Н дыбысы және әрпін түсіндіру

47
  1. Сабақтың тақырыбы: Н дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Н дыбысы және әрпін түсіндіру. Н әрпін дұрыс жазуға  үйрету.

  1. Еңбек ету дағдысын қалыптастыру. 3. Ой-өрісін дамыту, сөздін қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру: Естеріне түсіру, хормен оқыту,жеке –жеке оқыту

ІҮ. Жаңа сабақ.а) Түсіндіру. ә)  Суретер көрсету арқылы н дыбысына қатысты сөздерді атау.б) Сурет бойынша сөйлем құрату. в) Н дыбысына қатысты сөз ойлау, буынға бөлгізу.

Сергіту сәтін өткізу. Хормен оқыту.П П п  На,па та ана,апа,ата  а а а  нан Жеке-жеке оқыту.

Ү. білімді бекіту, тиянақтау. Та па на қандай буын? Өткен әріптерге қатысты сөздерді тақтаға жазғызу. (Кеспе әріп)г) Дәптермен жұмыс. Н әрпіне берілгенді дәптеріне жазғызу. Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?