Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш

1320

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш

Сабақтың мақсаты:  Толықтауыш туралы түсініктерін кеңейту, түрлерін таныту; тұрлаулы мүшеден айырмашылығын ажырату, АКТ- ны тиімді пайдалану.

Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
3. 8-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы
4. Портал материалдары

Оқу нәтижесі:Толықтауышты ажырата алады.Толықтауыш сұрағын қоя біледі. АКТ-ны пайдаланады.

Негізгі идеялар:Тұрлаусыз мүше толықтауышты түсіну.

Сабақта қолданылатын материалдар: интерактивті тақта,флипчарт,оқулық.

Оқыту әдістері: Жаңа әдістер: сұрақ- жауап, диалог.

АКТ,
СТО 

Бағалау Жеке, жұптық, топтық жұмыс

Түртіп алу,екі жақты күнделік

Дерек көздері: 8 сынып оқулығы, интернет желісі,

Тапсырмалар:

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: 
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
(3 мин) 8.30-8.33 Мұғалімнің іс-әрекеті. Оқушының іс-әрекеті.
Топқа бөлу.

Қағазға тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер жазылған.Оқушылар сол бойынша топқа бөлініп  отырады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 5 мин )

  1. 33-8.38 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті. Екі топтың оқушылары бөлініп жаттығуды оқып шығады.

ІІІ. Жаңа тақырып (10 мин) 8.38-8.48 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Power Point таныстырылымы арқылы сабақты түсіндіру

Қызығушылықты ояту
(10 мин) 8.48-8.58 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Диалогқа түсу /сыныпқа сұрақ қою/

Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш дегенде ойларыңызға не келеді? (жеке, топта, жариялау)

Мағынаны ажырату. Топқа нұсқау беріледі.

І топ.1. Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдай отырып, толықтауыш қызметінде тұрған сөздің мағынасын анықтаңдар.

Құлыншақ Абайға қарай түсіп, үлкен сары шақшасын тырнағымен сыртылдата қағып отырып, бір кезде көк бұйра насыбайын танауына құшырлана тартып қойды.

  1. Толықтауыш қатынастағы сөз тіркестеріне талдау жасап, оларға тән белгілерді атаңдар. Қазіргі оқығаннан сіз ойлаған адамды таппадым.

 

ІІ топ. Морфологиялық талдау жасай отырып, толықтауыш қызметіндегі сөздер қай сөз табынан жасалатынын анықтаңдар. Жаман сыйлағанды білмес. Татулықта табыс мол. Жүз-жиырма беске бөлінеді.

  1. Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестеріне талдау жасап, толықтауышқа тән белгілерді анықтаңдар.

Өз мамандықтарың туралы батыл қиялдай беріңдер. Бұл мәселе жөнінде бес адам сөйледі. (жеке, топта, жариялау)

 

Power Point таныстырылымы арқылы көрсетіледі.

Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері мыналар:

  1. Толықтауыш атау жіне ілік септіктерден басқа септіктерде тұрып, затты нұсқайды. Кейде толық мағыналы сөзден кейін туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірі қосақталып тұрады.
  2. толықтауыш болатын сөз заттық мағынаны білдіреді. (көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі)
  3. сұраулары аталған септіктердің Кім? Не? түбірлес болады.
  4. Байланысу түрі –меңгеру, жанасу. (ереже шығартылады)

 

 

Толықтауыш тұратын септіктер және толықтауыштың түрлері Толықтауыштың сұрақтары
Тура толықтауыш

Табыс септігінде

Кімді? Нені?
Жанама толықтауыштар

Барыс септігінде

Жатыс септігінде

Шығыс септігінде

Көмектес септігінде

 

Кімге? Неге?

Кімде? Неде?

Кімнен? Неден?

Кіммен? Немен?

Жаттығу жұмыстарын орындатамын.

Екі топқа екі жаттығу беремін

І топқа 65- жаттығу.Берілген баяндауыш бойынша сұрақ орнына тиісті толықтауыш қойып, сөйлем құраңдар.

ІІ топқа 66-жаттығу. Берілген сөйлемдерден тура және жанама  толықтауыштарды тауып жазыңдар.

Оқушылар бағалау критерийлері бойынша бағаланады.Алдарыңа бағалау парақшалары беріледі әр тапсырманы  оқушылар критерий бойынша балл қойып отырады, сабақ соңында қорытындыланады.

Постер жасату.Тұрлаусыз мүше. Толықтауыш

Постерді құрып,топтан бір адам шығып қорғау

IV.Қорытындылау (5 мин) 8.58-9.05 Мұғалімнің іс-әрекеті. Оқушының іс-әрекеті.
Венн диаграммасы :

Тұрлаулы мүше мен тұрлаусыз мүше. Салыстырмалы түрде ұқсастықтары мен ерекшеліктерін жазу. Өзін-өзі критериалды бағалау.

  1. Үйге тапсырмасын беру (2 мин) 9.05-9.07 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

ереже 60 бет. 67-жаттығу. «Толықтауыштың өзіндік ерекшеліктері» тақырыбында шағын пікір жазыңдар.

  1. Бағалау (5 мин) 9.07-9.12 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
    Формативті бағалау
    /шапалақ ұру арқылы оқушыларды бағалау/ Өзін өзі бағалау

VII. Рефлексия
(3 мин ) 9.12-9.15 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Екі жақты күнделік жүргізу Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын екі жақты күнделік арқылы жеткізу

Бағалау критерийлері:

Үй тапсырмасы бойынша:

1.Үй тапсырмасын дұрыс орындаған, ережені жаттап алған- 5 балл

2.Үй тапсырмасының жартысы ғана дұрыс, ережені дұрыс жаттамаған- 4балл

3.Үй тапсырмасын мүлдем дұрыс орындамаған- 3балл.

 

Топтық жұмыс бойынша:

1.Сөйлемдерді талдай алады, толықтауышты анықтайды- 5балл

2.Сөйлемдерді дұрыс талдай алмайды,толықтауышты ажыратуда қиыншылықтар кездеседі- 4балл

3.Сөйлемдерді талдай алмайды, толықтауышты мұғалімнің көмегінсіз ажырата алмайды- 3 балл.

 

 

Жаттығу жұмыстары бойынша:

  1. Жаттығуды қатесіз орындай алды, берілген баяндауыш бойынша сұрақ орнына тиісті толықтауыш қойып, сөйлем құрады.Тура және жанама толықтауыштарды ажырата алды- 5балл
  2. Жаттығуды жартылай дұрыс орындады, сұрақ орнына толықтауыш қояды,бірақ сөйлем құрай алмайды.Тура және жанама толықтауыштарды шатастырады- 4балл
  3. Жаттығуды орындай алмады, сұрақ орнына толықтауыш қоя алмады, сөйлем құрай алмады. Тура және жанама толықтауыштарды ажырата алмады- 3балл

 

Постер қорғау жұмысы бойынша:

1.Тақырыпты аша алған-5балл

2.Тақырыпты кең көлемде аша алмаған- 4балл

3.Тақырыпты мөлдем аша алмаған- 3балл

 

Венн диаграммасы бойынша:

1.Тұрлаулы мүше мен тұрлаусыз мүшені ажырата алады- 5балл

2.Екеуінің ортақ және айырмашылықтарын ажыратуда аздап шатасады- 4балл

  1. тұрлаулы мен тұрлаусыз мүшені ажырата алмайды- 3балл