Қос сөздер

Тақырыбы: Қос сөздер

Мақсаты: Қос сөз туралы түсінік беру, жасалу жолдарын меңгерту.

Сөз қоры, тіл байлықтарын дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,

сауатты жазу машығын арттыру.

Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: ойын, сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазу, сұрақ-жауап .

Көрнекілік: оқулық, интерактивті тақта.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушыларға, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйла.
  2. Оқу құралдарыңды түгенде.

Тәуелсізідіктің  20 жылдығына 20 жұлдызды күн шарасы жүріп жатыр. 20 күн бойы 20 түрлі игі іс шаралар ұйымдастыру. Бүгінгі күн сол жұлдызды күннің он тоғызыншы күні- Мемлекеттік тіл күні. Біздің бүгінгі сабағымызда соған арналады. Әр тапсырмамыз жұлдызды күнге қосқан үлесіміз болмақ.

*ІІ. Үй тапсырмасын тексер. (флипчарт)

Жаттығудағы теріп  жазған  сөздерді  көрсет, бірікен сөздер екенін дәлелде (біріккен сөздер, себебі  екі түбірден құралған)

ІІІ.  Жаңа сабаққа дайындық.

*Сөзжұмбақ шешу.  (флипчарт)

 

Ана тілі сабағында оқылған шығармалар авторларын еске түсірейік.

Жазушы, ақындардың тегі аталады, есімін сендер атайсыңдар. Қалай естеріңде қалғанын көрелік.

Аманжолов Қасым, Уалиханов Шоқан, Жүнісов Сәкен,  Мұратбеков Сайын, Тұманжанов Өтебай, Оңғарсынова Фариза. (Қос сөз) Жасырын сөзді тап.

Сабақтың мақсаты айтылады.

*ІV. Таза жазу.  (флипчарт)

 

Тт Тт  Тт Тт  Тт  Тт

тұғыр  тәуелсіз Теміртау (түсініктеме беру екі мағынасы бар, қолға үйретілген саяқ құс қонатын биік ағаш, ауыспалы мағынасы бір нәрсенің астына қойылған тіреу, сүйеніш.)

Мемлекеттік тіл- тәуелсіздік тұғыры. ( Тәуелсіздік мемлекеттік тілді өз биігіне көтеріп, тірек ,сүйеніш болады деген мағына)

 

*V. Жаңа сабақ.  (флипчарт)

 

  1. Қора-қора қой жатыр,

Қарын-қарын май жатыр,

Түйе-түйе жүн жатыр,

Ауыл-ауыл ел жатыр.

( қос сөздерді ата, олардың бір сыңарын алып тастаса қандай мағына береді?)

  1. Оқулықтағы ережемен жұмыс.

*3. Алғашқы бекіту.

Жатқа жазу ( оқулық тапсырмасы) Тексеру оқушылар өзара тексереді. (флипчарт)

 

*VІ. Сергіту сәті . (флипчарт)

1-2-3 бойға жинап күш

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

1-2-3 бойға жинап күш

Оңға  қарай бір адым, тіземізді бүгеміз

Солға қарай бір адым,тіземізді бүгеміз

Созылайық, керіліп,

Оңға — солға бұрайық.

Кімдер тұрса ерініп,

Тоқпақтайық, ұрайық!

 

* VІІ. Оқулықпен жұмыс 51 жаттығу. Нұсқау бойынша орындау. Қос сөздердің жасалу жолдары бойынша  интерактив тақтасында қою. Қалаған сөздерімен сөйлем құратамын. Сөйлем мүшесіне талда.  (флипчарт)

 

 

* VІІІ. 53 жаттығу. Нұсқау бойынша орындау. Жеке оқушылар шешуімен сипаттау мәтінін құрайды. Қалған оқушылармен жұмбақтың шешуіне дыбыстық талдау жасау.

*ІХ. Сөз жасау Естіген дыбыстарына байланысты сөз. Мысалға құстың дыбысы: шиқ-шиқ, сағаттың жүрісі тық-тық, сағаттың шырылы шыр-шыр.  (флипчарт)

 

*Х. Қорытынды. . (флипчарт)

Жұмбақ шешу. Төрт көзді батыр,

Жолды аңдып жатыр. (бағдаршам)

 

Ас үйден табылады,

Керегіңе жарап

Байқамасаң шағылыды. (ыдыс-аяқ)

 

 

Венн диограммасы

 

 

Екеуі де күрделі сөз

 

 

 

*Үйге тапсырма 52 жаттығу. Жекеленген тапсырма құрамында  қос сөзі бар жұмбақтар жазу.

 

*Бағалау