Тт дыбысы және әрпімен таныстыра отырып,білімдерін қалыптастыру

  1. Сабақтың тақырыбы: Тт дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:  1.Тт дыбысы және әрпімен таныстыра отырып,білімдерін қалыптастыру.2.  Зерек, байқағыш, алғырлыққа баулу 3. Ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Т тәрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, Тт -тану.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ .Жаңа білімді меңгерту:а) Сурет бойынша әңгіме.- Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?-Тау, тауық, таға, торсық, тарақ.-Қане,осы сөздердің бірінші дыбысын байқайық.-Қандай дыбыс естіліп тұр? -Хормен айтып көрелік.-Қандай дыбыс? -Дауыссыз дыбыс.-Оны қайдан білдіңдер? -Созылмайды?-Т дыбысының тағы да қандай ерекшілігі бар? -Т қатаң дыбыс? ә) Тт- дыбысының баспа,,жазба әріп таңбасымен таныстыру.Сергіту сәтін өткізу.  б) Сөздерді буынға бөлгізу. Та-уық, а-та, та-ға, тор-сық, та-рақ. Ата сөзіне дыбыстық талдау жасау.Ата деген сөзде неше буын бар? -Екі буын бар.Екінші буынды атаңдар? -та (3 рет оқу) Та буынының алдына а-ны қосып оқыңдар? -Ата

ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.-Балалар,  Т дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде келеді? Дәптермен жұмыс.

А- ның бас әрпі.                  1 Ауада жазып үйрену.

А- ның кіші әрпі.                2 Дәптерге жазу.

Ү. Білімді бекіту:    — Балалар,Тт  әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында жазылады. -дыбысына қатысты бірнеше сөз ойлайық.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Тт әрпі ж/е дыбысымен таныстық