«Қазақшаңыз қалай?» атты сайысы

74

«Қазақшаңыз қалай?» атты сайысы

1-жүргізуші:  Құрметті қонақтар , әріптестер!

бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысын   бастауға рұқсат беріңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз — басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауы.

2-жүргізуші: Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Осындай  мақсатпен біздің  мектебіміздің мұғалімдер арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымызды  бастаймыз.

  1-жүргізуші:  Осы сайысымызды бастамас бұрын қонақтардың арасынан әділ  қазылар алқасын сайлап алайық .Отырыңыздар ,жайғасыңыздар .

2-жүргізуші Сайысқа бес адамнан екі топ қатысады .Бүгінгі сайыс осындай кезеңдерден тұрады.

 

 

 

Сайыс кезеңдері:

  1. Таныстыру.
  2. Таныстыру.
  3. Кім жылдам ?
  4. Дода.

4.Сурет бойынша «Жыл мезгіліне»     әңгіме құрастыру

 5 . «Сөз мәйегі-мақал» сайысы                                                          

  1. «Адасқан сөздер»
  2. Әріптер сайысы.

   Қазақ тіліне тән әріптермен сөздерді  айту.

  1. «Өнерпаз болсаң…»-үй жұмысы

        2-жүргізуші   Ендеше ,бүгінгі сайысқа қатысушы екі топпен таныс   болайық .

       І кезең.      Өздерін таныстыру , (визитка)экранға назар аударыңдар.

Таныстыру.

І-топ. «Жасқыран»

Қалықтап көкте жас қыран,

Халықпыз сөзге тоқтаған.

Тілімен топты жаратын.

Тобымыз біздің — «Жасқыран»

      ІІ-топ. «Топжарған»

Шығарар намыс топты алдан,

Дуалы ауыз тілге арман.

Сайысқа келдік біліммен,

Тобымыз біздің — «Топжарған

          ІІ кезең.

  1-жүргізуші    «Кім жылдам?»( Қай топ жылдам сөздерді табады сол  топ 1-ші бастайды)

 

 

 

                                                                    ІІІ кезең

2-жүргізуші :«Дода»

Бұл кезеңде әр топқа 7 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға       дұрыс әрі   жылдам жауап беру керек.

                                   І топ: «Жасқыран

  1. Наурыз мейрамы қашан болады?
  2. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
  3. ҚР Мемлекеттік тілі?
  4. Бір жылда неше мезгіл бар?
  5. Наурызда пісірілетін басты тағам?
  6. ҚР-ң рәміздерін ата.
  7. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім?

                         ІІ топ: «Топжарған»

 

  1. Ұлттық киімдерге не жатады?
  2. Наурыз қандай мереке?
  3. Беташар қашан айтылады?
  4. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата.
  5. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
  6. Абай Құнанбайұлы кім?
  7. Көктем айларын ата.

                                                                         ІҮ кезең.

 

    1-жүргізуші:Әңгіме құрастыру .

Жыл  мезгілі бойынша әңгіме     құрастыру

      Жаз— «Жасқыран»  тобы

      Көктем— «Топжарған»  тобы

Музыкалық нөмір «Наурыз тойы»  6-сынып  қыздары  орындайды

                                                           Ү кезең.

   2-жүргізуші:«Сөз мәйегі-мақал»

Сайыскерлер тіл туралы мақалдар айтудан жарысады.

                                                  Мақал-мәтелдер-« Жасқыран» тобы

1.Тіл тас жарады, тас жармаса  бас жарады.

2.Піл көтермегенді- желмен тең.

3.Шебердің   қолы  ортақ, шешеннің сөзі ортақ.

4.Айтылған сөз, атылған оқпен тең.

5.Жақсы сөз жарым ырыс.

                    Мақал-мәтелдер—« Топжарған» тобы

1.Тіл қылыштан өткір.

2.Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.

3.Тілден артық қазына жоқ.

4.Жыланның  уы тісінде, адамның уы тілінді.

5.Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.

                                                                ҮI кезең

    1-жүргізуші:« Адасқан сөздер»

Конкурс “ Составь предложение из слов ” –« Жасқыран»тобы

Піседі, алма, амұрт,                                              Алма, алмұрт піседі.

Соғады, жел, суық,                                               Суық жел соғады.

Ұшып, кетеді, құстар,                                           Құстар ұшып кетеді.

Сарғаяды, жапырақ.                                             Жапырақ сарғаяды.

    Конкурс “ Составь предложение из слов ” –« Топжарған» тобы

Демалдым, таза ауамен, мен.                                Мен таза ауамен демалдым.

Жапырақтары, ағаш, жап – жасыл.                       Ағаш жапырақтары жап – жасыл.

Шықты, балалар,  тауға.                                           Балалар тауға шықты.

Жақсы, бүгін, ауа райы.                                             Бүгін ауа райы жақсы.

 

Музыкалық нөмір—«Жаса, Қазақстан» —    8-сынып оқушысы Анна Рожанская орындайды

ҮІІ кезең

2-жүргізуші:Әріптер сайысы»

«Қазақ тіліне тән дыбыстардан   сөздерді құрастырып  айту »

(Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол      әріптен басталатын сөздерді  айту. )

                                                                     ҮІІІ кезең.

         2-жүргізуші:  «Өнерпаз болсаң…» —      үй тапсырмасы 

Мұғалімдердің  дайындап келген өнеріне тоқталайық.

Мұғалімдер вокал тобы   « Қазақтың  дастарқаны » өлеңін орындайды.

«Қазақша би»- орындайтын 7-сынып оқушылары Аканова Камила,Жумабаева Аина

Сайыс қорытындасымен таныстыруға, келесі сөзді  әділ қазылар алқасына сөз береміз.

 

 

              Қорытынды:

жеңімпаз топты марапаттау