Кірме сөздер. Көнерген сөздер. Жаңа сөздер. Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел.

754

 

Сабақтың тақырыбы:           Кірме сөздер. Көнерген сөздер. Жаңа сөздер.
Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел.

 

Сабақтың мақсаты:

 

  1. Лексика саласынан алған білімдерін тереңдету. Қолданылу аясы шектеулі сөздер жайлы түсінік.
  2. Сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
  3. Студенттердің шығармашылық шеберлігін, дағды-машығын, таным белсенділігін арттыру.

Сабақ түрі :       Аралас сабақ

Сабақ әдісі:      СТО технологиясының стратегиялары, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың формасы:      Топпен, жеке оқушымен

Сабақтың көрнекілігі:   Слайд, тапсырмалар

Пәнаралық байланыс:  Музыка, бейнелеу өнері, әдебиет.

 

Сабақтың барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру

 

«Зерделеу» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын тексеру (сұрақ — жауап)

 

1.Лексика сөзі қай тілден енген сөз?
2.Қандай мағына береді?
3.Лексика нені зерттейді?
4.Жалпы қолданыстағы сөздерді атаңдар.
5.Қолданылу аясы шектеулі сөздерге қандай сөздер жатады?
6. Қанатты сөздердің түрлерін атаңдар.
7.Сөздің лексикалық мағыналарын атаңдар.

 

Сабағымыздың  дәйексөзі:
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

(Абай)

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кірме сөз — ана тілімізге шет тілінен енген сөз. Кірме сөздердің көпшілігінде буын үндестігі сақталмай , дауысты дыбыстары жуан-жіңішке болып араласып келе береді.
Кірме сөздер – тілдің сөздік құрамын байытатын тәсілдердің бірі.

Араб-парсы тілінен:

Отан, қалам, кітап, ғылым, мұғалім, мектеп, дәптер, заман, әдебиет…

Монғол тілінен:

нөкер, аймақ, темір, жорға, т.б.

Орыс тілінен:

парта, кино, цирк, жәшік, кереует, сіріңке, шәйнек, үтік, доға, т.б.

 

Білімді жан-жақты тексеру.
(Студенттерге тапсырма таратылады)

1-тапсырма.  Үзіндіден   мәтелді табыңдар.

Барын жоқ деп құрынған,

Жұлдызды жатқа санасақ.

Қисап етіп  қарасақ.

«Мың асқанға бір тосқан»

Бар емес пе еді бұрыннан.

 

2-тапсырма.Қазақ тіліне  енген төмендегі сөздердің орыс тіліндегі баламасын атаңдар.

Самаурын, жәшік, кәрзеңке, кереует, сөмке, тәрелке, стақан, шәйнек.

 

3-тапсырма. Мына үзіндіден көнерген  сөзді  тауып, көнерген сөздің  қай түріне жататанын айтыңдар.

Айтулы  ерлер  бар  екен,

Жүйріктері  баптаулы.

Найзалары  саптаулы.

Дұшпанға атар жебесі,

Қорамсақпен  қаптаулы.

 

4-тапсырма. Үзіндіден кірме сөзді табыңдар.

Дастарқан жайып құрметтеп,

Төкті  түрлі жемісті.

Жез самаурын қайнаулы,

Союға бағлан байлаулы.

 

5-тапсырма. “Сөздер сөйлейді” стратегиясы.

Сөздердің мағынасын ашыңдар.

Лексика, архаизм, историзм, неологизм, мақал, мәтел, ертегі, жаңылтпаш, жұмбақ.

 

6-тапсырма.  Сөздердің  баламасын табыңдар.

Таможня

Самолет

Реклама

Станция

Пенсия

Парк

Архитектура

Процент

Адрес

…Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі, жыр –

                                                 Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр.
І.Жансүгіров

Мақал

Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады. Ой нақты айтылады. Ақыл-кеңес,үлгі-өнеге түрінде айтылады.

Мәтел

Көбіне бір бөлімді болады. Ой ишара, тұспал түрінде айтылады. Көбіне эмоциялық мағына басым болады

Жұмбақтар адамның ақыл- ойын дамытады, байқағыштық пен тапқырлыққа үйретеді.

 

Шығармашылық жұмыстар .

 

І. Қандай жұмбақ болса да,
шешпей оны қоймайық!

 

  1. Қырық екі жауынгер,

Сапын түзеп тұрады.

Бүлдіршіндер — қауымды ел,

Сырын терең ұғады.

 

  1. Қабат -қабат қаттама,
    Ақылың болса аттама

 

  1. Денесі бар, басы бар,
    Үш көзінде жалын от.
    Кезектесіп ашылар,
    Кезектесіп жұмылар.

 

ІІ. Жаңылтпаш туралы жаңылтпаш

Танымдық та,

Тағылымдық та мәні бар,

Одан –

Ұтсаң ұтқырылық та табылар.

Өзге сөзге лезде өзгеріп кетеді,

Болсаң егер

Жаңылысар, жаңылар.

Зеректерді зеріктірмес, жаңылтпас,

Зеректер де жаттауға оны жалықпас.

Қызықтырар, тұтықтырар тіліңді,

“Бұл не?” десең,

Бұл – кәдімгі жаңылтпаш.

 

Ертегі – халық өмірін суреттейтін фантастикалық оқиғаларға құрылған көркем шығарма.

 

ІІІ.  Сюжетті суретке қарап, сурет мазмұнына лайық шағын ертегі құрастыру.                 

 Тірек сөздер: сәукеле, қорамсақ, сауыт, дулыға

 

Ерте, ерте, ертеде,
ешкі құйрығы келтеде…

 

Сабақты қорытындылау.  Кестені толтыру.

                   

                Білемін                         Үйрендім                        Білгім келеді?

 

   Бағалау:

Сұраймын, жауап бер.

Ойла, ойлан, ойландыр.

Шығармашылық жұмыс

 

Үйге тапсырма:

  • Құрамында архаизм, историзм, неологизм, кірме сөздер кездесетін мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар жазу, жаттау.
  • Көркем әдебиеттерден құрамында көнерген сөздер, жаңа сөздер, кірме сөздер кездесетін үш сөйлем жазу.