Сондықтан баласына қойылатын есімді де табиғаттан алып қойған. Сондықтан болар біздің тілімізде табиғаттың құбылысына  қарап та  жасалған тұрақты тіркестер бар екендігі айтылып әр топқа жылдың бір мезгілі беріліп, сол мезгілге қатысты тұрақты тіркестер жазуға тапсырма беріледі.

(Интербелсенді тақтадан жыл мезгілінің  суреттері көрсетіліп, тұрақты тіркестер  жасырылады.)

 

 

Қабағынан қар жауып, ақ қар, көк мұзда, суық көзбен қарады

 

 

 

Жылауық күздей, балапанды күзде сана, жүзі күңгірт тартты, түнере қалды

 

 

 

 

Көңілі көктемдей, май тоңғысыз, көгеріп көктеді, жапырағын жайды.

 

 

 

 

 

 

Аспан айналып жерге түскендей, жаны жаз, жағасы жайлау

 

 

 

 

Орыс тіліндегі тұрақты тіркестерді қазақ тіліндегі тұрақты тіркестермен сәйкестендір

  • Вешать нос 2) жаны мұрын ұшына келу
  • Душа в пятки ушла 4) төбе шашы тік тұру
  • Дела,как на ладони 5) бармағын тістеу
  • Волосы стали дибом 6) тыным таппай еңбек ету
  • Кусать себе палец 1) еңсесін түсіру
  • Работать не покладая рук 3) алақанға салғандай

 

Бекіту

               Тұрақты тіркестерге сурет салу

Ала жіпті аттамау, төбе шашы тік тұру, таяқ тастам жер

Қорытынды Тұрақты тіркестер біздің тіліміздегі ойшықты сөздердің тобы. Көркем бейнелі сөйлеуде үлкен қызмет атқарады. Әдебиет сабағында өткен түрлі тақырыпта кездесетін тұрақты тіркесті табайық.  ( курсивпен берілген оқушылардың жауаптары)

 

 

 

Р/н Тұрақты тіркес Мағынасы Қай шығармадан
1 Келінім ақылды екен, тілін бекерге алмаған екем Тыңдамаған екенмін «Ер Төстік»
2 -Е,шырағым, жасым сексенге келгенде, біреудің қанын жүктеп не қылайын Жазықсыз өліміне себеп болу «Аяз би»
3 Өз әкесінің айтқаны ойына түсіп, кірпігін ілмей жатады Ұйықтамайды «Ер Төстік»
4 Құралайды көзінен тигізген мерген болыпты Мерген «Керқұла атты Кендебай»
5 Кемпірдің алдағанын біліп, санын бір-ақ соғып тұра жөнелді Өкініп «Ер Төстік»
6 Қуса жетіп, қашса құтылатын аузымен құс тістеген өрен жүйрік Жүйрік «Керқұла атты Кендебай»
7 Атқа тіл бітеді Сөйлейді «Ер Төстік»
8 Көзді ашып жұмғанша ағып бара жатып салып кетеді Тез, жылдам «Керқұла атты Кендебай»
9 Бала түнде ұйқы, күндіз күлкі көре алмайтын болады Жаны тыншымайды Сырттандар
10 Біраздан соң нөкерлері одан мүлде көз жазып қалады Адасады Кет – Бұғаның естіртуі

 

                                    

Үйге   122 – жаттығу. Бір –біріне синоним, антоним болатын тұрақты тіркес табу