Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде

Сабақтың мақсаты:1Ойлау қабілетін арттыратын сұрақтарды пайдалану арқылы оқушылардың ойын дұрыс жеткізуге үйрету, білімдері мен біліктіліктерін толықтыру,коммуникативтік дағдыны қалыптастыру. Проблемалық сұрақтар қою арқылы тақырыпқа байланысты сөйлеу жағдаятын бекіту, оқушылардың туған елге ,жерге , тіліне деген сезімін , туған жердің қадірін білуге , ұлттық дәстүрлерді қадірлеуге үйрету.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, зерттеу, ой қозғау,рефлексия.

Сабақтың эпиграфы:

                                         

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. (Сыныпты 2 топқа бөлу)

Жаңа сабаққа кіріспе:

Эпиграф бойынша ой қозғау:

-Эпиграфты қалай түсінесіңдер?

-Қазақ тілін жақсы меңгеру, білу үшін не істеу керек?

-Мемлекеттік тілді білу өз міндетің деп ойлайсың ба?

-Тіл туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

-Қазақ тілінің ертеңгі жағдайы қандай болады деп ойлайсыңдар?

Үй тапсырмасын тексеру.

 

 

Жаңа сөздермен жұмыс:

 

 

  1. Жаңа сөздермен сөйлем немесе сөз тіркестерін құру
  2. Сөйлемді талдау

3.Сөзге фонологиялық талдау жасау

  1. Жаңа сөздерді тақырыппен байланыстырып сөйлемдерді құру.

 

Биыл қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың 115жылдық мерейтойы,сондықтан

бүгін сабақта жазушының мәтінін қолданамыз.

М.Әуезов. «Қазақ тілін үйренейік»

 

      … Жақсы инженер, жақсы геолог,жақсы биолог болуға ұмтылу жолында туған жері Қазақстанды жетік білулері керек.

Қазақстанның  экономикасын,даму тарихын,мәдениетінің тарихын білу орыс жігіттері мен қыздары үшін де парыз.Парыз ғана емес,әбден қажетті нәрсе

           Тағы бір айтарым мынау:егер сендер өздерің жүрген ортада,өздерің  тұратын қалада,өз республикаңда ,мысалы ,біздің Қазақстанда жасалған мәдени байланыстарға қызықпайтын болсаңдар, ол-кешірілмейтін кінә.

  Сондықтан..

( оқушылар өз ойларын журналдағы суреттерді пайдаланып ватманға жабыстырып   көрсетеді)

Оқушылар өз ойларын айтқан соң,М.Әуезовтың сөзін интерактивті тақтадан оқиды.Салыстырады.

  Сондықтан мәдениет үстіне мәдениет,білім үстіне білім жалғай түскілерің келсе, ең бастысы достығымызды әрі тереңдете бергілерің келсе , сендер қазақ тілін білуге , Қазақстан тарихын білуге тиістісіңдер.Қазір нақ осыған ұмтылатын шақтарың.

Келесі кезең:

Берілген сөйлемдермен келісесіңдер ме? Келіспейсіңдер ме?Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

 

.

Сабақты  қорытындылау:

-Бүгін сабақта не туралы сөз қозғалды?

-Қазақ тілдің дамуына қандай жағдайлар жасалу керек деп ойлайсыңдар?

-Сабақтың эпиграфымен байланыстырып ,қазақ тілінің ертеңгі жағдайы қалай болады деп

ойлайсыңдар?Ертеңгі күніңді қазақ тілімен қалай байланыстырасыңдар?

Қазақстан біздің үйіміз. Бір шаңырақтың астында 130 жуық ұлт өкілдері тату өмір сүріп жатыр. Ұлттардың тұтастығы- мемлекеттік тілдің болашағында,қазақ тілін жетік білу-біздің парызымыз!

Бағалау.

Үй тапсырма.