А дыбысы және әрпі

57
  1. Сабақтың тақырыбы: А дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1.А дыбысы және әрпімен таныстыру.А әрпі барлық          буындарда жазылатынын түсіндіру. 2.   Ұқыптылыққа баулу. 3.   Танымдылық қабілетін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі:  А әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, А-таныстыру.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:  а) Сурет бойынша әңгіме.   ә) А  дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, а дыбысын дұрыс  айтуға үйрету. б) А дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.(баспа және жазба түрі).А— бас әрпі, а-кіші әрпі. в) Хормен дыбыстап айту. г) Алма, алмұрт. Анар сөзін буынға бөлгізу. ғ) Осы сөздерді айта отырып, а дыбысының сөздің қай жерінде естіліп тұрғанын аңғарту.

ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру. -Балалар, А дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде келеді? Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс.

А- ның бас әрпі.                  1. Ауада жазып үйрену.

А- ның кіші әрпі.                2. Дәптерге жазу.

Ү. Білімді бекіту:

А- дауысты дыбыс. А-әрпі сөздің барлық буынында жазылады.

Оқушы туралы өлең жаттау

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

ҮІ .Сабақты қорытындылау:А әрпі және дыбысымен таныстық.