Қос сөздер. Қайталама қос сөздер»

164

Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық:  «Қос сөздер. Қайталама қос                    сөздер» 

Лексикалық: «Қазақтың ұлттық ойындары»    

ІІ. Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: оқушыларға қос сөздер, оның ішіндегі қайталама қос сөздердің  жасалу жолдары мен ерекшеліктерін жетік меңгерту,қазақтың ұлттық ойын түрлерімен таныстыру

 

Дамытушылық: оқушылардың күрделі сөздер туралы алған білімдерін , есте сақтау, көру жадыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ізденушілік, шапшаң ойлаушылық  қабілеттерін арттыру.

 

Тәрбиелік:  оқушыларды сыйластыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге,Ұлттық нышандарды дәріптеуге тәрбиелеу, бірін-бірі бағалай білуге үйрету..

 

ІІІ Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, бәйтерек, қима қағаздар, ақтық.

ІҮ Сабақтың түрі: ойын сабақ, жаңа сабақты меңгерту

Ү Сабақтың әдістері: деңгейлеп оқыту, семантикалық картамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, шығармашылықпен айналысу.

ҮІ Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру: оқушыларды түгендеу, сабақтың өту барысымен таныстыру. Топ басшыларының ізгі ниеттерін айтқызу.
  2. Үй тапсырмасы: «Аударыспақ» ойыны

1.Дара сөз, күрделі сөз деген не?

2.Сөздер құрамы жағынан нешеге бөлінеді?

3.Күрделі сөздерді ата.

4.Біріккен сөздер деген не?

5.Кіріккен сөз дегеніміз не?

6.Аң – құс,  жәндік,  өсімдік атауларына мысалдар келтір:

7.Географиялық атауларға мысалдар келтір.

  1. Кісі аттарына мысалдар келтір.

9.Дене мүшелері атауларына мысалдар келтір.

  1. Ойын атауларына мысалдар келтір.

11.Ән-күй, өлең аттарына мысалдар келтір.

  1. Мезгіл атауларына мысал келтір.

13.Қоғамдық өмірге тұрмысқа байланысты атаулар.

14.Белгісіздік, болымсыздық мәндегі атаулар

 

 

2.Үй тапсырмасын қорытындылау: «Ақсүйек» ойыны. Семантикалық карта:

Мысалдар Қысқарған сөз Біріккен сөз Қос сөз Тіркескен сөз
1 Бүгін +
2 БҰҰ +
3 Қара көк +
4 Әке-шеше +

 

3.Жаңа сабақ: «Асық» ойыны:

Ережені оқытып, тақтада түсіндірту

Сөздердің қосарланып немесе қайталанып

айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер деп аталады.

Қос сөздің түрлерін түсіндірту:

 

Қос сөз

Қайталама қос сөз
Қосалама қос сөз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздердің қосарланып немесе қайталанып

айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер деп аталады.

Жасалу жолдары:

Көре – көре көсем боласың,

Сөйлей – сөйлей шешен боласың

1.Түбірдің түгелдей қайталануы арқылы жасалады.

 

 Анасы мен баласы жүзбе-жүз көрісті

2.Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары

қосымшасыз бір түбірдің қайталануы

 

Барар –бармасымды Құртқа біледі.

3.Бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып

қайталануы арқылы жасалады.

 

 

Апасы үйге ет-мет, шай-пай сияқты  азықтарды ала келіпті.

4.Екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу

 мәнінде жұмсалуы арқылы жасалады.

 

Түнге қарай ауа райы бұзыла бастады, артынша найзағай жарқ-жұрқ етіп

Үрейді ұшырды.

5.Еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық

 өзгерістерге ұшырап жасалуы.

 

 Алма бағында қып-қызыл алмалар үлбіреп пісіп тұр.

6.Түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылуы

 

  1. Жаттығу жұмыстарын орындау: «Алтыбақан» ойыны

88-жаттығу

Берілген сөздерден сөйлем құрап, қос сөздердің қалай жасалғанын айт.

Дүркін-дүркін, қолма-қол, көзбе-көз, жалт-жұлт, өзінен-өзі,  қараптан-қарап, жымың-жымың, қараң-қараң, мөлт-мөлт, тарс-тарс.

Айтыс

89-жаттығу

Суретке қарап, әңгіме құра

 

«Тақия тастамақ» ойыны:

Бір оқушы қос сөздің бір сыңарын айтады, екіншісі жалғасын тауып, қалай жасалғанын айту керек.

 

«Соқыртеке» тақтадан көрген сөздерді қайталап айту:

Алыс-жақын, үп- үлкен, түйе-мүйе, аузы-аузына, ат-мат, алпамсадай-алпамсадай, Екібастұз, Катонқарағай, сары май, имек-имек,  барар-бармасымды,үйдей-үйдей, ата-ана.

 

«Палуандар күресі» деңгейлік тапсырмаларды орындау:

Қызыл- сөйлем мүшесіне талдау

Сары-  дыбыстық талдау жасау

Көк- түбір мен қосымшасын ажырату

ҮІІ Жаңа сабақты қорытындылау: «Саялы бәйтерек аясында»

Қос сөз дегеніміз не?

Қос сөздер нешеге бөлінеді

Қайталама қос сөз деген не?

«Тау-тау»  қалай жасалған?

«жүзбе-жүз» қалай жасалған?

«Орынды –орынсыз» қалай жасалған?

«Ет-мет» қалай жасалған?

«Жалт-жұлт» қалай жасалған?

«Қып-қызыл» қалай жасалған?

Біріккен сөз дегеніміз не?

Елтаңбаның авторы кім?

Тудың авторы кім?

Әнұранның авторлары кімдер?

ІХ Үй тапсырмасы: жасалу жолдарын жаттау, 91- жаттығу

Х Бағалау: