« Тіл талапкері» атты сыныптан тыс жұмыс

38

« Тіл талапкері» атты сыныптан  тыс  жұмыс

Мақсаты:  Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының өз еліне, туған жеріне, тіліне деген қүрмет сезімін қалыптастыру. Еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың   тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.

Жүргізуші:                           

Туған тілім –тірлігімнің  айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе  тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,-

демекші Тіл — өте  маңызды  құрал.Тіл болмаса ,адам өз ойын біреуге  жеткізе алмас еді.Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет- ғұрпытары дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі өте бай ,әрі көркем тілдердің бірі. ҚР-дың мемкеттік тілі қазақ  тілі.Мемлекеттік тілді меңгеру-ҚР-ның азаматының парызы.

Жүргізуші: — Қош келдіңіздер құрметті оқушылар мен ұстаздар! Қазір сіздердің алдыңызға                         «Тіл талапкері» атты интелектуалдық шоудың қатысушыларың шақырамыз.Қошемет етіңіздер!

(Қатысушылар өздерің таныстырады.)   Әділқазылармен танысу………

 

Жүргізуші:     Бүгінгі сайыс бес асудан тұрады.

1 тур Бәйге

   2 тур Полиглот

   3 тур Сөз құру

   4 тур Сөзжұмбақ шешу

   5 тур  Мақалды аяқта

   6 тур  Жорға

  7 тур   Оратор

1 тур  Бәйге   Ойында барлықтарыңа сәттілік тілей отырып , 1 тур Бәйгені бастаймыз. Бастамас бұрын ойынның шартын мұқият тыңданыздар.Бұл турда сұрақтар  оқылады, дұрыс деп есептеген жауаптың нұсқасын сигнал карточкаларымен көрсетесіздер. Әрбәр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Сұрақтар.

1 Күнпарақ дегеніміз не?

2 Бір жылда неше күн бар?

3  Бір айда қанша апта бар?

4 Бір тәулікте қанша сағат бар?

5 Бір сағатта неше минут бар?

6 Бір аптада қанша күн бар?

7 Бір ғасырда қанша жыл бар?

8 Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері қандай?

9 Көмектес септігінің сұрақтарын ата?

10 Ілік септігінің сұрақтарын ата?

11 Барыс септігінің сұрақтарын ата?

12   Қыста не жауады,не сөғады?

13  Қыс  айларын ата

14  «Подлежащее» деген не?

15  Сөйлем неден тұрады?

16  «Закон сингармонизма» сөзінің қазақша мағынасы қандай?

17  Қазақ тілінде неше септік?

18 Абайдың шын аты?

19  Қазақтың ұлы ақыны кім?

20  Батырлар туралы қандай жырлар бар?       Әділқазылар 1 тур бойынша багаларын айтады.

           Жүргізуші :  2 тур.   Полиглот     3 тілде жауабын айту

  • Қоңырау
  • Қар
  • карта
  • кітап
  • мектеп
  • -шаңғы — Мұз       -портфель         

                                                                   Әділқазылар 2  тур бойынша багаларын айтады.

 3 тур Сөздерді құру     Қарлығаш  деген бірнеше сөз құру.

Әділқазылар 3 тур бойынша багаларын айтады.

4 тур   Сөзжұмбақ  шешу  /крассворд/

Әділқазылар 4 тур бойынша багаларын айтады

5 тур  Мақалды аяқта

 Бұл турда ойыншылар кезекпен мақал-мәтел айтып жарысады.Кім-кім тоқтап қалса, келесі ойыншыға кезек келеді.Кім қанша мақал айтса, сонша ұпай алады.Әр жауап үшін 5 ұпайдан беріледі.

Әділқазылар 5 тур бойынша багаларын айтады.

6 тур   Жорға

Әділқазылар 6 тур бойынша багаларын айтады.

7 тур  Оратор   Берілген  тақырыптарға әңгіме құру.

         1.Менің отбасым
2.Менің досым
3.Менің мектебім
4.Менің  арманым

         5.Менің  Ақсуым!                    

Осы турды қорытындылау. Әділқазылар 6 тур бойынша багаларын айтады

Жүргізуші:   Өзге тілдің бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте – деп.бүгінгі Тіл талапкері атты интеллектуалды  шоу аяқталды. Жеңімпаз болан ойыншыларды құттықтаймыз.Биік белестерден көріне беріңіздер! Қош  сау  болыңыздар!