Лексикадан өткенді қайталау

34

Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:білімділік-лексика таруы бойынша өтілген тақырыптарды қайталау,алған

білімдерін еске түсіру,пысықтау,бекіту.

дамытушылық-шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы алған

мәліметтерді тереңдету,сөздік қорын байыту,өз ойларын еркін,мазмұнды

жеткізуге баулу,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік-ана тілін құрметтеуге,ұжымшылдыққа,сауатты сөйлеп,жаза білуге

тәрбиелеу.

Түрі:бекіту,аралас сабақ.

Әдісі:сұрақ жауап,топтық жұмыс.

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру

а)оқушыларды түгендеу

ә)назарларын сабаққа аудару

Қадірлі көрермендер,сіздер бүгін «Мектеп жаңалықтары» арнасынан  «Зерде» танымдық сағатын тамашалап отырсыздар.Назарларыңызға №1 орта мектебіндегі «Жауқазын» газетінің тілшісі Аружанның жас ғалымдармен сұхбатын ұсынамыз.

Тілші:-Сәлеметсіздерме,біздің студияға хош келдіңіздер және алғашқы сұрағымды қоюға рұқсат

етіңіздер.

Сұрақтар: 1.Тіл білімінің лексика саласы нені зерттейді?

2.Лексика деген термин біздің елімізге қай тілден енді?

3.Лексика деген ұғымды естігенде қандай сөздер естеріңе түседі?

Ал олай болса жас зерттеуші ғалымдар,алған білімдеріңді іс-жүзінде яғни тапсырма барысында дәлелдеп көрсете білсеңіздер қалай болар еді.

Мұғалім: «Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз»

Тақтадағы сандарға назар аударайық.

 Осы сандарға қатысты қандай халықтық ұғымдарды білесіңдер?

7   3   40

9   12   13

«7» жеті қазына,жеті күн,жеті жұт,жеті күн,жеті жоқ.

«3» Зарсыз 3 жұт.

«40» «Қызға қырық үйден тыю»

«9»   Тоғыз жолдың торабы

«12» Он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген.

«13» Отау иесі.

 «Кім жылдам?»

Синоним және антоним сөздерді сәйкестендіру.

I топ Синоним

Қайратты         ақылды

сабыр               қуатты

зәулім              шыдам

есті                    асқар

II топ Антоним

жақсылық        асау

дөңес                ертелі

жуас                  жамандық

кеш                    ойыс

  Сөздіктермен  жұмыс

Ақ , жер, қара,сабақ сөздерінің омонимдерін табыңдар?

Ақылдасу,ескеру, бала ,күдік сөздерінің синонимдерін табың,дар ?

Электронды  оқулықтан  үзінді  оқылады.

Үзінді  қай  әңгімеден  алынған?

Көп  мағыналы  сөздерді   тап

фонетикалық  ,  фонологиялық талдау

Сергіту сәті

Суретіне қарап сөзін тап

(Cуреттегі  нәрсеге  байланысы  тұрақты  сөз  тіркестерін  тауып  айту)

Журек                                                                                   Ит

Журегі дауаламайды                                             Ит өлген жер

Жүрегін жалғады                                                    Ит  арқасы қиянда

Журегінің  түбі  бар                                                  Ит тұлғасы өшпейді

Ауыз

Аузын  қу  шөппен  сүрту

Ауызға ілігу

Оқулықпен  жұмыс

138-жаттығу

Мәтіннен  сөздік  қорға   енетіндей  сөздерді  теріп  жазыңдар.

М; сиыр, тауық , азық -түлік, жауын- шашын .

«Бір адам- самал ,екі адам- амал, үш адам- жамал, төрт адам- қамал»

«Жұптасып сурет с алу»

Берілген  мақал- мәтелдерге сурет  салу (біреуіне ғана)

Салыстыру «Венн диаграммасы»

«Туған    жерге туың тік «

«Бақа- көлінде патша

Балық -суында патша

Жігіт- елінде патша  «

 

Берілген  сөздерді   бір —  бірінен ажырату.

Мысалдар Табу сөз Эвфемизм Дисфемизм
Кекілдім
Төре жігіт
Аяғының сылтымасы бар
Езбалдақ
Жінішке ауру
Қылтамақ жаман ауру
Сүмелек
Арайлым
Түзге шығу

 

Қорытынды

Лексика  үлкен ,тамыры  терең  бәйтерек  болса  жаңағы  айтылған   тілдік  тақырыптар осы бәйтеректің  бұтақтары. Алдағы уақытта бұл саланы  толығынан  зерттейміз.

Үйге тапсырма

Осы    өтілген   тақырыптар    бойынша  ребус ,  анаграмма   құрып  келу.

Бағалау

Тілші ; Міне  қадірлі  көрермендер « Мектеп жаналықтары» арнасының  түсірумен  Бестөбе кентінің   №1  орта мектебінің   5 «А» сыныбында  «Зерде» танымдық   сағаты өтті. Хабарға  жас  ғалымдар  қатысып,  лексика   туралы   біраз    мағлұмат   алған  тәріздіміз .Ендеше ғалымдарға алғысымызда  айта   отырып, біз     өздеріңізбен    қоштасамыз