Сабақтың тақырыбы: «Ойын сабақ».

35

Сабақтың тақырыбы: «Ойын сабақ».

Сабақтың мақсаты:

а ) модуль бойынша сөздерді бекіту

ә)  мектеп, кітапхана, асхана, сынып туралы өткен тақырыптарды қайталау.

б) білімге, мектепке деген қызығушылықтарын арттыру

Сабақтың түрі: ойын сабақ..

Сабақтың әдісі: сөйлесу, сұрақ- жауап, аударма, ойындар.

Сабақтың көрнекілігі: тақырып бойынша суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі:

  1. Амандасу
  • Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. (2 мин).
  1. Үй жұмысын сұрау.
  • Біз өткен сабақта қандай тақырып өтттік?
  • Кітапхана.
  • Сөздерді пайдаланып сөйлем құратқызу.

Негізгі кезең.

Балалар, біз бүгін жалпы Мектеп тақырыбынан бастап барлық өткен тақырыптарды ойын түрінде қайталап шығамыз. Алдымен екі топқа бөлінейік: бірінші топтың аты- Білгірлер, екінші топ- Зеректер болсын.

Екі топқа тапсырмалар беремін. Соларды орындаймыз. Кім көп ұпай жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

1 кезең.

Карточкадағы тапсырма.

Түсіп қалған әріпті тап. Топ мүшелері өзара ақылдасып, түскен әріптерді жазады.

Білгірлер тобының тапсырмасы:

 

Мынау – м…кт…..п. Мектеп     ….лкен және  әдем….. Мектепте асх….на, к…тапхана, с…нып бар. Б…л- менің мекте…ім.

 

 

Зеректер тобының тапсырмасы:

 

Мынау – с…нып. Сыныпта о…ушылар ж…р. сыныпта та…та, тере…е, …..стел бар. Сынып жар….қ және та….а.

 

2 кезең.

Сөздердің аудармасын тез айту, қай топ бірінші, дұрыс айтады, соған ұпай жазылады.

 

Школа, библиотека, столовая, класс,окно, дверь, вошел, доска, стол, стул, мел, учебные принадлежности, они, взял, дал, читал.этаж, пища, рядом, вышел, сели.

 

 

  • кезең. Сөзжұмбақ шешу.

Екі топқа сызылған сөзжұмбақ беріледі, қай топ, бірінші, дұрыс жазса, соған 10 ұпай, екінші топқа 5 ұпай жазылады.

 

 

 

  • кезең.

Сөйлем құрау. Өткен сөздерді пайдаланып сөйлем немесе сөз тіркестерін құраудан жарыс. Топтар өзара ақылдасып, сөйлем құрайды. Уақыт біткен соң, екі топтың оқушылары кезек-кезек сөйлемдерін айтады. Бір-бірін қайталамаулары тиіс.

 

 

  • кезең

 

  • Оқушыларға сұрақтар қою. Екі топқа кезек-кезек. 8 сұрақтан
  • Мектеп қандай?
  • Мектепте не бар?
  • Бұл кімнің мектебі?
  • Сен қайда барасың?
  • Сен нені аштың?
  • Сен нені жаптың?
  • Реттік сан есімдер, 1-10 дейін сана.
  • Сыныпта не бар?
  • Сынып қандай?
  • Оқу құралдарын ата.
  • Кітапханада не бар?
  • Кітапханадан не алдың?
  • Сен не оқыдың?
  • Асхана қай қабатта?
  • Асханада нелер бар?
  • Сен не жедің?

 

 

Ойын сабақты қорытындылау. Ұпай сандарын есептеу.

Оқушыларды бағалау.